Оклахома

АҚШ штаты

Оклахома
ағылш. Oklahoma

Оклахома туы Оклахома мөрі
Оклахома туы Оклахома мөрі
АҚШ картасындағы Оклахома штаты

Штат ұраны

Labor omnia vincit (Еңбек бәрінде жеңеді)

Штат лақапаты

«Ептілер штаты»

Астанасы

Оклахома-сити

Ең ірі қаласы

Оклахома-сити

Тұрғыны

3 850 568 (2013 жыл)
28−орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
20,92 адам/км²

Ауданы

20−орын
- барлығы
181 196 км²
- су беті
(1,8 %)
- ендік
33°35' с. е. бойынша 37°0 с. е.,
- бойлық 94°29' б. б. бойынша 103°0' б. б.,

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі
- орташа биіктігі
- минимал биіктігі

Штат статусын иеленуі

16 қараша 1907
46 ретпен
- штат болмай тұрып
Оклахома жері

Губернаторы

Мэри Феллин (Р)

Вице-губернаторы

Тодд Лэмб

Заң шығару органы

Оклахома легислатурасы
- жоғарғы палатасы Оклахома сенаты
- төменгі палатасы Өкілдер палатасы

Сенат мүшелері

Джим Инхоф
Джеймс Лэнкфорд

Уақыт белдеуі

Тынық мұхит уақыты: GMT-6/-5

Ресми сайты:

ok.gov

Оклахома (ағылш. Oklahoma аббр. OK) — Оңтүстік-Орталық АҚШ-тағы орналасқан штат. 2010 жылғы санақ бойынша бұл штаттың 177,847 шаршы километр аумағында 3,751,351 халық өмір сүрген. Оклахома штаты АҚШ штаттары рейтингінде 28-орында, ал жер аумағы бойынша 20-орында тұрады. Оклахома сөзі чоктау тайпасының "окла" және "хома" сөздерінен алынған болып, "қызыл адамдар" дегенді білдіреді. Оңтүстікте Техас, солтүстікте Канзас пен Колорадо, шығыста Арканзас пен Миссури, батыста Нью-Мексикомен шекаралас.

Штаттың ресми ұраны - Еңбек бәрінде жеңеді (лат. Labor omnia vincit). Ресми лақап аты - «Асыққыш штат» немесе «Ерте штат» (ағыл. Sooner State)

Этимология

Оклахома деген атау Okla Humma сөзінен шыққан, чоктау тілінен аударғанда «қызыл адамдар» немесе үндістер. Бұл атау 1866 жылы чоктау тайпасының басшысы Аллен Райт федералды үкіметпен үндістердің мәртебесі туралы келіссөздер кезінде ұсынды. «Үндіс» сөзінің баламасы ретінде Okla Humma сөзі барша үндістерді сипаттау үшін чоктау тілінде қолданылады. Чоктау үнділері бұл жерлердің түбегейлі тұрғындары емес еді. Олар бес өркениетті тайпалар құрамында болып, күштеп қоныстандырылды. Үндістердің жері де-факто Оклахома аумағы атала бастады, ресми түрде «Оклахома» деп 1890 жылы бекітілді.

География

Нью-Мексико штаты мен Оклахома штатының арасындағы қош келдіңіз белгісі

Оклахома АҚШ-та 181,035 км² ауданымен 20-шы орын алатын ірі штат (69 898 миль квадрат). Шығыста Арканзас пен Миссури, оңтүстікте - Техас, батыста - Нью-Мексика, солтүстікте - Колорадо мен Канзас.

Табиғи ерекшеліктер, әсіресе атмосфералық майдандардың өтуі кезінде температураның күрт өзгеруі, күшті жел мен дауылдың пайда болуына қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл штатта қиратқыш торнадолар сирек емес. 20 мамырда 2013 жылы торнадо штатқа үлкен залал келтірді.

Топография

Блэк-Меса тауы

Оклахома Ұлы жазықтардың оңтүстігінде орналасқан. Оклахома рельефі солтүстік-батысғы биік үстірттерден оңтүстік-шығыстағы батпақты алқаптарға дейін біртіндеп төмендеп келеді. Осы үрдісті ескере отырып, штаттың ең биік нүктесі - Блэк-Мезаның шыңы (1 516 м) «шелек ұстағышы» деп аталатын - штаттың солтүстік-батысында, ең шетінде орналасқан. Ең төменгі нүктесі оңтүстік-шығысында, штаттың шекарасындағы Айдабел қаласына жақын Литл-Ривер өзеннің маңында орналасқан (теңіз деңгейінен 88 м). Штаттың рельефі негізінен тегіс, батыстағы жалпақ жазықтан төбелі шығысқа және орталыққа қарай өзгереді, батыстан шығысқа қарай еңіс тегістелген. Жазықтар оңтүстік-батыста Уичито және Оклахоманың орталығының оңтүстігіндегі Арбакл таулы аймақтарға бөлінген. Уошито таулары штаттың оңтүстік-шығысында басым, теңіз деңгейінен 1500 м дейін биік шыңдары бар. Штаттың солтүстік-шығыс аудандары Озарк жазығында орналасқан. Үлкен жазықтар мен төбелерді терең тасты өзен алқаптары кеседі.

Оклахома толығымен Миссисипи өзенінің бассейнінде орналасқан. Арканзас өзендерінің бассейні штаттың үштен екі бөлігін, Ред-Ривер бассейні - аумақтың үштен бір бөлігін қамтиды. Ред-Ривер өзені штаттың оңтүстік шекарасы.

Оклахома арқылы 500-ден астам өзен мен ағымдар ағып жатыр. Штаттың аумағында 200-ден астам жасанды су қоймалары бар (АҚШ штаттарының арасында ең көп).

Гранд-Лейк, Оклахома

Климат

Оклахома климаты қалыпты континентальды. Климатқа Мексика шығанағындағы ылғал ауа ағымы елеулі ықпал етеді. Штаттың көп бөлігі суық және жылы ауа массаларының жиі өзара әрекетесетін Торнадо аллеясында орналасқан. Орташа алғанда, Оклахома штатында жылына 54 торнадо өтеді. Штаттың ауа-райы қысқа қашықтықта қысқа уақыт аралығында өзгеруі мүмкін. Мысалы, 1911 жылдың 11 қарашасында Оклахома-ситиде температура түстен кейін 28 °C(83 °F) болды (бұл күн үшін өте жоғары), алайда, суық майданның өтуі түн ортасында температураның -8 °C (17 °F) дейін төмендеуіне әкелді (бұл күн үшін өте төмен). Осылайша, 11 қарашада температураның рекордтық жоғары және рекордтық төмен деңгейі сол күні байқалды.

Штаттың ірі қалалары үшін орташа айлық температурасы
Қала Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел
Оклахома-Сити 47/26 54/31 62/39 71/48 79/58 87/66 93/71 92/70 84/62 73/51 60/38 50/29
Талса 46/26 53/31 62/40 72/50 80/59 88/68 94/73 93/71 84/63 74/51 60/39 50/30
Лотон 50/26 56/31 65/40 73/49 82/59 90/68 96/73 95/71 86/63 76/51 62/39 52/30
Орташа максимум/минимум температурысы °F-та[1][2]

Тарихы

Оклахомаға еуропалықтар келер алдында бұнда - уичита, куапо, кэддо және осейджи үндіс тайпалары өмір сүрді. XVI ғасырда бұл жерлерді картаға енгізген испандықтар пайда болды. XVII - XVIII ғасырларда Наполеон Француз Луизананың (1803) бөлігі ретінде АҚШ-қа сатпайынша Испания мен Франция бұл жер үшін таласты.

1830 жылы үндістердің жері мәртебесіне Оклахома штатына үндістердің қоныстануы туралы заң бойынша елдің шығысындағы үндістерді қоныстанды. Халықтардың бұл қоныс аударуы көптеген адамдардың қазасына әкелді.

Американдық Азаматтық соғысы кезінде (1861-1865), көптеген қара құлдары болған үндістердің көптеген тайпалары Құл иеленгіш Оңтүстік штаттарды қолдады. 1861 жылы чероки, чоктау, семино және тағы басқа тайпалар конфедераттармен одақтастық келісімдер жасасты. Бөліну тайпалардың ішінде де болды, бұл үндіс ішілік азаматтық соғысына әкелді. Соғыс аяқталған соң, федералдық үкімет үндістерді жаңа жер келісімдерін жасауға мәжбүр еткізді (1866). Үндістер жерінің басым бөлігі АҚШ үкіметіне өтті.

Оклахома штатында бос және бұрынғы үндістердің жеріндегі жер учаскелерін иемдену құқығына ие болу үшін жеті рет жер жарысы болды (18891895). Оклахома 1907 жылдың 16 қарашасында 46-шы штат ретінде Одаққа ресми түрде кірді. Оклахоманың қосылуына байланысты Мэн штаты өкілдер палатасында тағы бір орын алды (жаңа штаттардың парадоксы).

Тұрғыны

Жыл Халық саны +/- %
1890 258 657 40,3 %
1900 790 391 205.6 %
1910 1 657 155 109.7 %
1920 2 028 283 22.4 %
1930 2 396 040 18.1 %
1940 2 336 434 -2.5 %
1950 2 233 351 -4.4 %
1960 2 328 284 4.3 %
1970 2 559 229 9.9 %
1980 3 025 290 18.2 %
1990 3 145 585 4 %
2000 3 450 654 9.7 %
2010 3 751 351 8.7 %

АҚШ-тың Санақ бюросының мәліметі бойынша Оклахома штатында 2012 жылғы 1 шілдеде тұр,ындардың саны 3 814 820 адамды құрады, бұл 2010 жылғы санаққа қарағанда 1,7% -ға өсті. 2010 жылғы халық санағының деректері бойынша халықтың 68,7% -ы испандық емес ақтар(1970 жылы олар 88% болды), 7,3% афроамерикалықтар, 8,2% үндістер мен Алясканлық эскимостар, 1,7% азиялықтар, 0,1% Гавай аралдары мен басқа Тынық мұхиты аралдарының полинезиялықтар, 5,1% - екі немесе одан көп нәсілдерге жатқызылған адамдар. Оклахома халқының 8,9% -ы латынамерикасы немесе испандардан тарайды.

2011 жылы Оклахомадағы 1 жасқа дейінгі сәбилердің 47,3% -ы нәсілдік және этникалық аздардың балалары болды. Штат американдық үндістердің саны бойынша екінші орын алады, 2002 жылы олардың саны 395 219 адамға жеткен. 2006 жылы Оклахома халқының 4,7% шет елдердің тұрғындары болды.

2006 жылы Оклахома АҚШ-тың 50 штаттың ішінде жан басына шаққандағы жылдық табыс бойынша 37-ші орынға ие болды ($32 210).

2011 жылы Оклахома штатында 7,0% 5 жасқа толмаған, 24,7% 18 жасқа толмаған, 13,7% 65 жас және одан жоғары жастағы тұрғындар болды. Халықтың 50,5% әйелдер құрады.

Қалалары

Оклахома-сити

Оклахома штатында 2010 жылы 598 қалалық елді мекен болды, оның ішінде халық саны 100 000-нан асатын 4 қала және халық саны 10 000-нан астатын 43 қалашық.

Тұрғын саны 20 мыңнан асатын қалалар
1 шілде 2004 жылғы деректер бойынша[3]
Оклахома-Сити 528,0 Талса 383,8
Норман 100,9 Лотон 88,2
Броукэн Арроу 84,4 Эдмонд 73,1
Мидвэст Сити 54,8 Энид 46,6
Мур 46,2 Стиллуотер 40,7
Маскодж 38,8 Бартлэсвилл 34,6
Шавни 29,7 Понка Сити 25,2
Ардмор 24,3 Овассо 22,6
Дункан 22,2 Дэл Сити 22,0
Юкон 21,6 Алтус 20,4

Экономика

Штаттың негізгі экономикалық салалары: әуе кемелерін жасау, энергетика, көлік жабдықтары, тамақ өнеркәсібі, электроника және телекоммуникация. Оклахома табиғи газ, ұшақтар мен азық-түліктерді шығаратын маңызды өндіруші болып табылады. Штат АҚШ-та табиғи газ өндіруден екінші орында, ауыл шаруашылық өнімділігі бойынша 27-ші штат, сондай-ақ бидай өндіруден бесінші болып табылады. Fortune 500 тізіміндегі төрт компания және Fortune 1000 тізімінен алты компанияның штаб-пәтерлері Оклахомада орналасқан.

Оклахоманың ЖІӨ 2006 жылы 131,9 миллиард доллардан 2010 жылы 147,5 миллиард долларға дейін өсті (+10,6 процент).

Мұнай өндіру және мұнай өңдеу штаттың экономикасында басым болғанымен, 1980-жылдардағы энергетикалық саладағы құлдырау 1980-2000 жылдар аралығындағы энергиямен байланысты 90 мың жұмыс орнын жоғалтуға әкелді және жергілікті экономикаға елеулі зиян келтірді. 2011 жылғы тамызда жұмыссыздық деңгейі 5,6% құрды.

Спорт

Штаттың астанасында Ұлттық баскетбол қауымдастығында ойнайтын «Оклахома-Сити Тандер» баскетбол командасы негізделген.

Оклахома мәдениетте

Штатқа арналған көптеген туындылар бар, олардың арасында 1943 жылғы «Оклахома!» мюзиклінен өлең мен «Оклахома, дәл сол сияқты» фильмі содан алынды.

Осында туғандар

Сілтеме

  1. Oklahoma Weather And Climate. UStravelweather.com (2007). Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 қыркүйек 2007. Тексерілді, 2 тамыз 2007.
  2. Weather Averages: Lawton, Oklahoma. MSN Weather. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 маусым 2013. Тексерілді, 13 тамыз 2007.
  3. Population Estimates  (ағыл.). U.S. Census Bureau, Population Division. Тексерілді, 16 сәуір 2011.

Read other articles:

Billy Crawford. Billy Joe Crawford (Manila; 16 de mayo de 1982), conocido artísticamente como Billy Crawford. Es un cantautor y actor filipino con influencias musicales de R&B y pop. Crawford se dio a conocer en Asia y Europa con los títulos de las canciones como Cuando usted piensa en mí, Nunca Mi Amor, Noches de vapor y luces brillantes, además es multilingüe, que habla dos idiomas de Filipinas, su país natal, como tagalo y cebuano. Su segundo idioma es el inglés americano y pued...

 

 

Опис файлу Обґрунтування добропорядного використання для статті «Сваровскі-Тіроль» [?] Опис Логотип ФК «Сваровскі-Тіроль» для використання у статті Сваровскі-Тіроль Джерело gmkfreelogos.com Мета використання в якості основного засобу візуальної ідентифікації у верхні...

 

 

يفتقر محتوى هذه المقالة إلى الاستشهاد بمصادر. فضلاً، ساهم في تطوير هذه المقالة من خلال إضافة مصادر موثوق بها. أي معلومات غير موثقة يمكن التشكيك بها وإزالتها. (فبراير 2016) هذه المقالة يتيمة إذ تصل إليها مقالات أخرى قليلة جدًا. فضلًا، ساعد بإضافة وصلة إليها في مقالات متعلقة بها...

Artikel ini sebatang kara, artinya tidak ada artikel lain yang memiliki pranala balik ke halaman ini.Bantulah menambah pranala ke artikel ini dari artikel yang berhubungan atau coba peralatan pencari pranala.Tag ini diberikan pada Januari 2023. Berikut ini adalah daftar sungai yang mengalir di pulau Madura.[1][2] Menurut abjad Nama Sumber Muara Keterangan Kali Baru Pegunungan Kapur Lintasan Barat, Laut Jawa Melintasi Bangkalan Kali Balige Pegunungan Kapur Selat Madura Kali Kle...

 

 

American music countdown and dance TV series (1980-1988) This article has multiple issues. Please help improve it or discuss these issues on the talk page. (Learn how and when to remove these template messages) This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Solid Gold TV series – news · newspapers · books 

 

 

العلاقات الإيرانية المنغولية إيران منغوليا   إيران   منغوليا تعديل مصدري - تعديل   العلاقات الإيرانية المنغولية هي العلاقات الثنائية التي تجمع بين إيران ومنغوليا.[1][2][3][4][5] مقارنة بين البلدين هذه مقارنة عامة ومرجعية للدولتين: وجه المقارنة إ

Tentara Pembebasan Preševo, Medveđa dan BujanovacUshtria Çlirimtare e Preshevës, Medvegjës dhe BujanocitPemimpinMuhamet Xhemajli Ridvan Qazimi Lleshi †Waktu operasi1999–2001Wilayah operasiZona Aman Darat dan Lembah Preševo, Serbia, FR YugoslaviaIdeologiNasionalisme AlbaniaSekutu Albania Tentara Pembebasan KosovoLawan Serbia dan Montenegro KFORPertempuran dan perangPemberontakan di Lembah Preševo: Pertempuran Oraovica Tentara Pembebasan Preševo, Medveđa dan Buj...

 

 

Nicolás Suárez Location in Bolivia General Data Capital Cobija Area 9,819 km2 Population 29,536 (2001) Density 3.0 inhabitants/km2 (2001) ISO 3166-2 BO.PA.NS Pando Department Nicolás Suárez is one of the five provinces of the Bolivian Pando department and is situated in the department's northwestern parts. Its name honors Nicolás Suárez Callaú (1861-1940) who owned major parts of today's Pando and Beni Departments in the times of the caoutchouc-boom. Location Nicolás Suárez Prov...

 

 

Scott AdkinsLahirScott Edward Adkins17 Juni 1976 (umur 47)Sutton Coldfield, Birmingham, West Midlands, Britania RayaPekerjaanAktor, Seniman bela diri, PesenamTahun aktif1998—sekarangSuami/istriLisa AdkinsAnak2Situs webscottadkins.com Scott Edward Adkins (lahir 17 Juni 1976 di Inggris) adalah aktor yang berasal dari Inggris dan seniman bela diri yang terkenal karena perannya sebagai Yuri Boyka di film Undisputed II: Last Man Standing (2006) dan Undisputed III: Redemption (2010). Fi...

Ywangan Township (Burmese: ရွာငံမြို့နယ်) is a township located within Taunggyi District, Shan State, Myanmar. It is also part of the Danu Self-Administered Zone. The principal town is Ywangan. Information concerning this region is not easily accessible, although quality coffee is grown in the region.[1] Location in Taunggyi district References ^ Myin Dwin. Rosso Coffee. Retrieved 2018-08-10. 21°09′46″N 96°26′32″E / 21.1628°N 96.442...

 

 

artikel ini tidak memiliki pranala ke artikel lain. Tidak ada alasan yang diberikan. Bantu kami untuk mengembangkannya dengan memberikan pranala ke artikel lain secukupnya. (Pelajari cara dan kapan saatnya untuk menghapus pesan templat ini) Kamera film digital adalah kamera digital untuk sinematografi digital yang menangkap gambar objek digital daripada kamera film historis, yang tumbuh di film film. Berbeda digital kamera film mengeluaran berbagai format akuisisi yang berbeda. Kamera yang di...

 

 

العجوة[1] نوع من أنواع التمور اشتهرت به المدينة المنورة في المملكة العربية السعودية، وقد لاقت شهرة واسعة كونها ذكرت في السنة النبوية، تنتج مزارع المدينة من العجوة 20-30 طن يوميًا، وتتصدر قائمة التمور التي يتم تصديرها خارج المملكة بمعدل 100 طن سنويًا، تعرف بأن لها نوعين هما...

2012 studio album by ¡Mayday!Take Me to Your LeaderStudio album by ¡Mayday!ReleasedMarch 26, 2012Recorded2011–2012GenreHip hop, rap rock, alternative rock, alternative hip hopLength69:00LabelStrange MusicProducer¡Mayday!¡Mayday! chronology Stuck on an Island(2010) Take Me to Your Leader(2012) Believers(2013) Professional ratingsReview scoresSourceRatingHipHopDX[1]Dj Booth [2] Take Me To Your Leader is the third album by ¡Mayday! and debut album on Tech N9ne and ...

 

 

Orlando TitansSportBox lacrosseDisbanded2010LeagueNational Lacrosse LeagueDivisionEasternTeam historyNew York Titans (2006–2009)Based inOrlando, FloridaArenaAmway ArenaColorsOrange, Blue   OwnerGary RosenbachHead coachEd ComeauManagerEd ComeauChampionships0Division titles1 (2010) The Orlando Titans were a professional lacrosse team in the National Lacrosse League that played in the 2010 season. The Titans began as the New York Titans, and played for three seasons in New York befor...

 

 

Marcha del Orgullo LGBT de Santiago de Chile Marcha del orgullo LGBT de Santiago de 2018 en la Plaza Baquedano.LocalizaciónPaís  ChileDatos generalesTipo Marcha del orgulloPrimera vez 27 de junio de 1999Motivo Día Internacional del Orgullo LGBT[editar datos en Wikidata] La Marcha del Orgullo LGBT de Santiago de Chile es una manifestación anual que se realiza en la capital chilena. La marcha de Santiago es considerada la tercera manifestación LGBT de mayor concurrencia...

This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Malipukur – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (October 2018) (Learn how and when to remove this template message) Village in West Bengal, Arambagh IndiaMalipukurVillageMalipukurLocation in West Bengal, IndiaShow map of West BengalMalipukurMalipukur (I...

 

 

American politician Chauncey J. Fox, New York State Senator. Chauncey Johnston Fox (August 21, 1797 in Tolland County, Connecticut – February 11, 1883) was an American politician from New York. Life He was the son of Thomas Fox (1770–1811) and Chloe (Bradley) Fox (1777–1852). In August 1818, Chauncey and his brother Pliny went to Olean, New York. They did not find any way to make a living and decided to go in a little boat to Cincinnati, but after two days on the Allegheny River met...

 

 

Este artigo não cita fontes confiáveis. Ajude a inserir referências. Conteúdo não verificável pode ser removido.—Encontre fontes: ABW  • CAPES  • Google (N • L • A) (Março de 2016) A Confederação Brasileira de Esqui Aquático é uma entidade oficial que regulamenta o esqui aquático no Brasil. O grande introdutor do esqui no país e que ainda participa ativamente de seu desenvolvimento é o paulista Paulo Weigand. Detent...

Mosquera Ciudad Panorámica de la Plaza Principal BanderaEscudo MosqueraLocalización de Mosquera en Colombia MosqueraLocalización de Mosquera en Cundinamarca Coordenadas 4°42′28″N 74°13′58″O / 4.707778, -74.232778Entidad Ciudad • País  Colombia • Departamento Cundinamarca • Provincia Sabana OccidenteAlcalde Gian Carlo Gerometta (2020-2023)Eventos históricos   • Fundación 27 de septiembre de 1861[1]​Superficie  ...

 

 

Кремниевая долинаангл. Silicon Valley Центр города Сан-Хосе, называемого столицей Кремниевой долины Расположение 37°22′39″ с. ш. 122°04′03″ з. д.HGЯO Страна США ШтатКалифорния Кремниевая долина Медиафайлы на Викискладе У этого термина существуют и другие значени...

 

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!