Сызған ауылдық округі – Түркістан облысы Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы
Құрамына Босбұлақ, Қайнар, Қозмолдақ, Сызған ауылдары кіреді. Орталығы – Қозмолдақ ауылы.[1]
Халқының саны (2009, 2021)[2]
Елді мекен |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
Босбұлақ ауылы |
291 |
▲322 |
110,7 |
148 |
▲163 |
110,1 |
143 |
▲159 |
111,2
|
Қайнар ауылы |
986 |
▲1198 |
121,5 |
527 |
▲640 |
121,4 |
459 |
▲558 |
121,6
|
Қозмолдақ ауылы |
1402 |
▲1448 |
103,3 |
698 |
▲737 |
105,6 |
704 |
▲711 |
101
|
Сызған ауылы |
697 |
▲852 |
122,2 |
360 |
▲443 |
123,1 |
337 |
▲409 |
121,4
|
Жалпы саны |
3376 |
▲3820 |
113,2 |
1733 |
▲1983 |
114,4 |
1643 |
▲1837 |
111,8
|
Мекемелер
3 орта мектеп, 1 емхана, 3 ФАП, 1 ауылдық клуб, 1 кітапхана, 1 Қазпошта бөлімшесі, байланыс бөлімшесі, телестанция бар.
Ауылдық кеңес төрағалары
Сызған ауылдық кеңесі төрағалары болып Шайменова Маржангүл 1940 жылға дейін, Құтжанов Нұртай (1962-1967 жылдары), Сарыбаева Мамық (1967-1971 жылдары), Арыстанов Әпен (1971-1978 жылдары), Әбдіхасов Әйнекеш (1978-1989 жылдары), Төрәлиев Қасыбек (1989-1993 жылдары) қызмет атқарды.
Ауыл әкімдері Төрәлиев Қасыбек (1993-1995 жылдары), Әметов Есім (1995-1996 жылдары), Исатаев Төлен (1996-2002 жылдары), Бектаев Нұржан (2002-2004 жылдары), Айдарбеков Болат (2004-2004 жылдары) болды. Иманбайұлы Аманбай 2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін ауыл әкімі болып келеді.
Кеңшар директорлары
“Сызған” кеңшарының директоры болып Садықов Сағындық (1962-1966 жылдары), Жаппарбеков Батырхан (1966-1981 жылдары), Ерінбетов Жұмаділдә (1981-1986 жылдары), Асылбеков Сәкен (1986-1994 жылдары) қызмет атқарды.
Колхоз төрағалары
Қосмолдақ атындағы колхозда Қожабеков Мекебай (1936-1940 жылдары), Шынар (1940-1944 жылдары), Әштархан (1944-1946 жылдары), Болатбеков Айдарбек (1946-1950 жылдары), Тайлақбай (1950-1954 жылдары), Бөлетов Әбілқайым (1954-1962 жылдары) төраға болып қызмет атқарды.
Молотов атындағы колхозда Жарылқанов Байжан (1936-1940 жылдары), Бегайдаров Түсінәлі (1940-1944 жылдары), Жарылқанов Байжан (1944-1946 жылдары), Шабақ (1946-1948 жылдары), Ысқақов Қуаныш (1948-1950 жылдары) қызмет атқарды.
Алмалы атындағы колхозда Досжан (1936-1940 жылдары), Көлбаев Есім (1940-1944 жылдары), Нұртанов Мейірбек (1944-1949 жылдары) қызмет атқарды.
Тегістік атындағы колхозда Пәрін (1936-1940 жылдары), Отаров Бекболсын (1940-1944 жылдары), Намазбай (1944-1949 жылдары) басшылық қызмет атқарды.[3]
Дереккөздер