Канзас ағылш. State of Kansas
Штат ұраны
Астанасы
Ең ірі қаласы
Тұрғыны
Ауданы
Теңіз деңгейінен биіктігі
Штат статусын иеленуі
Губернаторы
Вице-губернаторы
Заң шығару органы
Уақыт белдеуі
Ресми сайты:
Канзас (ағылш. Kansas) — штат Америка Құрама Штаттарының орталығында орналасқан. Халқы — 2 871 238 адам (2011). Астасы— Топика қаласы. Ірі қаласы — Уичито. Штат тағы «Американың астық қоры» деп аталады: ол астық өсіруші штаттар арасында көшбасшылық етеді. Штат гүлі — күнбағыс, штат ағашы — терек.
Штаттың көп бөлігі Ұлы жазықтықта орналасқан, солтүстігінде Небраскамен, шығысында Миссури, оңтүстігінде Оклахомамен және батысында Колорадо штаттарымен шекараласады. Өңірдің ірі өзендері Миссури және Арканзас Солтүстік Американың ең ірі өзені — Миссисипи өзені алабына жатады.
1541 жылы Канзас территориясы испандық конкистадор Коронадоның қарауына өтті, кейін француз зерттеушісіне қарады. 1803 жылы АҚШ-қа қабылданды. Канзас АҚШ-тың 34-штаты болды. Азаматтық соғыс жылдары Канзас[1] құлдыққа қарсылар және жақтаушылар жалдауында болды. Темір жол құрылысы азаматтық соғыстан кейін салына бастады.
Канзас шығысында Миссури штатымен, батысында — Колорадо, солтүстігінде — Небраска, оңтүстігінде — Оклахома штаттарымен шекараласады. Ауданы — 213 096 км2.
Канзастың климаты континентальды, салқын қысты (кейде суық) және ыстық жазды. Штаттың солтүстік және солтүстік-батыс жағы Канаданың суық, ал оңтүтік бөлігі Мексика шығанағының жылы ауа әсерінде болады, соған байланысты температураның ауытқууы анық байқалады. Осы ауа массаларының соқтығысуынан өте қарама-қарсы атмосфералық фронттар туындайды, соның әсерінен торнадо пайда болады (Канзас "аллее торнадо" атты дауыл аймағында орналасқан). Штаттың орташа жылдық температурасы +13 °C. 1936 жылы 24 шілдеде Элтонда (Alton) абсолюттық максимум +49 °C көрсеткішті анықталған . 1905 жылы 13 ақпанда абсолютті минимум -40 °C Ливандада байқалған (Lebanon). Қаңтардың орташа температурасы -2..-4 °C (орташа күндізгі максимум +2..+6 °C, түңгі минимум -6..-9 °C). Шілдедегі орташа температура +26..+27 °C (орташа күндізгі максимум +32..+34 °C, түңгі минимум +19..+21 °C). Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері оңтүстік-шығыстан 1000 мм батысқа 400 мм кемиді (Уичита (Wichita) қаласында жылына 772 мм жауады). Кейбір жылдары қуаңшылық болады. Жауын-шашынның жылдық мөлшерінің 3/4-бөлігіне жуығы сәірден қыркүйек айлары аралығында түседі. Додж-Сити (Dodge City) АҚШ-тың ең желді орындарының бірінен есептеледіс - орташа желдің жылдамдығы сағатына 14 миль (6,4 м/с).
АҚШ халық санағы бюросының дерегі бойынша 2011 жылдың 1 маусымында Канзас халқы 2 871 238 адам; 2010 жылғы санақпен салыстырғанда 0,64 %-ке өскен.[2] 2010 жылғы санақ бойынша штаттың нәсілдік үлесі келесідей: ақ нәсіл (91,91 %), афроамерикандықтар (6,41 %), байрғы американдықтар (1,78 %), азиаттар (2,1 %), гавайлықтар және мұхиттық аралдардың байырғы халықтары (0,12 %). Ақ нәсілді халықтар негізгі рөлде немістер (33,75 %), ирландықтар (14,4 %), ағылшындар (14,1 %), француздар (4,4 %), шотландтар (4,2 %), голланддықтар (2,5 %) және швед (2,4 %) тектілер.[3]
2004 жылғы дерек бойынша 149 800 жуық адам (Канзас халқының 5,5 %-і ) АҚШ ішінде туылғандар.
Халық санының динамикасы:
Айдахо • Айова • Алабама • Аляска • Аризона • Арканзас • Батыс Вирджиния • Вайоминг • Вашингтон • Вермонт • Вирджиния • Висконсин • Гавайи • Делавэр • Джорджия • Иллинойс • Индиана • Калифорния • Канзас • Кентукки • Колорадо • Коннектикут • Луизиана • Массачусетс • Миннесота • Миссисипи • Миссури • Мичиган • Монтана • Мэн • Мэриленд • Небраска • Невада • Нью-Гэмпшир • Нью-Джерси • Нью-Йорк • Нью-Мексико • Огайо • Оклахома • Орегон • Пенсильвания • Род-Айленд • Солтүстік Дакота • Солтүстік Каролина • Теннесси • Техас • Флорида • Оңтүстік Дакота • Оңтүстік Каролина • Юта
Колумбия округы
Америкалық Вирджин аралдары • Америка Самоасы • Гуам • Пуэрто-Рико • Солтүстік Мариана аралдары
Бейкер • Джарвис • Джонстон • Кингмен • Мидуэй • Навасса • Пальмира • Уэйк • Хауленд