Өткелді (орыс. Проходная) – Үлкен Алматы өзенінің сол саласы.
Бастауы
Бастауын Іле Алатауындағы Проходной асуының мұздықтарынан, 3418 м биiктiктен алады.
Гидрологиясы
Ұзындығы 21 км, су жiберудi аудан 83,3 км2. Енi 5,0 - 6,5 м, тереңдігі 0,20 - 0,80 м. Өзен қыс айларында да ағынды, жазда тасқын қауiптi. Өзенде Алма-Арасан шипажайы орналасқан. [1]
Дереккөздер