Аляска

 Басқа мағыналар үшін Аляска (айрық) деген бетті қараңыз.
АҚШ штаты

Аляска
ағылш. Alaska

Аляска туы Аляска мөрі
Аляска туы Аляска мөрі
АҚШ картасындағы Аляска штаты

Штат ұраны

«Солтүстікке болашаққа»
(лат. North to the Future)

Штат әні

«Аляска Туы» (Alaska's Flag)

Штат лақапаты

«Соңғы шекара»
(ағылш.
The Last Frontier)

Астанасы

Джуно

Ең ірі қаласы

Анкоридж

Ірі қалалары

Фэрбанкс
Джуно
Ситка
Колледж

Тұрғыны

733 391[1] (2020 жыл)
50−орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
0,49 адам/км²

Ауданы

1−орын
- барлығы
1 717 854 км²
- су беті
236,507 км² (13,77 %)
- ендік
54° 40' с. е. бойынша 71° 50' с. е., 3 639 км
- бойлық 130° 00' б. б. бойынша 172° 00' б. б., 2 285 км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі 6 194 м
- орташа биіктігі 580 м
- минимал биіктігі
0 м

Штат статусын иеленуі

3 қаңтар 1959 жылы
49 ретпен
- штат болмай тұрып
Аляска территориясы

Губернаторы

Майк Данливи

Вице-губернаторы

Нэнси Дальстром

Заң шығару органы

Аляска Легислатурасы
- жоғарғы палатасы Аляска сенаты
- төменгі палатасы Аляска өкілдер палатасы

Сенат мүшелері

Лиза Меркауски
Дэн Салливан

Уақыт белдеуі

Аляскалық: UTC−9
жазда UTC−8
Алеуттық: UTC−10
жазда UTC−9

Ресми сайты:

alaska.gov


Аляска XX-ғасырдың басындағы Солтүстік Америка картасында

Аляска (ағылш. Alaska [əˈlæskə]; алеут тілінен аударғанда ала’сх’а – «киті бар мекен», «кит молшылығы»[2]) — Солтүстік Американың солтүстік-батыс шетінде орналасқан АҚШ-тағы жер көлемі бойынша ең үлкен штат. Оған өзі аттас түбек, Алеут аралдары, Канаданың батысын бойлайтын тынық мұхиттық жағалаудың жіңішке жолағы (Александровский архипелагының аралдарымен бірге) және континенттік бөлігі кіреді.

Географиясы

Жетіқарақшы мен Темірқазық (АҚШ Аляска штатының туы)

Штат континенттің қиыр солтүстік-батысында орналасқан, Чукот түбегімен (Ресей) арасын Беринг бұғазы бөліп тұр, шығысында Канадамен, батысында Беринг бұғазының кішкентай учаскесінде Ресеймен шектеседі. Материктік бөліктен және көптеген аралдардан тұрады: Александровский архипелагы, Алеут аралдары, Прибылов аралдары, Кадьяк аралы, Әулие Лаврентий аралы. Штатты Солтүстік Мұзды Мұхит және Тынық мұхит сулары шайып жатыр. Тынық мұхиттық жағалауында — Аляска жотасы; ішкі жағы — биіктігі батысында 1200 м-ден бастап, шығысында 600 м-ге дейін үстірт ойпатқа ауысады. Солтүстікте — Брукс жотасы, одан кейін Арктика ойпаты орналасқан.

Мак-Кинли (Денали) тауы (6194 м) — Солтүстік Америкадағы ең биік шың. Сөнбеген жанартаулар да бар.

1912 жылы жанартау атқылауы салдарынан Он мың түтін алқабы мен жаңа Новарупта жанартауы пайда болды. Штаттың солтүстік бөлігін тундра қаптап жатыр. Одан төменірек ормандар орналасқан. Штаттың құрамына Ресейге қарасты Ұлы Диомид аралдарынан (Ратманов аралы) 4 км ара қашықтықта орналасқан Беринг бұғазындағы Кіші Диомид аралы (Крузенштерн аралы) кіреді.

Тынық мұхит жағалауында орташа климат, теңіздік, салыстырмалы түрде жұмсақ; өзге аудандарында — қысы қатты арктикалық және субарктикалық континенттік климат.

АҚШ-тың ең биік шыңы Мак-Кинли тауының маңайында әйгілі Денали ұлттық саябағы орналасқан.

Ірі қалалары

Халық саны 100 000 адамнан астам қалалар
Халық саны 10 000 — 100 000 адам аралығындағы қалалар
Халық саны 10 000 адамнан кем қалалар
  • Кетчикан
  • Ситка
  • Кенай
  • Кадьяк
  • Палмер
  • Бетел
 
  • Барроу
  • Уналашка
  • Валдез
  • Солдотна
  • Хомер
  • Ном
  • Петербург
  • Коцебу
 
  • Сьюард
  • Диллинхэм
  • Кордова
  • Хейнс
  • Норт-Поул
  • Эстер
  • Делта-Джанкшен
  • Гленналлен

Әкімшілік бөлінуі

Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі төменгі әкімшілік бірлігі округ (county) болып табылатын басқа көптеген штаттардан ерекшелігі — Аляскада әкімшілік бірліктер баро (borough — «өзін-өзі басқаратын аймақ») деп аталады. Одан да өзге маңызды ерекшелігі — 15 баро және Анкоридж муниципалитеті Аляска территориясының тек белгілі бір бөлігін ғана алып жатыр. Қалған территориясындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыруға халық саны (әлде оған қызығушылығы барлары) жеткілікті емес және де сол себепті бұл жерлерде ұйымдаспаған баро түзеді. Ал бұл өз кезегінде халық санағын жүргізуге және басқаруға да ыңғайлы болу үшін халық санағы аймақтары (census area) деп аталатын аймақтарға бөлінген. Аляскада мұндай аймақтардың саны - 11.

Алясканың әкімшілік-территориялық бөлінуі

Алясканың барлық әкімшілік-территориялық бірліктерінің тізімі (алфавит бойынша):

  • Алеушианс Ист баросы (Aleutians East Borough)
  • Бристол Бэй баросы (Bristol Bay Borough)
  • Баро Денали (Denali Borough)
  • Джуно қаласы және баросы (Juneau City and Borough)
  • Кетчикан Гэйтвэй баросы (Ketchikan Gateway Borough)
  • Кинай Пенинсула баросы (Kenai Peninsula Borough)
  • Кодиак Айлэнд баросы (Kodiak Island Borough)
  • Лэйк энд Пенинсула баросы (Lake and Peninsula Borough)
  • Матануска-Суситна баросы (Matanuska-Susitna Borough)
  • Анкоридж муниципалитеті (Anchorage Municipality)
  • Норт Слоуп баросы (North Slope Borough)
  • Нортвест Арктик баросы (Northwest Arctic Borough)
  • Ситка қаласы және баросы (Sitka City and Borough)
  • Фэрбенкс Норт Стар баросы (Fairbanks North Star Borough)
  • Хэйнс баросы (Haines Borough)
  • Якутат қаласы және баросы (Yakutat City and Borough)
  • Ұйымдаспаған баро
    • Алеушианс Вест (Aleutians West Census Area)
    • Бетел (Bethel Census Area)
    • Валдиз-Кордова (Valdez-Cordova Census Area)
    • Врангелл-Питерсбург (Wrangell-Petersburg Census Area)
    • Диллингхэм (Dillingham Census Area)
    • Ном (Nome Census Area)
    • Принс-оф-Уэльс — Аутер Кетчикан (Prince of Wales — Outer Ketchikan Census Area)
    • Саутист Фэрбенкс (Southeast Fairbanks Census Area)
    • Скагвэй-Хуна-Ангун (Skagway-Hoonah-Angoon Census Area)
    • Уэйд Хэмптон (Wade Hampton Census Area)
    • Юкон-Коюкук (Yukon-Koyukuk Census Area)
    • Эвансвилл

Тарихы

Алғашқы қоныстанушылар

Сібір тайпаларының бір тобы 16-10 мың жыл бұрын қазіргі Беринг бұғазын кесіп өтті. Эскимостар арктикалық жағалауға, ал алеуттер Алеут аралдарына қоныстана бастады.

Алясканың ашылуы

Экономикасы

Халқы

Елдегі халық аз қоныстанған штаттардың бірі болғанымен, 1970-жылдары мұнай өнеркәсібі және көлік шаруашылығына бос орындарға шақырылғандардың қатарынан жаңа тұрғындар көшіп келді. Ал 1980-жылдары халықтың өсімі 36 проценттен астам болды.

Соңғы онжылдықтардағы Аляска халқының саны:

  • 1990 жыл — 550 000 адам;
  • 2004 жыл — 648 818 адам;
  • 2005 жыл — 663 661 адам.
  • 2006 жыл — 677 456 адам.
  • 2007 жыл — 690 955 адам.

2005 жылы Аляска халқының саны одан бұрынғы жылмен салыстырғанда 5906 адамға немесе 0,9 %-ке өсті. 2000 жылмен салыстырғанда 36 730 адамға (5,9 %) көбейді. Бұл санның ішіне соңғы санақ бойынша халықтың 36 590 адамға табиғи өсімі (53 132 туу минус 16 542 өлім) кіреді, сондай-ақ көші-қон есебінен 1181 адамға көбейген. Құрама штаттардан тыс жерлерден көшіп келу (иммиграция) Аляска халқы санын 5800 адамға көбейтсе, ішкі миграция салдарынан 4619 адамға азайды. Аляска халқының тығыздығы АҚШ-тың барлық штаттарының арасындағы ең төменгі көрсеткіш.

Халқының 75 процентке жуығы ақ нәсілділер, АҚШ-та дүниеге келгендер. Штатта 88 мыңдай байырғы тұрғындар тұрады: үндістер (атапасклер, хайда, тлинкиттер, симшиандықтар), эскимостар және алеуттер. Штатта сонымен қатар азғантай орыс ұрпақтары да өмір сүреді. Негізгі діни топтары — католиктер, православтар, пресвитериандықтар, баптисттер және методисттер. Православтардың үлесі әр түрлі деректерге сәйкес 8-10 %-ті құрайды және бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Соңғы 20 жыл бойы тұрғындар сайлауда қалыптасқан дәстүр бойынша республикалықтарға дауыс беруде. Штаттың бұрынғы губернаторы Сара Пейлин партияны Джон Маккейн басқарған кезінде 2008 жылғы сайлауда АҚШ вице-президенттігіне үміткер болған. Қазіргі кезде губернатор — Шон Парнелл.

Көршілес елдер


Қызықты деректер

Аляска туын 1927 жылы он үш жасар бала (Бенни Бенсон) ойлап шығарды.

Дереккөздер

  1. The population development in Alaska  (ағыл.). City Population.(қолжетпейтін сілтеме)
  2. Штат Аляска Etats-Unis.ru

Сыртқы сілтемелер

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!