Жартытөбе ауылдық округі – Түркістан облысы Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы
Құрамына Аққолтық, Бабата, Жартытөбе ауылдары кіреді. Орталығы – Жартытөбе ауылы.[1] Округ құрамында болған Таскөмірсай ауылы 2015 жылы таратылған.[2]
Халқының саны (2009, 2021)[3]
Елді мекен |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
Аққолтық ауылы |
977 |
▲1033 |
105,7 |
502 |
▲537 |
107 |
475 |
▲496 |
104,4
|
Бабата ауылы |
941 |
▲980 |
104,1 |
463 |
▲500 |
108 |
478 |
▲480 |
100,4
|
Жартытөбе ауылы |
1387 |
▲1637 |
118 |
698 |
▲821 |
117,6 |
689 |
▲816 |
118,4
|
Жалпы саны |
3305 |
▲3650 |
110,4 |
1663 |
▲1858 |
111,7 |
1642 |
▲1792 |
109,1
|
Ауыл бөлімшелері
2 орта мектеп, 1 емхана, 2 ФАП, 1 балабақшасы, 2 ауылдық клуб, 2 кітапхана, 1 Қазпошта бөлімшесі, байланыс бөлімшесі, телестанция бар.
Ауылдық кеңес төрағалары
“1-Май” ауылдық кеңесі төрағасы болып Тайлақбаев Бейсен қызмет атқарды.
Ауылдық кеңес төрағалары болып Есжанов Баймұса (1962-1975 жылдары), Жақсыбаева Рабиха (1975-1976 жылдары), Байділдаев Сағынтай (1976-1980 жылдары), Төлебаева Бибі (1980-1985 жылдары), Алтеков Сержан (1985-1992 жылдары) қызмет атқарды.
Ауыл әкімі болып Алтеков Сержан 1992 жылдан бері қызмет атқаруда.
Колхоз төрағалары
“1-Май” ауылдық кеңесіне қарасты колхоздар және олардың төрағалары туралы мынадай деректер бар. Үштөбе атындағы колхозда Тоғызбаев Тұран (1947-1948 жылдары), Мықтыбаев Жұмабек (1948-1950 жылдары), Рақышов Асқар (1950-1952 жылдары) төраға болды. “1-Май” атындағы колхозда Иманқұлов Алтек (1942-1944 жылдары), Оқшиев Жайық (1945-1952жылдарға дейін) төраға болды.
Сталин атындағы колхозда Сауқауов Темірәлі (1948-1952 жылдары) басшылық жасады. “Жаңатілек” колхозында Ақбергенов Серікбай (1943-1948 жылдары), Жанкеев Аштархан (1949-1952 жылдары) төраға болды.
1952 жылы колхоздар біріктіріліп, іріленді және Сталин атындағы колхоз болып аталды. Оның төрағалары болып Рахышов Асқар (1952-1954 жылдары), Айқожаев Бұзау (1954-1956 жылдары), Есенсариев Ысқақ (1953-1957 жылдары) қызмет атқарды.
1957-1962 жылдары аралығында Сталин атындағы колхоз Калинин атындағы совхозының құрамында болған.
Кеңшар директорлары
1962 жылы Жартытөбе кеңшары құрылғанда директорлары болып Малдыбеков Слабек (1962-1967 жылдары), Мырзахметов Исабек (1967-1978 жылдары), Исаев Өмірбай (1978-1987 жылдары), Жүсіпов Әбіл (1987-1989 жылдары), Мұсабеков Сағынтай (1989-1991 жылдары), Еспенбетов Қабылбек (1991-1994 жылдары) қызмет атқарған.[4]
Дереккөздер