Нефелин , элеолит (грек. nephele – бұлт) – силикаттар класының фельдшпатиттер тобындағы сілтілі тау жыныстары мен олардың пегматиттерін құраушы басты минерал. Химиялық формуласы Na(AlSіO4). Түсі ақ, сарғыш, қызғылт реңді, кристалл күйінде түссіз. Жылтырлығы күңгірттенген май тәрізді, жымдастығы байқалмайды, қаттылығы Моос шкаласы бойынша 5,5 – 6, тығыздығы 2,5 – 2,65 г/см3. Гексагондық сингонияда кристалданады, түйірлі тұтас масса құрайды, жеке кристалдары призма тәрізді. Нефелин алюминий, сода өндіруде, жасыл шыны, силикагель, ультрамарин алуда, тағы басқа қолданылады. Кендері солтүстік және батыс Қазақстанда (Борсықсай) кездеседі.[4]