Тасты ауылдық округі – Түркістан облысы Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы
Құрамына Қылты, Тасты ауылдары кіреді. Орталығы – Тасты ауылы.[1]
Халқының саны (2009, 2021)[2]
Елді мекен |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
Қылты ауылы |
223 |
▼108 |
48,4 |
119 |
▼62 |
52,1 |
104 |
▼46 |
44,2
|
Тасты ауылы |
1187 |
▲1362 |
114,7 |
587 |
▲706 |
120,3 |
600 |
▲656 |
109,3
|
Жалпы саны |
1410 |
▲1470 |
104,3 |
706 |
▲768 |
108,8 |
704 |
▼702 |
99,7
|
Инфрақұрылымы
Ауыл әкімдігінде 1 мектеп, 1 аурухана, ФАП бар.
Ерекшеліктері
Тасты ауыл әкімдігі аумағында “Төртқұдық” уран өндіру кеніші орналасқан. Тасты кеңшары 1946 жылдан құрылған.
Кеңшар директорлары
Кеңшар директорлары болып Боранбаев, Қасқыров, Тыщенко (1946-1953 жылдары), Қалмырзаев Маулен (1953-1958 жылдары), Анарбаев Қали (1958-1973 жылдары), Әлтекенов Әбдіқадыров (1973-1991 жылдары), Оспанов Жақсылықов (1991-1992 жылдары), Мұсабаев Сағынтай (1992-1996 жылдары), Жүнісәлі Жұмабек (1996-1998 жылдары) қызмет атқарды.
Ауылдық кеңес төрағалары
Ауылдық кеңес төрағалары болып Құтжанов Нұртай (1958-1960 жылдары), Серіков Әбілдә (1960-1965 жылдары), Сарсенбиев Нұрман (1965-1968 жылдары), Бектаев Басар (1968-1974 жылдары), Жақсылықов Жұманазар (1974-1980 жылдары), Мырзатаев Бахадүр (1980-1987 жылдары), Абдікаримов Есен (1987-1994 жылдары) қызмет атқарған.
Ауыл әкімдері
Ауыл әкімдері болып:
Жүнісұлы Жұмабек (1994-1996 жылдары),
Бектаев Амангелді (1996-1997 жылдары),
Алпамысов Жорабек (1997-2006 жылдары),
Сақтапбергенұлы Пардабек 2006 жылдан бастап ауыл әкімі болып қызмет атқаруда.[3]
Дереккөздер