Белгісіз жылдары Маржықпаев Ақмола бокс федерациясының вице-президенті болған.[1] Ермек Маржықпаевтың бокстанспорт шебері атағы бар.[4]
Мансабы
Ермек Маржықпаев өз мансабын 1991–1993 жылдары Целиноград қаласындағы мектептерде бокстан жаттықтырушы болып бастаған.[1] Өзге дереккөздерде оның Ақмола облысындағыБурабай кентінің орта мектебінде оқытқаны айтылған.[5] 1992–1995 жылдары ол оған қоса «Шонай» шағын кәсіпкерорнының директоры болған. 1995 жылдан 2008 жылға дейін Маржықпаев «Береке-Бурабай» ЖШС-нің бас директоры болды.
Саяси мансабын Маржықпаев 2007–2009 жылдары аралығында Ақмола облыстық мәслихаты 4-шақырылымының депутаты ретінде бастады. 2008 жылы ол Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалды, бұл қызметін ол 2012 жылға дейін жалғастырды. Бұдан кейін, 2013 жылға дейін ол Зеренді ауданының әкімі болды.[1]
2013–2014 жылдары Маржықпаев Ақмола облысының әкіміҚосман Айтмұхаметовтың құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары мәселелері бойынша[1] орынбасары болып жұмыс істеген. 2015 жылы ол Көкшетау қаласының 14-әкімі болып тағайындалды, бұл қызметін ол 2019 жылы аяқтады.
2022 жылғы сәуірде орын алған және Маржықпаев қатысқан Аманат партиясы Ақмола облыстық филиалының отырысында партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған уәделердің 96% орындалғаны белгілі болды. Маржықпаев бұл нәтиженің тағы өсуін қолдады.[7]
2024 жылғы 31 тамызда Тоқаев жарлығы бойынша Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан айырылды.[11]
Премьер-Министр кеңесшісі
2024 жылы 23 қыркүйекте Премьер-Министрдің өкімімен Ермек Маржықпаев Премьер-Министр кеңесшісі болып тағайындалды.[2]
Сын
«Тролльдермен» күресі
Ақмола облысының әкімі болған Маржықпаевтың «тролльдермен күрес» үшін 10 миллион теңге бөлгені белгілі. Бұл жайлы баяндаған ProTenge баспасының оқырмандары оны осы ұсынысы үшін «салық төлеушілерінің ақшасын ең мәнсіз жұмасаған» шенеунік деп те атады. Тролльдер қатарына бұрынғы әкім өзі жайлы жағымсыз сөз жазған азаматтарды да қосып алғандай көрінді.[12]
Өз өмірі
2023 жылғы ақпанда әуесқой журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында Маржықпаев өзінің отбасында 5 аға-іні және 3 әпке-қарындасының бар екенін айтып кеткен. Сол сұхбатта Маржықпаевтың Құрманова тегі бар әйелінің агро-бизнесі бар екені белгілі болды.[13] Ермек Маржықпаев пен әйелі Құрманованың екі қызы бар.[1]
↑[https//www.akorda.kz/kz/memleket-basshysynyn-zharlygymen-ermek-boranbayuly-marzhykpaev-kazakstan-respublikasynyn-turizm-zhane-sport-ministri-lauazymynan-bosatyldy-3174550 Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды] (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты (31 тамыз 2024). Тексерілді, 31 тамыз 2024.