Юра кезеңі

Юра кезеңі
199.6—145.5 млн ж. бұрын
[[Image:|240px]]
Кезең бойы атмосферадағы O2 орташа есесі шам. 26 % көлемі[1]
(заманауи деңгейден 130 %)
Кезең бойы атмосферадағы CO2 орташа есесі шам. 1950 ppm[2]
(индустрияландыру алдындағы деңгейден 7 рет көп)
Кезең бойы жер бетінің орташа қызымы шам. 16.5°C [3]
(заманауи деңгейден 3°C жоғары)
Юра оқиғалары
Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу
-200 —
-195 —
-190 —
-185 —
-180 —
-175 —
-170 —
-165 —
-160 —
-155 —
-150 —
-145 —
Юра кезеңі оқиғаларының шамаланған шәкілі.
Тік білік: миллион жыл бұрын.
Large dinosaurs were dominant during the Jurassic Period.

Юра жүйесі немесе Юра кезеңі — мезозой заманын құрайтын үш кезеңнің бірі. Триас пен бор арасында орналасқан юра кезеңі осыдан 199,6 млн жылдан 145,5 млн жылға дейін созылады. Ең кең тараған тау жыныстары саз балшық, ізбесті құмдақ және әктас болып, юра кезеңі 11 ярусқа бөлінеді (геттанг, синемюр, плинсбах, тоар, аален, байос, бат, келловей, оксфорд, киммеридж, титон).

Көптеген басқа омыртқасыздармен бірге брахиоподтар, қосқақпалылар және аммониттер кең тараған. Юра кезеңінде рептилиялар жер мен суда көп кездесіп, сүтқоректілер саны аз, көбінесе түңгі өмір сүрген деп есептеледі. Алғаш құстар, оның ішінде археоптерикс, кеш юра кезінде пайда болған. Юра – мезозой дәуірінің триастан кейінгі, бордан бұрынғы орта кезеңі және сол кездерде жаралған тау жыныстарының қат-қабаттары. Юра жүйесі осыдан 199,6 миллион жыл бұрын басталып, 145,5 миллион жыл бұрын аяқталған, ұзақтығы шамамен 54,1 миллион жыл. Оны неміс жаратылыстанушы А.Гумбольд Швейцария мен Францияның Юра тауларында анықтап (1822), француз геологы А.Броньяр жеке жүйеге бөліп, қазіргі атымен атаған (1829). Юра жүйесінің жікқабаттық шкаласын алғаш француз палеонтологы А.ДОрбинь жасады, ол юра жүйесін 10 жікқабатқа бөлген.

Тіршілік әлемі

Брахиозавр
Археоптерикс

Юра жүйесінде палеозойдағы архаиктік түрлер өзінің тіршілігін тоқтатып, органикалық әлем мезозойлық типті қабылдаған. Теңіз алыптарының ішінен бас-аяқты моллюскілер – аммонидейлер мен белемниттер, қос жарғақты және бауыр-аяқты моллюскілер, т.б. омыртқасыздар басым дамыған. Солармен бірге маржандар, теңіз кірпілері, брахиоподтар, фораминиферлер де кеңінен таралған (қ. сурет). Юра жүйесінің басты сипаты – бауырымен жорғалаушылардың айрықша дамуы. Олардың түрі мен тіршілік ерекшеліктері әр түрлі: жүзетін, секіретін, ұшатын, жорғалайтын, т.б. түрлері теңізде, тұщы суда және жер бетінде өмір сүретіндері кездескен. Теңіз омыртқалылары арасында балықтар мен рептилиялар (бауырымен жорғалаушылар) дамыды. Юра жүйесінде ихтиозаврлар мен плезиозаврлар дамудың шырқау шегіне жетті. Құрлықтағы жануарлар әлемі біршама ерекше болды. Онда рептилиялар басым дамыды. Алып динозаврлардың ұзындығы 25 – 30 м-ге жетті. Алып диплодоктар мен апатозаврлардың (бронтозаврлар) денесі үлкен, басы кішкентай, ал салмағы ондаған тоннаны құраған. Олардан кішірек стегозаврлардың (ұзындығы 10 м-дей) үстінде сүйек қалақтары болған. Өсімдікпен қоректенетін түрлерінен басқа жыртқыштар – карнозаврлар кең таралған. Рептилиялар әуе кеңістігін де игерді. Қанатты кесірткелер арасында птерозаврлар, жоғарғы юра жүйесінде – птеродактильдер пайда болған. Омыртқалылар арасындағы ерекше класс – құстар да осы юра жүйесінде пайда болды. Сүтқоректілер ұсақ әрі аз еді. Өсімдік әлемінен Юра жүйесінде жалаңаш тұқымдылардың әр түрлі топтары: қылқанды, гинкгілі, цикадты, т.б. басым дамыды. Олармен бірге папоротниктер мен хвощтар да таралған.

Палеотектоникалық және палеогеографиялық жағдайлар

Бастапқы юра жүйесінде барлық тектоникалық белдеулерде ерте киммерий-индосиний орогенезі кең көрініс тапты. Орогенез салдарынан таулы құрылымдар денудацияға ұшырап, трансгрессия ұлғайды. Тұз жиналу процесі мейлінше төмендеп, керісінше көмір жиналу процесі күшейді. Бірақ Жердің жалпы құрылымдық сұлбасы айтарлықтар өзгермеген және ерте юра Пангея ІІ-нің біртұтас суперконтинент ретінде өмір сүрген соңғы кезеңі болып саналады. Көтерілу үрдісі Қазақстан мен Сібір платформасын да қамтыды. Ойпаңдарға триастың ең соңы мен юраның басында тегіс қыраттарда қалыптасқан каолинитті мору қыртысының шайылу өнімдері келе бастады. Оларда каолинитті саздармен қатар көл-аллювийлік көмірлі түзілімдер жиналды. Ортаңғы юра заманы Жер дамуының күрт өзгерген кезі болды. Ірі тектоникалық өзгерістер палеогеографиялық жағдайларды түбірімен қайта қалыптастырды. Соңғы юра жүйесінде трансгрессияны туындатқан төмендеулер болды. Атлант және Үнді мұхиттарының қалыптасу процесі жалғасты. Орталық мұхиттың жоталары пайда болып, өсе бастады. Тынық мұхит белдеуі ауқымында жанартаулық атқыламалар, интруз. магматизм және тектоникалық деформациялар күшейді. Соңғы юра жүйесінде Пангея-ІІ-нің бөлшектенуі күшейе түсті. Орталық Атлантика мен Батыс Тетис кеңейіп, терең сулы Кариб алабы арқылы (болашақ Анд ауданында) Тынық мұхитпен жалғасты. Үнді мұхитының Сомали және Мозамбик қазан шұңқырлары арқылы өткен Спрединг осінің пайда болуына байланысты, Гондвананың құрылымсыздануы (деструкциясы) басталды. Құрамында Оңтүстік Америка мен Африка бар Гондвананың батыс бөлігі оның Мадагаскар, Үндістан, Австралия мен Антарктидадан тұратын Шығыс бөлігінен бөліне бастады. Осылайша Үнді мұхиты қалыптаса бастады. Осы Тетистің батысында, Альпі мен Апеннинге дейінгі кеңеюі жалғасқан кезде, шығысында, Динаридтен басталған солтүстік шетінде, юра кезеңінің аяғында сығылу деформациясы білінеді. Ол ең қарқынды сатысына Ауғанстан мен Орталық Памирде жеткен. Бұл жерде құрамында Оңтүстік Памир бар Иран-Ауған құрлығы Лавразияның оңтүстік шетімен соқтығысқан. Одан әрі шығысқа қарай, юраның аяғындағы қатпарлылық (Еуропада соңғы киммерийлік деп аталған) Орталық Тибетте білінеді.

Климаттық және биогеографиялық белдемдік

Юра кезеңіндегі климат

Бастапқы және ортаңғы юра ағымында термиялық белсенділікпен қатар, атмосфералық жауын-шашынның өзгеруі де байқалған. Солтүстік аридті (құрғақ) белдеу АҚШ пен Солтүстік Африканың бірқатар аудандарын қамтыған. Оңтүстік аридті белдеуге Ортүстік Америка, Сомали және Танзания аумақтары кірген. Құбылмалы ылғалды жағдайлар Бразилия мен Африканың, Арабия мен Үндіқытайдың оңтүстігінде басым таралған. Экваторлық ылғалды климат Мексиканың оңтүстік бөлігін, Гвинея, Камерун, Нигерия мен Египетті қамтыды. Сібір мен Ресейдің солтүстік-шығысы, Моңғолия мен Солтүстік Қытай аумағының едәуір бөлігі ылғалды, субтропиктікке жақын климатпен сипатталады. Бұл белдеудің шартты шекарасы Ақ теңіз, Оңтүстік Орал және Балқаш-Шандунь түбегі арқылы өтетін сызықпен белгіленеді. Субтропиктік белдеудің солтүстігінде орташа температура 15-20 *С болса, оңтүстік бағытта 18-20 *С-қа дейін көтерілген. Температуралық режимнің сипаты бойынша соңғы Юра жүйесі экваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерге бөлінеді. Изотоптық және магнийлік палеотермометриялық деректер бойынша температура экваторлық белдеуде 26-28 *С, ал тропиктік белдеуде 21-24 *С ауқымында өзгерген. Қоңыржай климат Солтүстік жарты шарда Еуразияның солтүстік-шығысында, Солтүстік Американың солтүстігінде қалыптасқан, ал орташа температура 15 *С-тан аспаған. Оңтүстік жарты шарда қоңыржай климатқа Австралияның оңтүстік-шығыс бөлігі мен Жаңа Зеландия кірген. Юра кезеңінде үш ірі палеогеографиялық алқап болған: Бореал, Тетис және Оңтүстік Кен бойлықтары: юра жүйесінің ылғалды және жылы климаты біраз аумақтарды қамтып, қарқынды көмір жиналуды қамтамасыз етті. Көмір жиналу көлемі бойынша юра кезеңі соңғы палеозой мен соңғы бор-палеогеннен кейінгі үшінші орында. Юра түзілімдерінде көмірдің әлемдік қорының 16%-ы шоғырланған. Көмірлі қатқабаттар әлемнің барлық жерлерінде кездеседі. Мысалы, Қазақстан аумағындағы облыстардың барлығында дерлік көмір кен орындары бар, олардың ең ірілері: Майкөбен, Обаған және Шұбаркөл. Қаратауда жоғарғы және орта Юра кезеңінің Қарабастау свитасы дүниежүзі геологиясына танымал, мұнда табылған жануарлар мен өсімдіктер көп зерттелген. Юрада Жер шарының көптеген алқаптарында мұнайлы-газды түзілімдер қалыптасты. Мысалы, Сауд Арабиясы (Гхавар мен Мезелидж), Кавказ алды, Орта Азия, Маңғыстау, Солтүстік Каспий маңы, Батыс Сібір мен Солтүстік теңіз, Баренц теңізіндегі кен орындары.

Кезең (жүйе) Дәуір (бөлім) Ғасыр (ярус) Миллион жыл бұрын
Юра кезеңі Астыңғы/Ерте юра
(Мальм)
Титон 145,5—150,8
Кимеридж 150,8—155,7
Оксфорд 155,7—161,2
Ортаңғы юра
(Доггер)
Келловей 161,2—164,7
Бат 164,7—167,7
Байос 167,7—171,6
Аален 171,6—175,6
Үстіңгі/Соңғы юра
(Лейас)
Тоар 175,6—183,0
Плинсбах 183,0—189,6
Синемюр 189,6—196,5
Геттанг 196,5—199,6

[4][5][6][7]

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Jurassic
Юра кезеңі
Астыңғы/Ерте юра Ортаңғы юра Үстіңгі/Соңғы юра
Эттанж | Синемур
Плиенсбах | Тоарсей
Аален | Байосей
Батон | Калловия
Оксфорд | Киммеридж
Тифон
Мезозой заманы
Триас Юра Бор

Дереккөздер

  1. Image:Sauerstoffgehalt-1000mj.svg
  2. Image:Phanerozoic Carbon Dioxide.png
  3. Image:All palaeotemps.png
  4. Қазақ энциклопедиясы, 10 - том
  5. Беспалов В.Ф., Геологическое строение Казахской ССР, А.-А., Наука, 1971;
  6. Хаин В.Н.Е., Короновский Н.В., Ясаманов Н.А., Историческая геология, М., МГУ, 1997;
  7. Байбатша Ә.Б., Тарихи геология, А., 2004.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!