Гендер

Гендер - 1. (жалпы мағынасы)- анатомиялық жыныс бойынша еркектер мен әйелдер арасындағы ерекшелік; 2. (әлеуметтік мағынасы) негізі анатомиялық жыныста құрылған, бірақ онымен сәйкес келуі міндетгі емес әлеуметтік бөлу. Сайып келгенде, терминнің әлеуметтік қолданылуы күнделіктімен сәйкес келмеуі мүмкін.[1][2]

Жыныс – адамдардың биофизиологиялық айырмашылықты бітімін білдірсе, гендер – əйел мен ердің қоғам туғызған əлеуметтік бейнесі. Грамматикалық тек (род) категориясын білдіретін ағылшын термині «gender» лингвистикалық контекстен алынып, алдымен басқа ғылым салаларының – əлеуметтік философия, əлеуметтану, тарих жəне саясаттану ғылымдарының зерттеу нысанына айналды. Кейінірек гендерлік зерттеулер шеңбері кеңейіп, пəнаралық мəртебе алған кезеңде гендер термині тіл біліміне жаңа мағынада енді. Тұңғышрет гендер (тек) ұғымын ғылыми тіркеске американдық психоаналитик Роберт Столлер 1968 жылы енгізді, ғалым бұл сөзді өзінің «Жыныс жəне гендер» еңбегінің атына пайдаланды. Жыныс пен гендер арасындағы терминологиялық айырмашылықты нақты айқындап берген Г. Рубин мен Р. Унгердің еңбектері болды. Gender терминінің өзі лингвистикалық терминологияға кейіннен енді. Сондықтан тіл білімінде genus, sexus, gender категориялары айқын ажыратыла бермейді. Бұл категориялар тілдегі жыныс мəселесін зерттеудің тарихи ерекшеліктерімен түсіндіріледі. «Ағылшын термині гендер (gender) бекітілді, көптомдық сөздіктерде, өзге де қазақ сөздіктерінде аударылмаған да түсіндірілмеген, бірақ оның қазақша баламасы жыныс екені даусыз. Сырт көзге əр қилы мəтінде бұл балама гендерге барабар бола бермейтін сияқты көрінуі мүмкін. Бір қарағанда, солай. Ал, байыбына барсақ, гендер сөзінің əрқилы ғылым саласындағы əлеуметтік жүктемесіне сай, оның қазақша баламасы жыныс сөзін де екі мағынада қолдануға болады: 1) биологиялық, яғни жалпы мағынасы. Жыныс деген – еркек пен əйел арасындағы анатомиялық айырманы білдіретін термин. Биологиялық жыныс екеу, ол – еркек пен ұрғашы; 2) əлеуметтік мағына.[3]

Дереккөздер

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
  3. Хасанұлы Б. Гендерлік лингвистика жəне Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығының гендерлік сыны // Сборник материалов международной научно-практической конференции. Павлодар: ПГУ им. С. Торайгырова, 2005. 264-276 бб.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!