Моноклиндік сингонияда кристалданып, қалақша, қысыңқы призма, сына тәрізді кристалдар түзеді. Агрегаттары түйірлі масса, қосақтар түрінде болып келеді. Түсі сары қоңыр, жасыл, кейде қызыл, сұр, қара. Жымдастығы бір бағытта жетілген, алмастай жылтыр; қаттығы 5 – 6,5, тығыздығы 3,3 – 3,6 г/см3. Сфен магм., метаморфтық, жапсарлық-метасоматиялық, гидротермалды процестерден жаралады. Нефелин, эгерин, циркон, апатиттермен және силикаттармен бірге кездеседі. Қазақстанның кейбір титанды-цирконды, қалайылы қорымдары мен сілтілі интрузияларында сфен бар. Сфен титанның қос тотығын өндіруде қолданылады.[1]