Дуайт Эйзенхауэр Техас штатындағы Грейсон аймағында, Денисон қаласында Дэвид Эйзенхауэр мен Айда Стровер Эйзенхауэр жанұясында дүниеге келді. 1891 жылы оны ата-аналары онымен бірге Канзас штатындағы Абилин қаласына жұмыс іздеп көшіп келді. Эйзенхауер 1909 жылы орта мектепті бітірді, бұдан соң Вест-Пойнт әскери академиясында 1911 -1915 жылдар арасында оқыды. Әскери академияны бітіргенен кейін танк қаруын жасау жөніндегі тактикалық зерттеулермен айналысып, АҚШ-тың әскери доктринасын сынағаны үшін әскери трибуналға түсе жаздады. 1922 – 1924 жылдары Панамада және 1936 – 1939 жылдары Филиппиндегі АҚШ-тың әскери базаларында қызмет атқарып, 1928 – 1929 жылдары Парижде әскери ескерткіштер жөніндегі комиссия мүшесі ретінде жұмыс істеді. Әлемдік экономика дағдарыс кезінде пікірлес офицер достарымен бірге “өнеркәсіптік мобилизациялау” жоспарын жасады. 1939 жылы әскери департаментке қызметке алынды. АҚШ Екінші дүниежүзілік соғысқа араласқаннан кейін Эйзенхауэр генерал Джордж Маршалл штабына офицерлік қызметке қабылданып, Бас штабтың шұғыл істер бөлімінің бастығы ретінде стратегиялық жоспарлау, соғысты психология және экономика жағынан жүргізу, техникамен жабдықтау жұмыстарына жауап берді.
1942 жылы қарашадан Солтүстік Африка мен Жерорта теңізіндегі одақтастар әскерінің қолбасшысы, 1943 жылы желтоқсаннан одақтастардың Батыс Еуропадағы экспедиялық әскери күштерінің жоғары бас қолбасшылығына тағайындалды. Соғыс аяқталғаннан кейін 1945 жылы ЭйзенхауэрГерманиядағыамерика аумағының әскери губернаторы болды. 1945 жылы қараша – 1948 жылы ақпан аралығында АҚШ армиясы Бас штабының бастығы қызметін атқарып, жалпыға бірдей әскери қызметті енгізді, әскери бөлімдердің азаматтық бақылау арқылы бірігуіне қол жеткізді. 1948 жылы маусымда зейнеткерлікке кетіп, 1950 жылдың қазанына дейін Колумбия унисерситетінің президенті болды және осы аралықта 2-дүниежүзілік соғыс туралы “Crusade іn Eurоpe” атты өмірбаяндық кітабын жазды. 1949 жылдың соңынан 1952 жылға дейін НАТО қарулы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарды. 1952 жылы Респуьликалық партия атынан сайлауға түсіп, АҚШ Президенті болып сайланды. Эйзенхауэр мемлекет басында болған кезде Кореядағы соғысты тоқтатуға қол қойылды, ішкі саясатта экономиканы тұрақтандыру бағытын ұстанды. Дегенмен Эйзенхауэр басшылығы сыртқы саясатта Таяу және Орта Шығыстағы тәуелсіздік алуға ұмтылған ұлт-азаттық қозғалыстарды басуға бағытталған доктрина ұсынды. АҚШ саясатының бұл бағыты әлем тарихында Эйзенхауэр доктринасы деп аталды. Ол сонымен бірге Кеңес Одағымен арадағы кикілжіңнің бәсеңдеуіне мүдделі болып, ядро энергияны бейбіт мақсатта қолдануға шақырды. Соның нәтижесінде 1954 – 1955 жылдары екі супер держава арасындағы жанжалды азайтуға бағытталған жоғары деңгейдегі Женева конференциясы өткізілді. Эйзенхауэр 1956 жылы қазанда Ұлыбритания, Франция және Израиль мемлекеттерін өз әскерлерін Суэц каналынан алып кетуге мәжбүр етті. Президент қызметінен кеткеннен кейін өмірінің соңына дейін саясатпен айналыспай, екі томдық естелік кітап жазды. 1961 жылы қаңтардағы американ халқына жолдаған қоштасу сөзінде ол аса қуатты “әскери-өнеркәсіптік кешеннің” әлемге қауіп төндіретіндігін айтып, онымен күресу қажеттігін ескертті. Эйзенхауэр президент болған жылдары АҚШ қуатты да бай елге айналды, ішкі және сыртқы саясатта пәрменді саясат ұстанды. Эйзенхауэр шет елдердің көптеген ордендерімен, соның ішінде Кеңес Одағының “Жеңіс” орденімен (1945) марапатталған.[1]
Дiни нанымы
Дуайт Эйзенхауердің әкесі Дэвид Америка Құрама Штатына1741 жылы Германиядан діни қудалаудан қашып келген Ганс Николаус Айзенхауер жанұясынан шықты. Ол меннониттердің протестанттық общинасына жататын еді. Дуайт Эйзенхауердің анасы Айда басында «Речные братья» менноиттік бағытының біріне жататын, тарихшылардың айтуы бойынша, шамамен 1895 және 1900 жылдар арасында «Сторожевая Башня» ұйымына көшкен, қазіргі уақыттардағы әлемге «Свидетели Иеговы» атауымен белгілі болған христиан жанұясында дүниеге келіп, тәрбие алды.
Эйзенхауерлер үйінде үнемі дисциплина мен тәртіп салтанат құратын, таң атқанда және ұйқыға кетер алдында бірінші қабатқа жиналып алып, әрқайсысы Киелі кітапты (бөлімін) оқитын. Эйзенхауерлер сол уақытта Дуайт әскери істі меңгеруге ұмтылған уақытта соғысқа қатты қарсылық білдірген пацифистер болатын.
Әкесі оған Наполеон, Ганнибалл және басқа ұлы қолбасылардың шайқастарын суреттейтін кітаптар әкеліп беретін. 1911 жылы ол әскери академияға оқуға түскен кезінде, анасы 400 жыл бойында олардың арғы тегінде әскери адам болмаса да, ұлының мамандық таңдауын талқылауға бір ауыз да сөз айтпаған болатын. Эйзенхауэр 1953 жылы 1 ақпанда Пресвитериан шіркеуінде шоқынды. Бұл қызметтегі президенттің шоқындыру рәсімінен өткен бірден-бір танымал тарихи оқиға болатын.
Өзінің отставкаға кетуінен кейін ГетсбургтегіПресвитериандық шіркеуінде заң жүзіндегі мүшесі боп қала берді.[2] Алайда оның президенттік кітапханасының кішкене шіркеуі интер-дінді болды, яғни ешбір дінге жатпайтын еді.
Әскери мансабы
Бірінші дүниежүзілік соғысы
1917 жылдың 6 сәуірінде АҚШ германияға соғыс жариялады. Бірнеше күн өткен соң, Эйзенхауэр капитан шенін алды.
1917 жылдың 1 сәуірінен бастап ол мұхиттың арғы жағына 57-ші жаяу полкын жіберуге даярлық жасауға Техас штатындағы Леон Спрингсте болды.
1917 жылы 20 қыркүйекте Джорджиидегі Оглерон фортында офицерлерді оқытуға арналған лагерьде инструкторлыққа жіберілді. Бұдан кейін де әр алуан лагерьде бірнеше бекіту бойынша жұмыс істеді.
1918 жылдың 17 маусымында Эйзенхауэрді танкистер даярлаудағы сәтті ісіне медальмен және майор шенін алды. Дуайт өзін соғысқа жіберуін өтінген рапортты бірінен соң бірін жіберді, соңында оның талабы орындалды, алайда Еуропаға жіберілуіне бірнеше күн қалғанда Германиямен бейбітшілікке қол қойылғаны туралы хабарлама келді.
1933-1935 жылдар аралығында әскер штабының басшысы генерал Макартураның көмекшісі боп жұмыс істеді.
Бұдан кейін ол 1939 жылға дейін Филлипинде қызмет етті. 1941 жылды наурыз айы мен желтоқсанында әскердің штабында басшы болды. Бұдан кейін ол полковник шенін, кейін бригада генералы шенін алды.
Екінші Дүниежүзілік соғыс
1941 жылдың желтоқсан айында АҚШ Екінші Дүние соғысқа қатынасты. Басқы кездері Эйзенхауэр әскери және армияның оперативті жоспарлау бөлімінде генерал Джордж Маршалл басшылығымен бірге басқарушылық орындарды иеленді.
1942 жылдың қарашасынан 1943 жылдың қазанына дейін Солтүстік Америка, Сицилия және Италия жеріне басып кіруде Одақтастар күшіне басшылық етті. Тегеран конференциясынан кейін екінші майдан ашылды да, Эйзенхауэр экспедициялық күштің Жоғарғы басқолбасшысы болды.
Ол 1944 жылы 6 маусымда Нормандияға әскер түсіруде англо-американ күшіне жетекшілік етті. Сәтті қондырылудан кейін адютант Эйзенхауэрдің қалтасынан жеңіліс табу жағдайында жазылған дайын мәтін табылды: «Біздің Шербур-Гавр ауданында қонуымыз плацдармның шегеру алып келмеді. Менің бұл уақыттағы шешімім шабуылдау болатын және бұл жерде мен ойлаған ақпаратқа негізделген еді. Егер, бұл жердегі сәтсіздікке кім кіналы болса, ол мына мен.»
Соғыс аяқталған соң, Эйзенхауэр маршалл Жуковпен дастық қарым-қатынаста болды. Алайда оның әскери мансабының соңына қарай 1947 жылы ол салқын соғыстың жақтасына айналды.
Президенттің аса маңызды еңбегі 1956 жылы федералды заңшығару актісін қабылдай отырып, жұмыстың бастамасы басталып кеткен АҚШ штатаралық автомагистраль Жүйесін салуды ұйымдастыру болатын.
Президенттік мансабы
Билікке келген соң, Эйзенхауэр Кореядағы соғысты тоқтатты.
Эйзенхауэрдің қалтқысыз еңбегінің бірі «Антиамерикалық істер тергеуі бойынша комиссия» жұмыстарын тоқтату, маккартизм тәжірибесін солақай сенiмдерде қудалауды аяқтау және сенатор Маккртидің өзіне сенімсіздік білдіру жұмыстарын айтуға болады.
КСРО-мен қарым-қатынасы
Эйзенхауэр 1955-1959 жылдар арлығында екі рет жоғары дәрежеде кеңестік-америкалық кездесу ұйымдастырды. Алайда ол соғыстың және қару-жарақтар жарысының жақтасы болды.
Ішкі саясат
1954 жылыГватемалада, Эйзенхауэр ойынша, коммунизм орнатуға жол салған және кеңестік тұрғыда икемдеген осы елдің президенті Хакобо Арбенсті құлату мақсатында ОТБ интервенциясы ұйымдастырылды. Арбенс ығыстырылды. 1956 жылы Египетте англия компаниясына жататын Суэтск каналын мемлекеттік меншікке айналдырды. Ұлыбритания, Франция, Израиль жауап ретінде соғыс қимылдарын бастады. АҚШ пен КСРО олардың қарсылығын тоқтартуына шақырды. КСРОФранция мен Ұлыбритания қатынасындағы ядролық қаруды қолдануы мүмкiндiгін ескертті, осыдан кейін олар кейін шегінді
1960 жылы Эйзенхауэрден кейін Джон Кеннеди сайланды. Ақ үйден кеткен соң, Эйзенхауэр саясаттан да кетті. 1968 жылы соңғы 13 жыл шамасында төртінші инфаркті бастан өткерді. Ол Вашингтондағы Уолтер-Рид әскери госпиталінде жатып, оның жұбайы Мейми үнемі жанында болған еді. 1969 жылы 28 наурызда Эйзенхауэр қайтыс болды – Мейми жанында болып, оның қолынан ұстап отырды. Дуайт Эйзенхауэрдің немересі Сюзан россиялық танымал оқымысты-физик Роальд Сагдеевпен некелескен еді.
Марапаттары
АҚШ марапаттары
Шет мемлекеттер марапаттары
Естелік
Эйзенхаууэр туралы ақша және пошталық марка шығарылған.