Аляска жотасы

 Басқа мағыналар үшін Аляска (айрық) деген бетті қараңыз.
Аляска жотасы

Аляска жотасындағы таулы шоқылар
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Кордильера

Ұзындығы

1000 км

Ең биік шыңы

Мак-Кинли

Биіктігі

6194 м

Орналасуы

63°04′10″ с. е. 151°00′26″ б. б. / 63.06944° с. е. 151.00722° б. б. / 63.06944; -151.00722 (G) (O) (Я)Координаттар: 63°04′10″ с. е. 151°00′26″ б. б. / 63.06944° с. е. 151.00722° б. б. / 63.06944; -151.00722 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 АҚШ

Аляска жотасы (Жер)
Аляска жотасы

Аляска жотасы Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауында, Аляска түбегінің оңтүстік бөлігін қамтып жатқан таулар сілемі, Солтүстік Америкадағы ең биік жер. Ұзындығы 1000 км, абсолюттік биіктігі 6194 м (Мак-Кинли тауы).

Геологиялық құрылымы

Ең биік жері - Мак-Кинли тауы

Жота жас тауларға жатады. Негізі интрузивті тау жыныстары шөгінділерінен түзілген. Беткейлері тік, қатты тілімденген. Қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, бериллий, көмір, темір, платина, сынап, қорғасын және мұнай кендері көптеп кездеседі.

Климаты

Аляска жотасындағы мұздық

Аляска жотасы түбектегі негізгі климаттық және суайрық жотасы болып саналады. Оңтүстіктегі өте ылғалды беткейлерін (800 м-ге дейін) шыршалы-жапырақты орман, одан жоғарысын мәңгі қар мен мұздықтар басқан. Солтүстігіндегі ылғалдылығы аздау болып келген беткейлерін (1000-1100 м) таулы тундра алып жатыр. Ендік бағытта доғаша орналасқан тау жоталары өте биік болып келеді. Олардың орташа биіктігі 3500 м. Сондықтан Аляска жотасының солтүстік және оңтүстік беткейлерінің климатында үлкен айырмашылық бар. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік беткейлерде — 24-30 °С болса, оңтүстік беткейлерінде — 9-11 °С. Жазы қоңыр салқын. Шілде айының орташа температурасы 12-14 °С. Жотаның оңтүстік беткейлерін Алеут аралдарымен қоса “мәңгі күз” аймағы деп те атайды. Ондағы жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 1800-4800 мм. Жотаның Фэруэтэр сілемінде жылдың 312 күні жауын-шашынды (6000 мм-ге дейін) болады. Аляска жотасын дүние жүзіндегі ең ұзын Хаббард (145 км) және ауданы жағынан ең үлкен Маласпина (2,2 мың км²) мұздықтары басқан.

Жануарлары

Жотаны ең ірі бұлан, америкалық бизон, қасқыр, карибу бұғысы, сұр аю, күдірқодас (овцебык) мекендейді, ал суларында ең ірі қызыл балық тіршілік етеді.

Сыртқы сілтемелер

Аляска жотасы(қолжетпейтін сілтеме)

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!