Меандр немесе Өзен ирелеңі — (Кіші Азиядағы ирелеңділігі аса жоғары өзен аты) — өзен айналымы, жазық өзендері арнасының баяу ағысты иіндері. Меандрдың қисықтық радиусы өзендегі судың молдығы мен ағыс жылдамдығына тәуелді. Меандрдың қалыптасуына негізгі өзен ағынымен сәйкес емес ағыстар себепші болады: беткі ақпалар ойыс жағаға, ал тасындыға қаныққан түптік акпалар шығыңқы жағаға карай бағытталады. Ойыс жаға, әдетте, тік әрі биік, шығыңқы жаға қайырланған, көлбеу болып келеді. Өзен иіндері біртіндеп тұзақ сипатқа ауысады. М. — шектелген, еркін, бітпеген болып жіктеледі. [1] Өзен ирелеңі үлкен жайылмасы бар жазық жердегі өзендерге тән бұрылыстар, өзен ирелеңінің екі түрі бар:
Өзеннің ирелеңділігі – өзен арнасының иректелу пішінінің дәрежесі. Өзеннің режіміне, алабы мен аңғарының геологиялық құрылысына және топырақ құрамына байланысты. Өзеннің ирелеңділігі коэффиңиентімен бастауы және сағасының арасындағы ұзындығының олардың арасындағы түзудің ұзындығына қатынасымен сипатталады.[3]