Сахара Араб Демократиялық Республикасы қысқаша САДР (араб.: الجمهورية العربية الصحراوية الديمقراطية; ис. República Árabe Saharaui Democrática) — солтүстік-батыс Африкада орналасқан. Өзін тәуелсіз деп жариялаған, бірақ халықаралық деңгейде толықтай танылмаған.
Негізгі ақпараттар
- Ресми атауы: Сахара Араб Демократиялық Республикасы (САДР)
- Астанасы: Тифирити (де-факто)
- Халқы: 267 405 (қазіргі уақытта қақтысыстарға байланысты нақты сан белгісіз)
- Тілі: Араб тілі
- Діні: Ислам (сүнни)
Тарихы
1975 жылы Испания батыс Сахарадан кеткеннен кейін, Марокко аймақты бақылауға алып, оны өзіне қосып, ал Алжир САДР-ды қолдады.
1976 жылы САДР жарияланды, оны ПОЛИСАРИО (Батыс Сахара халықтарының азаттығы үшін күрес) ұйымы басқарды.[1]
1991 жылы тыныштық келісімі жасалды, бірақ 1999 жылдан бастап қақтығыстар жаңғырып кетті.
Геоографиясы
САДР — Атлант мұхитынан оңтүстік-батысқа қарай ұзынша жазық жер.
Жер бедері көбінесе құмды шөл. Қарашаңғырлы көлдер мен вадилер (құрғақ арналар) бар.
Климаты өте ыстық және құрғақ. Жауын-шашын өте аз, жыл бойына шамамен 100 мм.
Өсімдіктер мен жануарлар әлемі: Жердің құрғақшылығына байланысты өсімдік жамылғысы өте сирек, негізінен шөлді өсімдіктер (еркекшөп, джузгун т.б.) кездеседі. Жануарлар әлемі де тартымды емес, кейбір жыландар, кеміргіштер және құстар кездеседі.
Табиғи ресурстары: Фосфат, темір, марганец, мұнай және газ қоры бар.
Аумақтық бөлінісі
САДР екі бөлікке бөлінеді:
Шығыс Сахара: ПОЛИСАРИО бақылауындағы аймақ. Бұл жерде қиын жағдайлар болғандықтан, адамдар аз қоныстанған.
Батыс Сахара: Марокко бақылауындағы аймақ, оны Марокко өзінің оңтүстік провинциялары деп атайды.
Дереккөздер
Сілтемелер
|
---|
| Егеменді елдер | |
---|
| Мойындалмаған және жартылай мойындалған мемлекеттер | |
---|
| Аймақтар |
|
---|
| 1 Марокко мен САДР таласы бар. 2 Испан эксклавтары, бірақ Марокконың таласы бар. 3 Португал архипелагы, бірақ Испанияның таласы бар. 4 Мысыр мен Судан дауласуда. 5 Мысыр мен Суданның екіортасында орналасқан terra nullius. 6 Оңтүстік Судан мен Судан дауласуда. 7 Чадтың бір бөлігі, бұрын Ливияға қараған. 8 Испания мен Марокко дауласуда. |
|
|
---|
| БҰҰ мүше емес елдер |
БҰҰ мүше бір елімен болсын мойындалған | |
---|
| БҰҰ мүше емес елдермен мойындалған | |
---|
| Мойындалмаған | |
---|
|
---|
|
|
---|
| Мүшелері | |
---|
| Халықаралық түрде мойындалмаған | |
---|
|