Шу ауылдық округі – Түркістан облысы Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы
Құрамына Шу ауылы кіреді. Орталығы – Шу ауылы.[1] Округ құрамында болған Торыұстаған ауылы 2015 жылы таратылған.[2]
Халқының саны (2009, 2021)[3]
Елді мекен |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
Шу ауылы |
689 |
▼644 |
93,5 |
365 |
▼341 |
93,4 |
324 |
▼303 |
93,5
|
Әкімшілік бөлімшелері
Ауылдық округте орта мектеп, емхана, балабақша, ауылдық клуб, кітапхана, Қазпошта бөлімшесі, байланыс бөлімшесі, мешіт бар.
Мақсаттары
Шу ауылы КСРО Министрлер Кеңесінің 1962 жылғы «Шөл және шөлейт аймақтарды игеру туралы» Қаулысына сәйкес Тасты кеңшарының №3 «Ірі қарамал» фермасынан бөлініп шығып, Шу кеңшары болып құрылған. Бұл аймақта колхоз құрылымы болмаған.
Ауылдық кеңес төрағалары
Ауылдық кеңес төрағалары болып Әділова Шәмшия (1962-1976 жылдары), Әділов Тілеубай (1976-1986 жылдары), Ақылбаев Төлен (1986-1989 жылдары), Белхожаева Жомарт (1989-1992 жылдары), Тілеубергенов Құдайберген (1992-1993 жылдары) жұмыс атқарған.
Кеңшар директорлары
Кеңшар директорлары болып:
- Берістемов Жақсылық (1962-1965 жылдары),
- Шаймерден Бабажан (1965-1973 жылдары),
- Жұмашов Совхозбек (1973-1976 жылдары),
- Ерімбетов Жұмаділда (1976-1982 жылдары),
- Түкібаев Тілеш (1982-1987 жылдары),
- Тілеубергенов Құдайберген (1987-1992 жылдары),
- Таңатов Батырхан (1992-1995 жылдары),
- Шойбеков Жарас (1995-1998 жылдары) қызмет атқарған.
Ауыл әкімдері
Ауыл әкімдері болып Тілеубергенов Құдайберген (1993-1994 жылдары),
Кетпенов Мұхамедия (1994-1999 жылдары),
Жандәулетов Шарап (1999-2002 жылдары)қызмет атқарған.
2002 жылдан бері Дастанов Бейсенбі ауыл әкімі қызметін атқарып келеді.[4]
Дереккөздер