Индиа́на (ағылш.Indiana) — АҚШ солтүстік-шығыс бөлігіндегі орналасқан штаты.Cолтүстік-шығыс центр аумағына кіреді.Жер ауданы бойынша елде 38-ші орында-94 321 км².Халық саны бойынша 70-орында- 6,666,818 адам (2017).Әкімшілік орталығы және ең үлкен қаласы-Индианаполис.Басқа ірі қалалары - Форт-Уэйн, Эвансвилл, Гэри, Саут-Бенд және Хэммонд.[2]
Елдің 6 штатымен шектеседі: солтүстігінде-Мичиган көлі арқылы Мичиган штатымен, шығысында- Огайо, оңтүстігінде-Кентукки және батысында-Иллинойс штатымен.
Климаты қоңыржай континеттік.Жазы ыстық және ылғалды.Қысы суық болып келеді.
Этностық құрамы
2010 жылғы халық санағы бойынша штатта:
85,8% Ақтар
8,4% Афроамерикандықтар
3,5% Латын американдықтары
1,0% Азиаттар
1,2% Аралас нәсілдер өкілдері тұрады.
Экономикасы
Штаттың ЖІӨ-і 2011 жыл бойынша $214 миллиард, ал жан басына шаққандағы орташа табысы-$31 150.Экономиканың негізгі салалары-көмір,мұнай,табиғи газ және әктас және алюминий.[3]