Тяньвэнь-1 (天問一號, «Аспанға сұрақтар») — 2020 жылдың 23 шілдесінде Марсқа ұшырылған қытайлық ғарыш кемесі, орбиталық аппараттан және ішінде ровері бар қону сатысынан тұрады.
2021 жылдың 10 ақпанында аппарат Марс орбитасына енді.[1]
Мамыр айында қону сатысы роверді Марстың Утопия жазығына жеткізеді деп жоспарланған.
Орбитер құрылғыларына мультиспектрлік және панорамалық камералар, радиолокатор, спектрометр, магнитометр, ион санауышы және энергиясы үлкен бөлшектердің санауышы кіреді.
Ровер құрылғыларына 100 м тереңдікке дейін жететін георадар, магнит өрісінің анықтағышы, метеорологиялық құрылғы, химиялық анықтағыш, мультиспектрлік камера, навигациялық пен топографиялық камералар кіреді.
Ровердің негізгі мақсаттарының бірі — биомолекулалар мен биосигнатураларды іздеу.