Атлантикалық Пиреней (фр. Pyrénées-Atlantiques, баск Pirinio Atlantikoak, окс. Pirenèus Atlantics) — Францияның оңтүстік-батысындағы департамент, Аквитания аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 64. Әкімшілік орталығы — По. Халық саны 600 мың адам (департаменттер арасында 37-ші орын, 1999 ж.). Ірі қалалары — Байонна, Биарриц, Англет.
Географиясы
Жер аумағы 7645 км². Департамент арқылы Адур, Бидассоа, Нивель, Уабиа өзендері ағып өтеді. Испаниямен шекарасында Францияның ең оңтүстік қаласы —Андай орналасқан.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Департамент 3 округ, 52 кантон және 547 коммунаны қосады.
Климаты
Батыс пен солтүстікпен салыстырғанда таулы жүйенің шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын аз болады; құрғақ аймақтар Каталонияның батысындағы Пиренейге дейінгі аңғарлар (салыстыру үшін: Адрал қаласында 636 мм / г және Атлантикалық Пиренедегі 1500 мм / г-ден астам).[1]
Биарриц
Биарриц белгілі бір геологиялық жерде орналасқан: ландес (la côte landaise) жағалауы Англлетке (Anglet) дейін созылып, 200 км тік және төмен құмды жағалаулардан құралған. Алайда, Биаррицтен бастап, Баск жағалауы әлдеқайда жартастарға толы.[2]
Тарихы
Төмегі Пиреней — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Гиень, Гасконь және Беарн провинцияларының аймағында пайда болған. 1969 жылы қазанда Төменгі Пиреней Атлантикалық Пиреней болып өзгертілді.
Қосымша
- ↑ Пиреней климаты - айналадағы жауын-шашын деңгейі мен температура.
- ↑ Биарриц Атлантикалық Пиреней Департаментіне жататын сәнді курортты қала. Оның географиясы.
Тағы қараңыз
Сілтемелер
|
---|
| Құрлықтық Франция: | | |
---|
| Теңіз ар жағындағы аймақтар: | |
---|
|