Іле Алатауындағы 3000-3500 м биіктіктегі екі қуатты мұздықтан басталады.
Гидрологиясы, қоректенуі
Ұзындығы - 96 км. Су жиналатын ауданы - 425 км2. Биік тау бөлігінде өзен арнасы тік, шатқалды, ені 5,0 - 7,0 м, тереңдігі 0,5 - 0,6 м, төменгі ағасында ені 8 м, тереңдігі 0,5 м. Жылдық орташа су ағымы Терісбұлақ сағасында секундына 5,0 м3-ге жуық. Мұздық, көп жылдық қар, жауын-шашын суымен толығады. Сел қаупі өте күшті өзендердің бірі. 1921 және 1950 жылы жойқын сел жүрді. Сел қаупіне қарсы осы өзен арнасы басып өтетін Үлкен Алматы көліне бөгет салынған. Қала ішіндегі арнасы бетондалған, Сайран демалыс бөгені жасалған. Өзенде сел қоймасымен 40-метрлiк темiрбетонды бөгет құрастырылған. Үлкен Алматы бойында бірнеше СЭС, санаторийлер, оқушылар демалатын лагерьлер бар.
Өзеннiң негiзгi қоректенуi - жартастар, мұздықтар және мәңгi қарлардың облысы. Аршаның тоғайлары бар биiк тау шалғындары төменде көрiнiп қалады, қылқан жапырақ және жапырақты орманды белдiктер өтедi.
Салалары
Ірі салалары: Өткелді, Терісбұтақ (теңiз деңгейiнен 3200 м биiктiкте Іле Алатауының баурайынан басталады, ұзындығы -11 км, су жиналатын ауданы 32,3 км2), Қызылкүнгей, Серкебұлақ, Құмбел, Аюсай. [1]