Об (фр.Aube) — Францияның солтүстік-шығысындағы департамент, Шампань-Арденне аймағындағы департаменттердің бірі. Департаментке Сенаның негізгі тармағы Об өзенінің атауы берілген. Реттік нөмірі 10. Әкімшілік орталығы — Труа. Халық саны 303298 адам (департаменттер арасында 75-ші орын, 2009 ж.).
Географиясы
Жер аумағы 6004 км². Аумағының әктасқа бай топырағы шарап өнеркәсібінің дамуына зор ықпал етуде.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Департамент 3 округ, 33 кантон және 433 коммунаны қосады.
Тарихы
Ерте периоды
Алғашында департамент аумағында трикастар мен лингон тайпалары мекен еткен. Біздің заманымыздан бұрын 400 жылға таман халық тығыздығы өте жоғары болған деген мәліметтер кездеседі.
Клерволық Бернард 1129 жылыТруа шіркеу соборында сөз сөйлеуіннен бастап танымал бола бастады. Онда ол нәтижесі ауыр болған Екінші крест жорығына халықты шақырды.