Флюорит (лат. fluorum — фтор), балқытқыш шпат — фторидтер тобына жататын минерал. Химия формуласы: CaF2; құрамында: Ca — 51,33%, F — 48,67%, қоспалары: U, Mn, Cl. Кубтық сингонияда кристалданып, кристалдары куб, октаэдр, пирамидалды гексаэдр пішінді, ал агрегаттары топырақ тәрізді тығыз масса, сояу, друза түрінде болып келеді. Кубтың төбелері мен қырларында Са мен F орналасып, кальцийдің әр ионы фтордың 8, ал фтордың әр ионы кальцийдің 4 ионымен қоршалған. Құрамында сан алуан минералдар[5] мен элементтердің болуына орай Флюориттің түсі әр түрлі болып келеді, көбінесе түссіз, солғын сары, жасыл, күлгін, шыныдай жылтыр. Қатт. Моос шкаласы бойынша 4, морт сынғыш, тығызд. 3,180 г/см3; жіктілігі жақсы жетілген. Флюорит гидротермалдық, пневматолиттік процестер кезінде кентас желілерінде, грейзендерде, пегматиттерде түзіледі. Флюорит металлургияда флюс ретінде, керамикада эмаль, фторлы қосылыстар, криолит алуға қолданылады. Оптикика Флюориттен арнаулы линзалар, объективтер, спектрографтар мен лазерлердің призмалары жасалады. Қазақстанда Флюориттің Құланкетпес, Тасқайнар, Солнечное, т.б. кең орындары барланған. Флюоритті Үлбі металлуия з-ты пайдаланады.[6]
Флюорит — фторидтер класына жататын минерал. Химиялық формуласы:СаҒ2. Сингониясы — текшелік, кристалдары — текше, кейде октаэдр, додекаэдр;агрегаттары — сеппе күйінде, тұтас түйірлімасса. Түсі — күлгін, жасыл, сары, көгілдір,түссіз; жылтырлығы — шыныдай; қаттылығы — 4, жіктілігі жетілген, меншікті салмағы — 3,18. Гидротермалық және шөгінді жолмен қалыптасады. Флюорит металлургияда, оптикада пайдаланылады. [7]
<ref>
Mindat