Эмилио Джино Сегре

Эмилио Джино Сегре, 1959

Эмилио Джино Сегре (Segre) (01.02.1905 жылы туған, Рим маңындағы Тиволи қаласы) - итальян физигі. Рим университетін бітірген (1928). Сегре 1930-36 жылы Рим университетінде, 1936-38 жылы Палермо университетінде, 1938 жылдан бастап АҚШ - тағы Калифорния университетінде (1946 жылдан оның профессоры), 1943 - 46 жылы АҚШ -тың Лос-Аламостағы ұлттық лабораториясында қызмет істеді. Ол 1934-36 жылы Э.Ферми сияқты ғалымдармен бірге протон әсерімен жүретін ядролық реакцияларды зерттеді. Технеций (1937), астат (1940), плутоний (1940 - 41) сияқты элементтерді ашуға, сондай-ақ антипротонды алуға (1955) қатынасты.

Сыйлықтары

АҚШ және Италия Ұлттық академияларының мүшесі. Нобель сыйлығының лауреаты (1959).

Қолданылған әдебиет

Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 97 бет

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!