Қазақстан кинематографы

Қазақстан кинематографы — Қазақстанның кино өнері мен кино индустриясы.

Қазақстандағы кинематографтың қалыптасуы

Қазақстан аумағындағы алғашқы киносеанс 1910 жылы болды, бірақ бұл комерсанттардың ақша табу мақсатындағы кәсібі болғандықтан ол елде кино өнерінің таралуына да, кино индустриясының орнауына да әкелген жоқ.

Қазақстандағы киноның алғашқы қадамдары 1925 жылы жасалды. Осы кезде Қызылордада өткен Республика кеңестерінің V съездінің хроникалық түсірілімдері жасалды. Сол жылы Қазақстан туралы алғашқы деректі фильм — «ҚАКСР-ның мерейтойы» түсірілді.

1929 жылы Алматыда Жалпыресейлік «Востокфильм» тресінің өндірістік бөлімшесі болып табылатын алғашқы киностудия ашылды. Зертхана, монтаждық, мультипликациялық және жазбалар жасайтын цехтар салынды. Бөлімше өз күшімен «Соңғы хабар» деген жалпы атауға ие болған бірнеше хроникалық киножурнал жасап шығарды. Бірнеше қысқа метражды деректі фильм түсірілді: «Ауылдардағы кооперация», «Жаңа астана» (Алматы туралы), «Қызыл Әскер», «Жайлауға» және Түрксіб құрылысы туралы екі киноочерк.

«Востокфильм» тресінің өндірістік бөлімшесінің құрушыларының ойы бойынша, бұл бөлімше болашақта Алматыда жаңадан киностудия ашқанда оған негіз болуы керек болатын. Бірақ ол 1931 жылы жабылып қалды, ал «Востоккино» басшылығы жұмыстың бәрін Мәскеуге көшірді. Бөлімшенің жабылуна екі жағдай негіз болды: біріншіден техникалық база әлсіз болды, екіншіден кино сценарилері болмады. Әлсіз техникалық базада кино түсіру мүмкін болғанымен, сценарилердің жоқтығы шешімі жоқ проблема болды, себебі ол кезде кинодраматургия қазақ көркем әдебиетінің жеке жанры ретінде дамымады.

1934 жылы Алматы кинохроника студиясы ашылды. Кеңестік Қазақстан киножурналы мен деректі фильмдердің тұрақты шығарылымы қолға алынды. Мәскеуді үздік кеңестік фильмдердің қазақ тілінде дыбыстандыру жұмыстары басталды.

Қазақстанмен байланысты алғашқы фильмдер

Қазақстандық материал негізіндегі алғашқы көркем фильм — Фурмановтың «Бүлік» («Мятеж») романы бойынша (режиссеры С. А. Тимошенко) 1928 жылы «Совкино» киностудиясында түсірілді. 1935 жылы «Мосфильм» киностудиясында И.П. Шуховтың «Жек көрушілік» («Ненависть») романы бойынша «Жау жолдары» («Вражьи тропы») көркем фильмі түсірілді (режиссеры И. К. Правов). «Востоккино» тресі «Жұт» (1931), «Қаратау сыры» (1932) көркем фильмдерін шығарды.

1939 жылы «Ленфильм» киностудиясында алғашқы қазақ көркем фильмі — «Амангелді» түсірілді (сценаристтер: В. Иванов, Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин, Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов; режиссеры М. Левин; басты рөлді сомдаған Е. Өмірзақов). Бұл фильм Қазақстан кинематографының негізін қалады. Оның экранға шығуы Қазақ КСР-ның мәдени өміріндегі үлкен оқиға болды. Фильмнің көрермендерге ұнағандығы соншалық, көрермен залынан шыққан жұрт билетке кезекке қайтадан тұрған. БАҚ та фильмге жақсы баға берді, ал оның авторлары Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан кинематографы

1941 жылы Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесінің 1941 жылдың 12 қыркүйегінен кейінгі № 762 қаулысы негізінде Алматы көркем фильмдер киностудиясы құрылды. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудияларымен Орталық біріккен киностудияға бірікті. Ол Алматыда 1944 жылға дейін жұмыс істеп, соғыс кезіндегі отандық фильмдердің 80 % шығарды. 1944 жылы 25 қаңтарда Алматы киностудиясы атауы Алматы көркем және хроника-деректі фильмдер киностудиясы болып өзгертілді. 1945 жылы «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудиялары реэвакуацияланғаннан кейін Алматы киностудиясы өз бетінше жұмыс істеп бастады.

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақ КСР кинематографы

Соғыс жылдары кеңестік киноның шеберлері болып табылған мәскеулік және ленинградтық әріптестермен тығыз қызмет жасау арқасында ұлттық кинематографтың кадрлары жасақталды. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақ КСР кино индустриясы өз дамуын бастады: олар жылына сегіз толық метражды және елуден аса деректі фильм түсірді. Осы жылдары аса көрнекті қазақ кинорежиссері Шәкен Айманов танымалдылыққа ие болды.

Қазақ КСР-де түсірілген «Атаманның ақыры» және «Транссібір экспрессі» фильмдері аса жетістікпен КСРО мен шет елдердің экрандарынан көрсетілді.

Қайта құру жылдары түсірілген «Ине» («Игла») кинофильмі Қазақстанның ғана емес, бүкіл Кеңес одағының «қайта құру» кинематографының символына айналды.

1989 жыл қазақстандық режиссерлерге алғашқы құрметті халықаралық кинофестивальдердегі жүлдерін әкелді: «Прикосновение» лентасы Нант кинофестивалін конкурсында, «Волчонок среди людей» — Майындағы Франкфурт пен Лиссабонда көрсетілді, ал «Влюбленная рыбка» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі Нью-Йоркте өтті. Осы жылы «жаңа қазақ толқыны» анықтамасы пайда болды.

Тәуелсіз Қазақстан кинематографы

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда «Катарис» киностудиясы пайда болды (директоры Максим Смағұлов): 1990 жылы түсірілген бес фильмнің үшеуі осы киностудияла жасалды. Алайда сол кезде Қазақстанда киноға қатысты заңдық база болмағандықтан, меценаттар құйған ақшаға жоғары салық салынды, нәтижесінде Смағұловтың ізін кешкен көптеген жеке киностудиялар жабылып қалды.

«Қазақфильм» мемлекеттік киностудиясы бұл кезеңде тарихи тақырыптағы фильмдерге көп көңіл бөлді: «Отырар опаты», «Әбілқайыр хан», «Абай», «Жас Жамбыл» сынды тарихи фильмдер шықты. Алайда елдегі кинопрокат жүйесінің дұрыс жолға қойылмауына байланысты қазақстандық көрермендер бұл фильмдерді тамашалай алмады. Ал кино сыншылары «Қазақфильмді» негізгі жұмыстың фестивальдік киноға бағыттап жатыр деп сынады. Абай Қарпықов, Бақыт Килібаев, Александр Баранов сынды режиссерлер Ресейге, ал Серік Апрымов АҚШ көшіп кетті.

1998 жылы қазақстандық кино дамуында айтарлықтай өзгерістер болды. 1999 жылдан бастап «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен жыл сайын «Жаңаша қараймыз» атты жастар киносының фестивалі өтіп бастады. Бұл фестивальде Алматы театр және кино институтының студенттері мен түлектерінің жұмыстары көрсетіді. 2000-жылдары республикада кинотеатрлар құрылысы басталып, 2005 жылдан бастап олар ашыла бастады: 2009 жылы елде 129 кинозал болса, 2010 жылдың аяғында олардың саны 196-ға жетті. 2005 жылы отандық кино тарихында өзіндік ерекше орынға ие болған Көшпенділер фильмі жарық көрді. 2007 жылы шыққан «Рэкетир» фильмі үлкен аудитория жинап, халық ықыласына ие болды. Қазіргі таңда Қазақстан кинематографы жылына 12-15 фильмнен түсіруде.[1]

Қазақстандық кино тарихында тұңғыш рет «Кореядағы қазақтардағы бизнес» фильмі бір миллиард теңгенің кассасын жинады.

Қазақстандық кинофестивалдер

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  1. «ОСНОВНОЙ АКЦЕНТ КИНОФЕСТИВАЛЯ В ЭТОМ ГОДУ БУДЕТ СДЕЛАН НА БИЗНЕС-КОМПОНЕНТЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО КИНЕМАТОГРАФА»

Сыртқы сілтемелер


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!