Джордж Кэтлетт Маршалл (ағылш. George Catlett Marshall, Jr., 1880, желтоқсанның 31 — 1959, қазанның 16, Вашингтон) - АҚШ саяси және әскери қайраткері, армия генералы (1944). Маршалл жоспарының бастаушысы еді. Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері. АҚШ мемлекеттік хатшысы және АҚШ қорғаныс министрі болған.
Пеннсильвания штатының Юнионтаун қаласында дүниеге келген.
1901 жылы Виргиния әскери институтын бітірген. Филиппинда әскери қызмет еткен. Бірінші дүниежүзілік соғысында қатысқан.
1938 жылдан бері АҚШ армиясының штаб басшысы болған. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде АҚШ президентінің әскери кеңесшісі болған. Хиросима мен Нагасаки атом бомбалануы, Маршалл жоспары, Солтүстік Атлантикалық Альянс (НАТО) құрылуы, Кореяда соғыс және тағы басқа маңызды тарихи оқиғалар Джордж Маршаллдың тікелей қатысуымен, ұйымдастыруымен, басқарыумен және жүзеге асыруымен өткізілген еді.
Ялта, Тегеран конференцияларына АҚШ делегациясының құрамында қатысқан.