1921 – «Жас алаш» газетінің бірінші саны жарыққа шықты. Көптеген жылдар бойы «Лениншіл жас» аталып келген бұл басылымның қазақ жастарының болмыс – бітіміне әсер – ықпалы, ұлттық журналистиканың озық дәстүрлерін қалыптастырудағы орны ерекше. Ғасыр соңында газет заман талабына сай, тәуелсіз сана тұрғысынан жаңаша түледі.
1989 – талай жылдар бойы діни мереке деп саналып, тыйым салынып келген, соңғы рет 1926 жылы аталған Наурыз мейрамы Қазақстанда қайтадан ресми түрде атала бастады. Бұл іске көрнекті мемлекет қайраткері, этнограф – ғалым Өзбекәлі Жәнібеков көп еңбек сіңірді.