1934 жылы П. А. Черенков зарядталған бөлшектер су арқылы өткенде өздерінен жарық бөлетінін байқаған. И. М. Франк пен И. Е. Тамм байқалған эффектті белгілі бір ортадағы бөлшектердің сол ортадағы жарық жылдамдығынан артық жылдамдықпен қозғалысын зерттеу арқылы түсіндірген. Бұл зерттеу жоғарғы энергияны иеленетін ядролық бөлшектердің қозғалысын зерделеудің жаңа тәсілінің шығуына әкелді. Бұл әдістің қазіргі ядролық физика үшін маңызы өте зор болып табылады.
бірінші әйелі - Э. А. Бейлихис Кеңес Одағының белгілі тарихшысы. Неке 1937-1960 жылдар аралығында созылды. Бірінші некеден ұлы бар.
ұлы - А. И. Франк (1941 жылы туған), ядролық физика ғалымы, физика-математика ғылымдарының докторы, әкесі қалдырып кеткен нейтрон физикасы зертханасының басты ғылыми қызметкері
екінші әйелі - Марина Михайловна Назарова (1966—1990 жылдар аралығында некеде)
ағасы - Г. М. Франк, биолог, КСРО Ғылым Академиясының академигі
Құрмет
2008 жылы И. М. Франктың құрметіне арнайы пошта маркасы шығарылған болатын.
2008 жылдың 1-қазанында Ресей Банкі арнайы номиналы 2 рубль болатын күміс тиын шығарған болатын. Оның артқы жағында Франктың суреті мен Вавилов-Черенков сәулеленуінің графикалық моделі салынған.