Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (қысқартқанда ҚР ҒЖБМ[2]) — Қазақстандағы жоғары білім, тіл саясаты, ғылым салалары және бұл салалардағы цифрландыру мәселелеріне жауапты Үкімет құрамына кіретін мемлекеттік орган.[3]
Тарихы
1992 жылы ақпанда Үкімет құрамында Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi құрылды.
1996 жылы наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы мен Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi біріктіріліп, орталық атқарушы орган Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы құрылды.
1999 жылы қаңтарда Ғылым және жоғары білім министрлігі, ал ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырылды.
1999 жылы қазанда Білім, денсаулық сақтау және спорт министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірқатар өкілеттіктерін Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі, Туризм және спорт жөніндегі агенттігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне бере отырып, Білім және ғылым министрлігіне бірікті.
2003 жылы қазанда Қазақстанның жетекші ғалымдарының бастамасымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, қоғамдық бірлестік ретінде жұмысын жалғастырды.
2022 жылдың 11 маусымында президент Тоқаев жарлығымен Білім және ғылым министрлігі екі министрлікке бөлінді: Асхат Аймағамбетов басқарған Оқу-ағарту министрлігі және Саясат Нұрбек басқаратын Ғылым және жоғары білім министрлігі.[4]
Қызметі
Министрліктің ресми сайтының мәліметінше министрлік «жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылымды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласында басшылықты жүзеге асырады».[3]
Комитеттері
Ғылым және жоғары білім министрлігінің 4 түрлі ведомствосы бар:[3]
- Ғылым комитеті
- Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті
- Тіл саясаты комитеті.
Қарамағындағы ұйымдар
- Мемлекеттік заңды тұлғалар
- Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалар
Министрлер тізімі
Дереккөздер