Франктер

франктер экспансиясы

Франктер — орта ғасырлардың бас кезінде Орталық Еуропада тұрған батыс герман тайпалар тобы. Оларға хамава, бруктер, усибет, тенктер, сугамбар, т.б. тайпалар кірген. Франктер 2 топқа бөлінеді: 1) Төменгі немесе Солтүстік Франктер (кейінірек Батыс Франктер) деп аталған сали Франктері; 2) Рейн өзіні жағалауынан жоғары Майн өзініне дейін қоныстанған Франктер. Дерек көздерінде олар алғаш рет 3 ғасырдың ортасында аталынады. Сали Франктерін 4 ғасырда римдіктер талқандап, Токсандрияда федераттар құқығында қалдырады. Жазба деректерде олар 451 ж. ғұндарға қарсы Каталаун қырғынына қатысады. 5 ғасырдың бас кезінде сали Франктері Соммаға дейінгі Галлияны бағындырды. Кейінірек өздеріне бағынышты аумақтағы билікті нығайта әрі кеңейте отырып, 5 ғасырдың соңында Франк мемлекетін құрды. Франктер Батыс Еуропадағы бірқатар халықтардың этногенезінде өзіндік рөл атқарған.

Франк мемлекетінің құрылуы

Варварлар корольдігі жаңа феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына негіз болды. Ол мемлекеттердің ішіндегі ең қуаттысы 486 жылы Солтүстік Галлияда құрылған Франк мемлекеті еді. Оны салий франктерінің меровей руынан шыққан көсемі Хлодвиг басқарды. Хлодвиг барлық франк тайпаларын кол астына біріктіріп, Римнің карамағындағы көрші Галлияның құнарлы жеріне жорыққа аттанды. 486 жылы Суассон қаласының маңында франктер римдіктерді талқандап, Солтүстік Галлияны басып алды. Бұдан соң Хлодвиг вестготтардан Галлияның оңтүстігін де жаулап алды. Сөйтіп Рим империясының осы провинциясының орнына өзінің корольдігін құрды.

Галлияны жаулап алған франктер бұрынғы жер иелерін орындарынан қуған жоқ, бос жатқан жерге ғана қоныстанды. Жаулап алушылардың билігін мойындаған римдік және Галлиялық байлар аз уақыттың ішінде франк ақсүйектерімен араласып, туыстасып кетті. Франк мемлекетінің халқы латын және герман тілдерін араластырып сөйледі. Осы аралас тіл кейін француз тілінің негізін құрады. Жазу саласында тек латын тілі қолданылды. Хлодвигтің тұсында осы тілде франктердің ең алғашқы coт саласындағы заңдары жазылды. Ол «Сали ақиқаты» деп аталды. Ол заңдар бүкіл мемлекет аумағындағы бірыңғай тәртіпті нығайтуға үлес қосты. Франктердің заңы бойынша қылмыстың көпшілігі ақшалай айыппен өтелетін. Адамдар заң алдында тең болмады: адам өлтіргендігі үшін салынатын айып мөлшері кімді, кандай адамды өлтіргендігіне байланысты әр түрлі болды. Франктің өмірі галлдар мен римдіктердің өмірінен кымбат бағаланды. Жауапқа тартылған адамның кінәсі дәлелденбесе, оны «құдай сотына» салатын. Мысалы, жалаңаш қолмен қазанда қайнап тұрған судан сақина алуға мәжбүр етілді. Егер кінә тағылып отырған адамның қолы көп күймесе, ол адамның ақ екендігінің белгісі деп саналды. Сондықтан оған құдай жақ болып отыр деген тұжырым жасалатын.

Мемлекетті басқару

Gelasian Sacramentary, c. 750

Франк мемлекетінің аумағында жазба заңдардың шығуы өкімет билігін нығайтуға үлес қосты. Ал мемлекет адамның байлығы мен жерін басқыншылардан қорғап отыру үшін керек болды. Қуатты мемлекеттің көмегімен ел басшылары халық бұқарасын қабылданған тәртіп шеңберінде ұстап, салықты уакытында жинап алатын жағдайға жетті. Әскер басшыларының ішіндегі әрі батыл, әрі тапқыр Хлодвиг король деп жарияланды. Король - барлық халық бағынатын, өкімет билігін өзінің әулетіне мұраға қалдыра алатын, ең жоғарғы мемлекет басшысы.

Жоғарғы сот билігін де корольдің өзі атқарды. Барлық мемлекеттік маңызы бар мәселелерді жақын достарымен ақылдаса отырып, корольдің өзі шешетін болды. Король сарайы елді басқарудың орталығына айналды. Сарайда корольдің жақын туыс-достары, кызметкерлері мен жасақшылары орналасты. Тұрақты жасақ салықтар мен соғыста түсетін олжаның есебінен өмір сүрді. Франктердің тұрақты әскері болған жоқ. Соғыс бола калған жағдайда барлық ерікті азаматтардан халық жасақтары құрылатын. Негізгі әскери күш корольдің жасағы болды.

Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы - граф тағайындалып қойылды.

Жер иелену

Франктер Галлиядағы бос жатқан жерлерді бөліп алып, өз иеліктеріне айналдырды. Ең үлкен үлес Хлодвигке тиді. Онан кейінгі үлкен үлес оның жақын жасақ басшылары мен нөкерлеріне берілді. Қатардағы қарапайым жасақшыларға шағын үлестер тиді. Жасақ басшылары мен нөкерлер ірі жер иеленушілерге айналды. Олардың иеліктері аллод, яғни толық иелік деп аталды. Аллодтың иесі оны басқа адамға сыйлауға, мұраға калдыруға, қызметкерлеріне уақытша пайдалануға бере тұруға ерікті болды. Ірі жер иеліктерінде құлдар мен колондар (ірі және орташа жер иелерінен шағын жер үлесін алып, заттай салық төлеушілер) жұмыс істеді.

Галлияны жаулап алғаннан кейін қатардағы франктер өзара туыс отбасыларынан құрылған кауымға бірігіп, шаруашылық жүргізді. Олар қауым иелігінде бірлесе еңбек етіп, тапқан табыстарын өзара бөлісіп алатын. Бірте-бірте қауым мүшелерінің арасында мүліктік жіктелу пайда болды. Осыған байланысты қауымнан оның ауқатты мүшелері бөлініп шыға бастады. Қауымдық құрылыс ыдырап, франктер коғамында байлар мен кедейлер болып жіктелу басталды.

Франктердің христиан дініне енуі

Франктердің пұтқа табынушылығы олардың Галлиядағы билігін нығайтуына көмектесе алмады. Ондай көмекпен халық арасындағы ықпалы мен беделі күшті христиан шіркеуі ғана қамтамасыз ете алатындығын франк басшылары түсінді. Сондықтан Хлодвиг 498 жылы өзінің жасақшыларымен бірге христиан дініне енді. Алғашында бұл дінді қабылдағысы келмеген франктер оған Хлодвигтен қорыққанынан кірді. Христиан діні франктер мен римдіктерді жақындастырып, бір халыққа айналдырды. Шіркеу басшылары жарлықтар шығаруға көмектесіп отырды. Хлодвигтің кеңесшілеріне айналып, оның беделін көтеріп, билігін нығайтты.

Хлодвиг оның қарымтасы ретінде шіркеудің байлығын қорғап, оған жер үлесі мен бағалы сыйлықтар беріп отырды. Әрбір елді мекенде шіркеулер ашылды. Дінбасылары халыққа құдай сөзін жеткізіп, оларды құдайға құлшылық етуге шақырды. Христиан дінінің арқасында франктер римдіктердің бай мәдениетін меңгерді.[1]

Франктер империясының құрылуы және ыдырауы

Майордомдар билігі

«Майордом» латынша «үйдің үлкені», «басшысы» дегенді білдіреді. 511 жылы Хлодвиг өлгеннен кейін оның мұрагерлері жер мен билік үшін қиян-кескі күрес жүргізді. Ел біресе бөлшектеніп, біресе қайта бірігіп, тұрақсыз жағдай орнады. Меровингтер әулетінен шыққан корольдердің билігі әлсіреп, майордомдардың ықпалы күшейе түсті. Король майордомдарды сарай шаруашылығын басқаруға тағайындайтын. Біртіндеп майордом қызметі әкеден балаға мұра ретінде кала беретін мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымды қызметке айналды.

Майордом Карл Мартелл 715-741 жылдары корольмен санаспай-ақ өз билігін жүргізді. Оның билігі кезінде араб әскерлері Испаниядан өтіп, Галлияға шабуыл жасады. Бірақ оларды франктер 732 ай жылы Пуатье түбінде талқандады. Арабтар тарапынан төнген қауіп Карл Мартелді күшті атты әскер құруға итермеледі. Атты әскер қатарына қабылданғандар майордомнан тұрғылықты шаруаларымен қоса жер үлестерін алды. Ол жерден түсетін табыска иесі өзіне ат пен қару-жарақ сатып алуға міндетті еді.

Алғашында жер жауынгердің меншігіне мәңгілік емес, тек әскерде қызмет атқарып жүрген кезінде ғана берілетін. Кейін ол жер үлестері әкеден балаға мұра ретінде берілетін болды. Сөйтіп оның балалары да әскери қызметті жалғастыруға міндеттенді. Атты әскерлеріне жер үлестіру үшін Карл шіркеу иеліктерінің біраз бөлігін тартып алды.

Карл Мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс - феодализмнің қалыптасуының бастауы болды.

Меровингтер әулетінің ақыры. Қортық Пипиннің билігі

Папство престолының гербі

741 жылы Карл Мартелл өлген соң майордомдық оның баласы Қортық Пипиннің қолына тиді. Ол Меровингтерді құлатып, король атағын алуды аңсады. Пипиннің корольді тақтан күшпен құлатып, өзін король деп жариялауына да болатын еді. Бірак ол таққа заңды жолмен отыруды дұрыс деп үйғарды. Бұл мақсатына жету үшін ол кұдай атынан сөйлеуге құқы бар Рим папасын пайдаланды.

Лангобардтардан қысым көріп жүрген Рим папасы франктердің көмегіне зору еді. Сондықтан ол Пипиннің король атағын алуына келісім берді. 751 жылы папаның келісімі бойынша, франк ақсүйектерінің Суассондағы жиналысында Пипин ресми түрде франктер королі деп жарияланды. Ол 768 жылға дейін корольдік етті. Меровингтер әулетінің ең соңғы королі III Хильдерик монастырьға қамалып, сол жерде қайтыс болды.

Қортық Пипин папаның жақсылығына жақсылықпен жауап қайтарды. Ол Италияға, Лангобард корольдігіне карсы екі рет жорық жасап, жаулап алған жерлерін Рим папасына сыйлады. Ол жерде 756 жылы Папа мемлекеті құрылып, 870 жылға дейін өмір сүрді. Римдегі қазіргі Ватикан мемлекеті сол «Пипин сыйлығының» жұрнағы болып табылады.

Ұлы Карл және оның империясы

A.
Ұлы Карл

Қортық Пипин франктер мемлекетіндегі жаңа әулеттің негізін қалады. Бірақ ол Пипиннің емес, оның әкесі Карл Мартелдің атымен Каролингтер (Карлдың латынша аты Каролус болатын) әулеті деп аталды. Ол әулеттің ең атақты королі Ұлы Карл болды. Ол 768-814 жылдары билік кұрды. Карл ұзын бойлы, алып денелі, батыл адам болған. Оның ерліктері мен тапқырлығы жөнінде көп аңыздар мен өлеңдер жазылды. Тіпті «король» деген сөздің өзі соның атынан шыққан.

Ұлы Карлдың билік кұрған жылдарының бәрі соғыспен өтті. 53 әскери жорықтың 27-сін Карлдың өзі басқарды. Оның жорықтары Испанияға, герман тайпаларына және Италияға бағытталды. Франктер Рим папасына көмектесу үшін Италияға екі рет жорық жасап, лангобардтарды талқандады, Италияның көпшілік бөлігін өз иелігіне қосып алды.

778 жылы Карлдың Испанияға жасаған жорығы сәтсіздікке ұшырады. Тек 801 жылы арабтарға қарсы соғыста жеңіске жетіп, Испанияның шағын аймағын жаулап алды. 772-804 жылдары Карл сакстарға қарсы сегіз рет қанды жорық жасап, әрең дегенде олардың аксүйектерін өз дегеніне көндірді. Саксония бірнеше графтықтарға бөлінді. Графтықтар басшылығына король ақсүйек франктер мен сакстарды тағайындады. Сакстар Карлдың күштеуімен христиан дінін қабылдады. 788-803 жылдары франктер славян тайпаларымен одақтаса отырып, VI ғасырда қалыптасқан аварлар қағанатын Паннонияда (қазіргі Венгрия аумағы) талқандады.

Ұлы Карл билігінің соңына қарай Франк корольдігі өзінің жер көлемі жағынан бұрынғы Батыс Рим империясына жақындады. Карл империясының астанасы Аахен қаласы болды. Қиын кезде өзіне көрсеткен көмегіне алғыс ретінде папа 800 жылы Римде Карлға тәж кигізіп, император деп жариялады. Сөйтіп Батыста жаңа империя өмірге келді.

Империяның ыдырауы

Қарудың күшімен және Ұлы Карлдың беделімен ғана құрылған Франк империясы ұзақ өмір сүре алмады. Ұлы Карл өлгеннен кейін-ақ оның империясы ыдырай бастады. 843 жылы Карлдың балалары мен немерелері Верден қаласында империяны бөлісу жөнінде келісім жасады. Кіші ұлына империяның батысы, ортаншысына - шығыс бөлігі, ал ең үлкен немересіне Италия тиді.

Сөйтіп Ұлы Карлдың империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнында Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.

Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениеті

Ертедегі орта ғасырлардағы Еуропа мәдениетінің дамуына IV ғасырда мемлекеттік дін деңгейіне көтерілген христиан діні елеулі үлес қосты. Жаңа дін сауатты қызметшілерге мұқтаж болды. Сол себепті монастырьлық мектептер көптеп ашылды. Халықтың сауатын ашып, білімін көтеруге Ұлы Карл қамқорлық жасап отырды. Ол өзінің білімі аз болса да, ұлан-ғайыр мемлекетті дұрыс басқару үшін сауатты адамдар керек екендігін жақсы түсінді. Император өз сарайына Италиядан Павел Диакон, Испаниядан гот Теодульф сияқты көрнекті оқымыстыларды жинады.

Білім беру саласында, әсіресе ағылшын-сакс Алкуин көрнекті рөл атқарды. Ол тек оқыту ісін үйымдастырумен шектеліп қоймай, оқулықтар жазумен де айналысты. VI ғасырдағы ойшылдар Боэций мен Кассиодор антикалық мектептегі білімнің негізін құраған «жеті ерікті өнерді» тривиум (грамматика, тіл өнері, диалектика) және квадривиум (геометрия, арифметика, астрономия және музыка) деп екіге бөлді.

Карлдың сарайында да мектеп болды. Ол мектепте императордың жан-жақтан жинаған окымыстылары сабақ берді. Сондай-ак сарайда Академия деп аталған үйірме құрылды. Аңыз кейіпкері Академнің атымен аталған бұл философиялық мектептің негізін б.з.б. IV ғасырда Платон қалаған еді. Оның мүшелері өлеңдер жазды, философиялық мәселелерді талқылады, ежелгі авторлар мен шіркеу басшыларының еңбектерін оқып үйренді.

Ертедегі орта ғасырлардағы еуропалық мәдениеттің жетістіктері жинақталып, кітаптарға жазылды. Ол кітаптардың сапасын жақсартуға Ұлы Карл көп көңіл бөлді. Осы кезде кітаптардың сапасы да жақсара бастады. Кітаптар арнаулы өңделген бұзаудың немесе қойдың терісі - пергаментке жазылатын.

Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды.

V ғасырда Рим империясын жаулап алған варварлар ежелгі мәдениетті құлдыратып жіберген еді. Ұлы Карл ол мәдениетті, әсіресе ежелгі Рим мәдениетін қалпына келтіруге, одан әрі жетілдіріп, дамытуға үлес қосты. Сондықтан да Карл мен оның мұрагерлері билік жүргізген кезең тарихта «Каролингтердің қайта өрлеуі» деп аталып кетті.[1]

Дереккөздер

  1. a b Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-625-9

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том


Read other articles:

  لمعانٍ أخرى، طالع جون وليامز (توضيح). جون وليامز معلومات شخصية الميلاد 3 أكتوبر 1960 (العمر 63 سنة)ليفربول  الطول 6 قدم 1 بوصة (1.85 م)[1][2] مركز اللعب مدافع الجنسية المملكة المتحدة  المسيرة الاحترافية1 سنوات فريق م. (هـ.) 1978–1985 ترانمير روفرز 173 (13) 1985–1986 بور...

 

Kabinet DjuandaKabinet Pemerintahan IndonesiaDibentuk9 April 1957Diselesaikan6 Juli 1959Struktur pemerintahanKepala negaraSoekarnoKepala pemerintahanDjuanda KartawidjajaJumlah menteri28Total jumlah menteri28Partai anggotaPartai Nasional IndonesiaNahdlatul UlamaMajelis Syuro Muslimin IndonesiaPartai Syarikat Islam IndonesiaIkatan Pendukung Kemerdekaan IndonesiaPartai Kristen IndonesiaBarisan Tani IndonesiaIndependenSejarahPendahuluKabinet Ali Sastroamidjojo IIPenggantiKabinet Kerja I Artikel i...

 

لاف سينها   معلومات شخصية الميلاد 5 يونيو 1983 (40 سنة)  بَتنا  مواطنة الهند  الأب شاتروجان سينها  إخوة وأخوات سوناكشي سينها  الحياة العملية المهنة ممثل،  وسياسي  الحزب المؤتمر الوطني الهندي  اللغات الهندية  المواقع IMDB صفحته على IMDB  تعديل مصدري - تعدي...

Кароліна Відерстрьомшвед. Karolina Widerström[1][2] Народилася 10 грудня 1856(1856-12-10)[3][4][…]Helsingborgs Maria church parishd, Гельсінборг, Мальмегус (лен), Швеція[6][7][…]Померла 4 березня 1949(1949-03-04)[8][4][9] (92 роки)Kungsholms parishd, Швеція[4]Поховання цвинтар Сульниd[10]...

 

لا يزال النص الموجود في هذه الصفحة في مرحلة الترجمة إلى العربية. إذا كنت تعرف اللغة المستعملة، لا تتردد في الترجمة. (أبريل 2019)   هذه المقالة عن آخر سلالة الهويكيين (مسلسل 1932). لمعانٍ أخرى، طالع آخر سلالة الهويكيين (توضيح). آخر سلالة الموهيكيينThe Last of the Mohicansمعلومات عامةالصن

 

Regulus A/B/C Atas : Posisi bintang Regulus / Alpha Leonid di Leo Bawah : bintang Regulus A dan B Data pengamatan Epos J2000      Ekuinoks J2000 Rasi bintang Leo Asensio rekta A: 10h 08 min 22.3sBC: 10h 08 min 12.8/14s Deklinasi A: +11° 58' 02BC: +11° 59' 48 Magnitudo tampak (V) 1.35/8.14/13.5 Ciri-ciri Kelas spektrum B7 V/K1-2 V/M5 V Indeks warna U−B −0.36/0.54 Indeks warna B−V −0.11/0.87 Jenis variabel Slightly Astrometri...

2006 studio album by DJ HyperWe ControlStudio album by DJ HyperReleased8 May 2006Length39:32LabelKilowattProducerGuy HatfieldDJ Hyper chronology We Control(2006) Suicide Tuesday(2008) We Control is the debut studio album produced by English musician DJ Hyper or simply known Hyper and was released in 2006.[1] The single We Control is featured on the popular 2005 racing game Need for Speed: Most Wanted as well as the 2008 ATV racing game PURE. The single Ant Music is featured on...

 

1898 Louisville ColonelsLeagueNational LeagueBallparkEclipse Park IICityLouisville, KentuckyOwnersBarney DreyfussManagersFred Clarke← 18971899 → The 1898 Louisville Colonels baseball team finished with a 70–81 record and ninth place in the National League. Regular season The 1898 Louisville Colonels Season standings vteNational League W L Pct. GB Home Road Boston Beaneaters 102 47 0.685 — 62–15 40–32 Baltimore Orioles 96 53 0.644 6 58–15 38–38 Cincinnati...

 

Prince of Montenegro Prince PeterGrand Duke of Zahumlje[1]Born(1889-10-10)10 October 1889Cetinje, MontenegroDied7 May 1932(1932-05-07) (aged 42)Merano, ItalySpouseViolet WegnerHousePetrović-NjegošFatherNicholas I of MontenegroMotherMilena of Montenegro House of Petrović-Njegoš Nicholas I Children Princess Zorka Princess Milica Princess Anastasia Princess Marica Crown Prince Danilo Princess Elena Princess Ana Princess Sofia Prince Mirko Princess Xenia Princess Vjera Prince Pet...

United States historic placeMasonic Lodge #472U.S. National Register of Historic Places Front and side of the lodge buildingShow map of OhioShow map of the United StatesLocation18 Commercial St., Zaleski, OhioCoordinates39°16′56″N 82°23′37″W / 39.28222°N 82.39361°W / 39.28222; -82.39361Arealess than one acreBuilt1884ArchitectStuart CompanyArchitectural styleItalianateNRHP reference No.00000182[1]Added to NRHPMarch 9, 2000 The Masonic ...

 

Arts originating from New Zealand Portrait of Hinepare of Ngāti Kahungunu (1890) by Gottfried Lindauer, showing chin moko, pounamu hei-tiki and woven cloak. Part of a series on theCulture of New ZealandKiwiana History Timeline Independence Colonial Pākehā settlers Pākehā Māori Dominion Māori Military People Kiwi Māori culture Languages English Māori NZ Sign Language Traditions Humour Māori mythology Cuisine Alcohol Dishes Hāngī Festivals Music festivals Religion Christianity Māor...

 

此條目需要擴充。 (2015年3月14日)请協助改善这篇條目,更進一步的信息可能會在討論頁或扩充请求中找到。请在擴充條目後將此模板移除。 此條目没有列出任何参考或来源。 (2015年3月14日)維基百科所有的內容都應該可供查證。请协助補充可靠来源以改善这篇条目。无法查证的內容可能會因為異議提出而被移除。 重庆电视台国际频道国家/地区 中华人民共和国所有者重...

Grenade launcher Launcher, Grenade, 40 mm, M79 M79 with the leaf-type sights unfolded.TypeGrenade launcherPlace of originUnited StatesService historyIn service1961–presentUsed bySee UsersWarsVietnam WarCambodian Civil WarLaotian Civil WarDominican Civil War[1]Communist Insurgency WarThe TroublesOperation Marajoara[2]Lebanese Civil WarSino-Vietnamese War[3]Salvadoran Civil WarFalklands WarBougainville Civil WarAfghan WarIraq WarCambodian–Thai bor...

 

A brass go-to-bed bear. The hinged head allows access to the matches stored in the body; the lit match is placed in the hole at the end of the staff Go-to-bed or getting-into-bed matchboxes were a variety of match storage box popular in the mid-to-late 19th century. Relatively small, about 6 cm high, they were frequently made of metal of some kind, though sometimes of wood or ivory. Most incorporated a rough surface on which the match could be struck. All featured a small hole or finial, some...

 

This article does not cite any sources. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Flag of Zeeland – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (December 2009) (Learn how and when to remove this template message) The flag of Zeeland The flag of Zeeland was adopted on 14 January 1949. designed by T.A.J.W. Schorer. In the centre of the flag, the coat of arms of...

1955 novel by Cyril M. Kornbluth Gladiator-At-Law First editionAuthorFrederik Pohl and Cyril M. KornbluthCountryUnited StatesLanguageEnglishGenreScience fictionPublisherBallantine BooksPublication dateJune 1955Media typePrint (Paperback)Pages171OCLC13532842 Gladiator-at-Law was serialized in Galaxy Science Fiction in 1954, illustrated by Ed Emshwiller Gladiator-At-Law is a satirical science fiction novel by American writers Frederik Pohl and Cyril M. Kornbluth. It was first published in ...

 

Albert Fert Albert Fert (lahir 7 Maret 1938) adalah fisikawan Prancis dan penemu efek GMR (Giant Magnetoresistance) yang membawa terobosan dalam gigabita cakram keras. Ia merupakan pengajar di Université Paris-Sud di Orsay dan direktur sains pada laboratorium bersama (Unité mixte de physique) antara Centre national de la recherche scientifique (Pusat Penelitian Nasional) dan Thales Group. Bersama Peter Grünberg, ia berhasil memperoleh Penghargaan Nobel dalam Fisika 2007. Referensi Wikimedi...

 

Hamid Awaluddin dan Malik Mahmud berjabat tangan setelah menandatangani MoU Helsinki yang dimediasi mantan Presiden Finlandia, Martti Ahtisaari. Kesepakatan Helsinki atau MoU Helsinki adalah sebutan yang umum dipakai di Indonesia merujuk pada nota kesepahaman antara Pemerintah Republik Indonesia dan Gerakan Aceh Merdeka (GAM) yang ditandatangani di Helsinki, Finlandia pada 15 Agustus 2005.[1][2] Kesepakatan ini merupakan pernyataan komitmen kedua belah pihak untuk penyelesaian...

This article is an orphan, as no other articles link to it. Please introduce links to this page from related articles; try the Find link tool for suggestions. (April 2022) Ebrahim Chehraziابراهیم چهرازیBorn(1908-10-07)7 October 1908Isfahan, Qajar IranDied20 March 2011(2011-03-20) (aged 102)United StatesNationalityIranianEducationEquivalent to a PhD in PsychiatryAlma materDar ul-Funun (Persia), University of Toulouse, Pitié-Salpêtrière HospitalOccupationPsychiatristKn...

 

American politician Jessie Rae ScottScott (right) with her daughter and husband in 1969.First Lady of North CarolinaIn roleJanuary 3, 1969 – January 5, 1973GovernorRobert W. ScottPreceded byJeanelle Coulter MooreSucceeded byPatricia Ann Hollingsworth Personal detailsBornOctober 12, 1929Swepsonville, North Carolina, U.S.DiedDecember 26, 2010 (aged 81)Durham, North Carolina, U.S.Political partyDemocraticSpouseRobert W. Scott (1951–2009)Children5 Jessie Rae Scott (October 12, 1929 ...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!