Коста-Рика Ұлттық құрама командасы, лақап аты "Лос Тикос" — Коста-Риканың ұлттық құрамасы. КОНКАКАФ-қа кіретін құрамалар ішіндегі Мексика және АҚШ-тан кейінгі күшті құрама.
Тарихы
Коста-Рика футболдың ұзақ мәдениеті мен дәстүріне ие. Ұлттық құрама алғашқы ойынын Орталық Американың тәуелсіздігінің 100 жылдығына арналған чемпионатта 1921 ж. қыркүйекте өткізді. Жарыстағы алғашқы ойынында Сальвадор құрамасын 7-0 есебімен жеңді. Финалда Гватемала құрамасынан 6-0 есебімен жеңілді.[2]
Әлем чемпионатына тұңғыш рет 1990 жылы қатысты. Топтық турнирде Бразилиядан ғана ұтылып (0:1), қалған екі қарсыласын (Швеция мен Шотландияны) тізе бүктіріп 1/8 финалға жолдама алды. Аталмыш раундта 1:4 есебімен Чехословакиядан ұтылып қалды.
2002, 2006 жылдарғы әлем чемпионатында топтық турнирден өте алмады. Ал 2014 жылы Италия, Англия, Уругвайлармен өлім тобына түскеніне қарамастан бір матчта да ұтылмады. Әуелі 0:1 есебімен ұтылып тұрып, 3:1 есебімен Уругвайды тізе бүктірді. Екінші турда Италияның өзі қапы қалды — 1:0. Соңғы турда Англиямен ұпай бөлісті. Бұл ойында есеп ашылған жоқ. 1/8 финалда пенальтилер арқылы Грекияны қапы қалдырды да, өз тарихтарында бірінші рет 1/4 финалға шықты. Бұл кезеңде Нидерланд құрамасымен 120 минут бойы айқасты, есеп ашылмады. Пенальтилер сериясында еуропалықтардың жолы болды.
Жетістіктері
- КОНКАКАФ Алтын кубогы жеңімпазы: 1963. 1969. 1989
- КОНКАКАФ Алтын кубогының финалисі: 2002
Құрама ойыншылары
2018 жылғы әлем чемпионатындағы құрамы
№
|
Аты
|
клуб
|
Туған жылы, күні
|
Қақпашылар
|
1
|
Кейлор Навас
|
Реал Мадрид
|
15 желтоқсан 1986
|
18
|
Патрик Пембертон
|
Алахуэленсе
|
24 сәуір 1982
|
23
|
Леонель Морейра
|
Эредиано
|
4 сәуір 1990
|
Қорғаушылар
|
2
|
Джонни Акоста
|
Рионегро Агилас
|
21 шілде 1983
|
3
|
Джанкарло Гонсалес
|
Болонья
|
8 ақпан 1988
|
4
|
Ян Смит
|
Норрчёпинг
|
6 наурыз 1998
|
6
|
Оскар Дуарте
|
Эспаньол
|
3 маусым 1989
|
8
|
Брайан Овьедо
|
Сандерленд
|
18 ақпан 1990
|
15
|
Франсиско Кальво
|
Миннесота Юнайтед
|
8 шілде 1992
|
16
|
Кристиан Гамбоа
|
Селтик
|
24 қазан 1989
|
19
|
Кендалл Уостон
|
Ванкувер Уайткэпс
|
1 қаңтар 1988
|
22
|
Рональд Матаритта
|
Нью-Йорк Сити
|
9 шілде 1994
|
Жартылай қорғаушылар
|
5
|
Сельсо Борхес
|
Депортиво
|
27 мамыр 1988
|
13
|
Родни Уоллас
|
Нью-Йорк Сити
|
17 маусым 1988
|
14
|
Рэндалл Асофейфа
|
Эредиано
|
30 желтоқсан 1984
|
17
|
Ельцин Техеда
|
Лозанна
|
17 наурыз 1992
|
20
|
Давид Гусман
|
Портленд Тимберс
|
18 ақпан 1990
|
Шабуылшылар
|
7
|
Кристиан Боланьос
|
Саприсса
|
17 мамыр 1984
|
9
|
Даниэль Колиндрес
|
Саприсса
|
10 қаңтар 1985
|
10
|
Брайан Руис
|
Спортинг (Лиссабон)
|
18 тамыз 1985
|
11
|
Джохан Венегас
|
Саприсса
|
27 қараша 1988
|
12
|
Жоэль Кэмпбелл
|
Реал Бетис
|
26 маусым 1992
|
21
|
Маркос Уренья
|
Лос-Анджелес
|
5 наурыз 1990
|
Бапкер
|
|
Оскар Рамирес
|
8 желтоқсан 1964
|
Дереккөздер
Сілтемелер