Юра (департамент)

Юра (фр. Jura) — Францияның шығысындағы департамент, Франш-Конте аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 39. Әкімшілік орталығы — Лон-ле-Сонье. Халық саны 251 мың адам (департаменттер арасында 79-шы орын, 1999 ж.). Ең ірі қаласы — Доль.

Тарихы

Юра — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Франш-Конте провинциясының аймағында пайда болған. Атауы Юра тау жүйесінен шыққан.

Департамент аумағында кезінде Евгенд (V—VI ғасырда) және Рибарий (VIII ғасыр) басщылық еткен ежелгі Сен-Клод монастырьі орналасқан.

Географиясы

Жер аумағы 4999 км².

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

Департамент 3 округ, 34 кантон және 545 коммунаны қосады.

Климаты

Юра климаты әр аймақтардағы жер бедеріне байланысты. Жазық жерлердің климаты бірқалыпты болса, таулы жерлерінде суық қатты қыс (атап айтқанда, Юрада Францияның ең төменгі температурасы тіркелген — минус 47 °C).

Экономикасы

Юрада жүзім өсіру жақсы жетілген. Юра Шараптары өзінің ерекшеліктерімен танылған.

Тағы қараңыз

Сілтемелер


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!