Бұрма — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Бұрма ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Бұғылы тауының етегiнде, аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстiк-батысқа қарай 64 км-дей жерде, темiр жол бойында орналасқан.
Тарихы
Іргесі 1957 жылы қаланған. Округ аумағында өткен ғасырдың 1940-57 жылдары аралығында «Карлаг»-тың бөлімшелері орналасты. 1957-90 жылдары Бұрма кеңшарының және ауылдық кеңестiң орталығы болды. Шаруашылығының мамандандырылған негiзгi бағыттары – көкөнiс өсiру, қосымша саласы – сүттi iрi қара өсiру. Жерiнiң жалпы аумағы 124 мың га. Кеңшар негiзiнде 57 шаруа қожалығы құрылған (2006).
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
1241 |
▼1218 |
▼894 |
73,4 |
618 |
▼452 |
73,1 |
600 |
▼442 |
73,7
|
Инфрақұрылымы
Округтің елді мекендерінде (Бұрма, Мұхтар ауылдары ) 2 мектеп, отбасылық дәрігерлік амбулатория, ФАП, клуб, кiтапхана бар. Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Сәкен Сейфуллин темір жол бекеті 12 км жерде.[3]
Дереккөздер