Эро (фр.Hérault, окс.Erau) — Францияның оңтүстігіндегі департамент, Лангедок-Руссильон аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 34. Әкімшілік орталығы — Монпелье. Халық саны 896,4 мың адам (департаменттер арасында 22-ші орын, 1999 ж.).
Географиясы
Жер аумағы 6101 км². Департамент арқылы Од, Орб, Эро, Видурль өзендері ағып өтеді. Солтүстігінде Севенна тау жүйесі орналасқан.
Департамент 3 округ, 49 кантон және 343 коммунаны қосады.
Тарихы
Эро — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Лангедок провинциясының аймағында пайда болған. Атауы Эро өзенінен шыққан.