Қанат Сергейұлы Мусин (27 ақпан 1966, Целиноград) — мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасының Әділет Министрі.
Өмірбаян
1966 жылғы 27 ақпанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі.
- 1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы.
- 1986-1989 жылдары "Целиноградоблгазтоп" өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты.
- 1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары.
- 1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.
- 2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары.
- 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.
- 2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары.
- 2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы.
- 2016 жылдың наурызынан бастап алтыншы сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
- 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты-Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
- 11 қаңтар 2022 жыл — 30 желтоқсан 2022 жыл[1]— Қазақстан Республикасының Әділет Министрі.
- 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Конституциялық сотының судьясы
Отбасы
Дереккөздер