Вайо́минг (ағылш.Wyoming) — АҚШтың солтүстік-батысында орналасқан Таулы штаттар тобына жататын штат. Жер ауданы бойынша 10 орында — 253 348 км², халық саны бойынша АҚШ-та ең кіші штат-582,658 адам (50-ші орын). Әкімшілік орталығы және ең үлкен қаласы — Шайенн қаласы.
Географиясы
Вайоминг жер ауданы бойынша АҚШ-та 10 орын алады-253 348 км². Солтүстігінде Монтана штатымен, шығысында Небраска мен Оңтүстік Дакота штаттарымен, батысында Айдахо штатымен, ал оңтүстігінде Колорадо және Юта штаттарымен шектеседі. Жалпы аумақтың шекаралық формасы тіктөртбұрыш сияқты.
Штаттың батыс бөлігін Сеңгір таулары алып жатыр, ең биік нүктесі — Ганнет-Пик тауы (4207 м). Теңіз деңгейінен орташа биіктігі-2042 м. Батыс бөлігін Ұлы жазықтар территориясы алып жатыр, ал штаттың оңтүстік-батысында Вайоминг үстірті орналасқан.Штаттың 16 %-ға жуық аумағын қалың ормандар алып жатыр.
Тарихы
Археологтардың айтуынша, бұл өңірдегі алғашқы қоныстанушы-адамдар 13000 жыл бұрын өмір сүрген[1]. Дәстүрлі түрде үндістер тайпаларының кроу, шошоны, шайенны, арапахо, сиу тайпалары өмір сүрген.
1803 жылы "Луизиандық сатып алу" шартына сәйкес Вайоминг территориясы АҚШ-на өтті.
1869 жылы Вайоминг билігі АҚШ-да әйелдерге сайлау құқығын беру туралы жариялады.Сонымен қатар, штаттағы «Юнион Пасифик» теміржолының салынуы өңірдің дамуына көп үлес қосқан.
1890 жылы10 шілдеде Вайоминг АҚШ-ның 44-ші штаты болып жарияланды.Сол жылы штаттың конституциясы қабылданды.
Экономика
2012 жылға сәйкес аймақтың ЖІӨ (Жиынтық ішкі өнімі) $38.4 миллиард құрады.
Вайоминг штаты пайдалы қазбаларға бай.Басты шикізат түрлері — мұнай, табиғи газ, көмір және уран. Бұдан басқа, штаттың дамыған саласы-туризм. Басты ескерткіштері-әлемге танымал Йеллоустон ұлттық саябағы, Девилз-Тауэр және Гранд-Титон ұлттық саябағы.