Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов (31 наурыз 1967 жыл, Жамбыл облысы) — қазақстандық саяси қайраткер, экономист, 2023 жылғы қыркүйектен Су ресурстары және ирригация министрі, 2022–2023 жылдары Жамбыл облысының әкімі.[1]
Жастық шағы және білімі
Нұржан Нұржігітов 1967 жылғы 31 наурызда,[1] Жамбыл облысында[3] дүниеге келген.
Нұржігітов — техника ғылымдарының кандидаты және Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.[2]
Мансабы
Еңбек жолын Нұржігітов 1988 жылы, Ленинград ауылшаруашылық институтында техник, комендант болып бастаған.[3] 1991 жылы ол Жуалы ауданында, Максим Горький атындағы колхозында механик болды.[2]
1992–1996 жылдары ол Жуалы ауданындағы Төле би атындағы агроұйымның бас инженері болса, 1996–1997 жылдары ол Жуалы ауданы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы бөліміндегі бас маман болған.[5]
1997 жылдан 2003 жылға дейін Нұржігітов Жуалы ауданы әкімдігінің экономика бөлімінде бас маман қызметінде болды, 2003–2006 жылдары ол Жуалы ауданы әкімдігінің бір бөлімін басқарып кетті. Одан кейін, 2008 жылға дейін ол әкімдіктің кәсіпкерлік бөліміне басшылық етті.[1]
2008 жылы ол аудандық әкімдіктен Жамбыл облыстық әкімдігі деңгейіне жетті, ол кезде ол облыс әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінде облыс әкімінің бас инспекторы болған еді. 2008 жылдан 2011 жылға дейін Нұржігітов облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингі жөніндегі даму бөлімінің басшысы болса, 2011–2014 жылдары Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болды.
2014–2015 жылдары ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы және 2015 жылғы тамыздан 2018 жылғы ақпанға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болды.
2018 жылғы 23 ақпаннан тамызға дейін ол Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметінде болған.
2018 жылғы тамыздан 2021 жылғы сәуірге дейін Нұржігітов Байзақ ауданының әкімі болды. Одан кейін, 2022 жылғы 7 сәуірге дейін ол Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды.[1]
2022 жылғы 7 сәуірде Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды.[2] Нұржігітов әкімдігі тұсында Жамбыл облысында су жетіспеушілігі себебінен бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланып, дағдарыс орын алды.[6]
2023 жылғы 4 қыркүйекте президент Тоқаевтың жарлығымен Нұржан Нұржігітов жаңа құрылған[6] Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды да, бұрынғы барлық лауазымынан босатылды.[7] 2023 жылғы 6 ақпан сол лауазымына қайта тағайындалды.[8]
Жеке өмірі
Нұржан Нұржігітов үйленген, 6 баласы бар.[4][5]
Дереккөздер
- ↑ a b c d e f Нуржигитов Нуржан Молдиярович (орыс.). online.zakon.kz. Тексерілді, 4 қаңтар 2024. Мұрағат көшірмесі 4 қаңтардың 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ a b c d Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды (қаз.). informburo.kz (7 сәуір 2022). Тексерілді, 2 қаңтар 2024.
- ↑ a b c Су ресурстары және ирригация министрі (қаз.). Премьер-министрдің ресми сайты. Тексерілді, 4 қаңтар 2024. Мұрағат көшірмесі 4 қаңтардың 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ a b c Нуржан Нуржигитов (орыс.). eldala.kz (15 ноября 2023). Тексерілді, 2 қаңтар 2024. Мұрағат көшірмесі 2 қаңтардың 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ a b c НУРЖИГИТОВ Нуржан Молдиярович (орыс.). centrasia.org. Тексерілді, 4 қаңтар 2024.
- ↑ a b Министром водных ресурсов назначен Нуржан Нуржигитов — экс-аким Жамбылской области, где ввели режим ЧС из-за нехватки воды (орыс.). Азаттық радиосы (4 сентября 2023). Тексерілді, 4 қаңтар 2024.
- ↑ Тоқаев, Қасым-Жомарт Н.М. Нұржігітов туралы (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты (4 қыркүйек 2023). Тексерілді, 2 қаңтар 2024. Мұрағат көшірмесі 4 қаңтардың 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Су ресурстары және ирригация министрі қайта тағайындалды (қаз.). kaz.zakon.kz (6 ақпан 2024). Тексерілді, 12 ақпан 2024.