Өзен бастауы - арнада тұрақты ағыс байқалатын орын; ағын су арнасында судың ағысы үнемі байқалатын жері. Өзен бастауы бұлақ, қайнар, көз, тұма, мұздық тілі және т.б. болуы мүмкін. Батпақтан басталатын өзендерде, түрақты арнасы бар, ашық ағын басталатын нүкте, көлдерден басталатын өзендер үшін көлдің жағалық сызығын арнаның кесіп өткен нүктесі Өзен бастауы болып есептеледі.[1][2]