Джордж Уэлс Бидл (ағылш. George Wells Beadle; 22 қазан 1903, Уаху, Небраска — 9 маусым 1989) — америкалық генетик, «Бір ген — бір фермент» гипотезасының авторы.[1]
Өмірбаян
1926 жылы Небраска-Линкольн университеті бітіріп, одан кейін Корнеллді бітірді. 1931—1936 жылдары Калифорния технологиялық институты қызметкері. 1937—1946 жылдары Стэнфорд университеті профессоры. 1946—1961 жылдары Калифорния технологиялық институтында профессор, биология кафедрасының меңгерушісі.
1961—1968 жылдары Чикагского университеті президенті. 1968—1982 жылдары Америка медициналық ассоциациясының биомедициналық зерттеулер институтының директоры.
Негізгі жұмыстары
Цитология және Генетике бойынша, сондай-ақ метаболизмді генетикалық бақылау саласындағы зерттеулердің, тұқым қуалаушылықтың физикалық және химиялық принциптері бойынша еңбектердің авторы. Гендердің табиғаты мен функциясын жан-жақты зерттеген (жүгеріге, дрозофила шыбынына және нейроспора саңырауқұлақтарына) байланысты эксперименттерінде, бактериялардың өзінің генетикалық субстанциясын бөтенмен біріктіру әлеуетін анықтады.
Нобель жүлдесі
Микроорганизмдердің генетикасы бойынша өз зерттеулері үшін Э. Тейтеммен және Дж. Ледербергпен бірге Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1958).
Шығармалары
- Genetical and cytological studies of Mendelian asynapsis in Zea mays, N. Y., 1930;
- An introduction to genetics…, Phil. — L., 1939 (A; H. Sturtevant-пен бірге);
- Genetic Control of Biochemical Reactions in Neurospora, Proc.N.A.S. 1941 (E. L. Tatum-мен бірге);
- Genetic control of metabolism, [Wash., 1952];
- Genes and chemical reactions in Neurospora, в кн.: Les prix Nobel en 1958, Stockh., 1959.
Қайнар көзі