Палеоген кезеңі 65.5—23.03 млн ж. бұрын
|
[[Image:|240px]]
|
Кезең бойы атмосферадағы O2 орташа есесі
|
шам. 26 % көлемі[1] (заманауи деңгейден 130 %)
|
Кезең бойы атмосферадағы CO2 орташа есесі
|
шам. 500 ppm[2] (индустрияландыру алдындағы деңгейден 2 рет көп)
|
Кезең бойы жер бетінің орташа қызымы
|
шам. 18°C [3] (заманауи деңгейден 4°C жоғары)
|
-65 — – -60 — – -55 — – -50 — – -45 — – -40 — – -35 — – -30 — – -25 — – -20 — – -15 — – -10 — – -5 — – 0 — Кайнозой басты оқиғалары шамаланған шәкілі. Тік білік: бірнеше миллион жыл бұрын.
|
Палеоген – бордың алдында, неогеннен кейін келетін 65,5-32,03 млн жыл аралығындағы кайнозой заманын құрайтын екі кезеңнің алғашқысы (Халықаралық стратиграфия комиссиясы, 2004).
Палеоген кезеңі палеосен, еосен және олигосен дәуірлеріне бөлінеді.
ПАЛЕОГЕН палеоген дәуірі, палеоген кезеңі (палео… және грек. genos – тегі, жасы) – кайнозой эрасының алғашқы кезеңі және осы кезеңде жаралған жыныстар қабатының жиынтығы. Палеоген 65,5 млн. жыл бұрын басталып, 23,0 млн. жыл бұрын аяқталған. Оны ағылшын ғалымы Ч.Лайельдің (1797 – 1875) ұсынуымен 1834 ж. Халықаралық геологиялық конгресте қазіргі палеоген мен неогенді біріктіріп, үштік жүйе деп атады; алғаш ғылымға неміс геологы К.Науман енгізді (1866). Палеогенді зерттеу Г.П. Палластың, Н.А. Соколовтың, А.П. Павловтың есімдерімен байланысты. Қазақстанда Палеогенді зерттеуге Н.Н.Костенко леулі еңбек сіңірді. Палеоген палеоцен, эоцен, олигоцен бөлімдеріне бөлінеді, ал ярустық жіктелуі әр елде әр түрлі.
Органикалық дүниесі
Мезозой мен кайнозой тоғысында бұрынғы теңіз және жер беті жануарлары қырылып, мезозой жорғалаушыларының бірқатар тобы толығымен жойылды. Олардың орнын тез дами бастаған сүт қоректілер басты. Теңіз алаптарын жайлаған алғашқы сүтқоректілер – киттер, сиреналар, дельфиндер. Рептилиялардан – қолтырауындар, кесірткелер, тасбақалар мен жыландар пайда болды. Приматтардың ең қарапайым түрі лемурлар, ірі ұзын тұмсықтылар (хоботтылар) мен қалталылар да пайда болды. Су жәндіктерінен қос жақтаулы және бауыр аяқты моллюскілер, фораминиферлер, теңіз кірпілері, мшанкалар, губкалар, құрттар, диатомдық балдырлар көп тарады. Сонымен қатар өсімдіктің жабық тұқымдылар тобы дамыды. Тропик және субтропик ормандарында пальма, магнолия, мирта, фукус, алып секвойя, араукария мен кипаристер, ал қоңыржай климат алқаптарында үлкен жапырақтылар мен ұсақ жапырақтылар (емен, шамшат, талшын, терек, қайың) өсті.
Палеогеографиясы
Палеоценде теңіз жағдайлары Шығыс Еуропаның оңтүстігінде сақталды, қалған ауданы (Тынық мұхит белдемін қоспағанда) құрлық болып қалды. Палеоценнің соңында трансгрессия басталып, эоценде кемеліне жетті. Эоценнің соңында Гондвананың Индостан сынығы Еуразияның оңтүстік шетіне жетіп соқтықты. Бұл жерлерде теңіз алабы жабылып, Гималай, Кіші Азия, Кавказ, Карпат, Балқан, Альпі тау жоталары көтеріле бастады. Тау етектерінде бөктерлік және тау аралық ойпаңдар түзілді. Олар қалың моласса шөгінділерімен толды. Тетис біртұтас мұхит алабы ретінде өмір сүруін тоқтатып, Атлант және Үнді мұхиттарымен жалғасқан бөлігі Жерорта теңізі мен Паратетис алаптарына бөлініп кетті. Паратетис шығысында Каспий мен Аралға дейін созылды. Орталық Қазақстан, Орта және Оңтүстік Сібір, Моңғолия, Верхоянск – Чукотка алабы осы заман басында аласа денудац. жазықтар болса, ал соңында көтеріле бастады. Тау көтерілуіне байланысты олигоценде мұхиттар мен құрлықтар біртіндеп қазіргі пішінге келді. Қара теңіз, Каспий теңіз., Жапон теңізінің терең шаралары қалыптасты. Тектоникалық қозғалыстардың құрлыққа ауысуынан көне тау жұрнақтары жаңғырды. Аса ірі жарылыстар жанартау атқылауының көзі болды. Таулардың биіктеп, теңіздердің шегінуінен климат қуаң тартты.
Пайдалы қазындылар
Палеоген боксит (Аустралия, Африка, Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан платформаларында, т.б.), марганец (Батыс Африка, Никополь, т.б.), оолитті темір (Батыс Сібір, Солтүстік Қазақстан), тас көмір (Сахалин, Жапония, Қытай), қоңыр көмір (Германия, АҚШ, Украина), фосфорит (Алжир, Тунис), алтын және күміс (Чукотка), қорғасын-мырыш (Дальнегорск – Қиыр Шығыс), графит (Сонора – Мексика) қорларына бай. Ірі мұнай кен орындары Иран, Ирак, Кавказ, Қазақстан (Маңғыстау, Үстірт), т.б. жерлерде кездеседі.
[7][8][9]
Дереккөздер==
- ↑ Image:Sauerstoffgehalt-1000mj.svg
- ↑ Image:Phanerozoic Carbon Dioxide.png
- ↑ Image:All palaeotemps.png
- ↑ Retallack, G.J. (1997). "Neogene Expansion of the North American Prairie". PALAIOS 12 (4): 380-390. http://links.jstor.org/sici?sici=0883-1351(199708)12%3A4%3C380%3ANEOTNA%3E2.0.CO%3B2-Q. Retrieved 2008-02-11.
- ↑ Zachos, J.C.; Kump, L.R. (2005). "Carbon cycle feedbacks and the initiation of Antarctic glaciation in the earliest Oligocene". Global and Planetary Change 47 (1): 51-66.
- ↑ Krijgsman, W.; Garcés, M.; Langereis, C.G.; Daams, R.; Van Dam, J.; Van Der Meulen, A.J.; Agustí, J.; Cabrera, L. (1996). "A new chronology for the middle to late Miocene continental record in Spain". Earth and Planetary Science Letters 142 (3-4): 367-380. http://linkinghub.elsevier.com/retrieve/pii/0012821X96001094. Retrieved 2008-03-01.
- ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, V-том
- ↑ Хаин В.Е., Региональная геотектоника, М., 1971
- ↑ Немков Г.И., Муратова М.В., Гречишникова И.А., Историческая геология, М., 1974