21 желтоқсан — Григориан күнтізбесінде жылдың 355-ші күні (кібісе жылдарда 356-шы). Жылдың аяғына 10 күн қалады.
Мерекелер
Тағы қараңыз: Санат:21 желтоқсан мерекелері
Оқиғалар
- 1898 — Пьер және Мари Кюри радий химиялық элементің ашты.
- 1937 — Голливудта анимация тарихында алғаш рет толықметражды мультфильм «Ақшақар мен жеті гном» жарық көрді
- 1957 — Гондурас конституциясы қабылданды.
- 1990 — Ақмолада (қазіргі Астана қаласы) Максим Горький атындағы орыс драма театры ашылды.
- 1991 — Алматыда «ТМД»-ның мақсаттары мен ұстанымдары Декларациясына» қол қойылды.
Туғандар
- 1401 — Мазаччо, италиялық кескіндемеші, Флоренциялық кватроченто кескіндемесінің көрнекті өкілі.
- 1773 — Роберт Броун, Броундық қозғалысты ашқан британдық ғалым.
- 1796 — Томаш Зан, поляк ақыны (1851).
- 1872 — Иосиф Виссарионович Сталин, КСРО мемлекеттік, саяси және әскери қайраткері.
- 1890 — Герман Джозеф Меллер, америкалық генетик, физиология және медицинадан 1946 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
- 1917 — Генрих Бёлль, неміс жазушысы, 1972 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. (1985).
- 1967 — Михаил Саакашвили, грузин және украин саяси және мемлекеттік қайраткері
Қайтыс болғандар
- 1375 — Джованни Боккаччо (1313), итальян жазушысы, «Декамерон» шағырмасының авторы.
- 1603 — III Мехмет (1566), Османлы мемлекетінің 13-ші сұлтаны, Ислам халифатының 78-ші халифі, ақын, қолбасшы.
- 1940 — Фрэнсис Скотт Фицджеральд (1896), америкалық жазушы.
- 1958 — Лион Фейхтвангер (1884), неміс жазушысы.
- 1989 — Сэмюэл Беккет (1906), ирландық жазушы, драматург, 1969 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
- 2009 — Эдвин Кребс, (1918), американдық биохимик, 1992 жылғы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты.
Сыртқы сілтемелер