Акцессор минералдар, акцессориялар (латынша accessorіus — қосымша) — тау жыныстары құрамында өте аз (мөлшері 1 пайыздан аспайды) тараған минералдар. Акцессор минералдар тау жыныстарын құрайтын минералдар құрамында сирек және кентасты элементтердің минералдық шашырауы мен шоғырлануының ерекше түрі болып табылады.
Тау жыныстары бұзылғанда акцессор минералдар әдетте тотығу белдемінде жиналады, кейде өндірістік маңызы бар кендер түзеді. Әсіресе, сирек металды акцессор минералдардың (тантал-ниобаттар) маңызы зор. Сонымен бірге, олар стратиграфиялық және петрографиялық корреляттауда, тау жыныстарының жасын анықтау үшін қолданылады.[1]