Жұмабек Ахметұлы Тәшенов

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасы
Ту
Ту
6 қаңтар 1960 жыл — 20 қаңтар 1961 жыл
Ізашары Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Ізбасары Сәлкен Дәуленұлы Дәуленов
Ту
Ту
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы
Ту
Ту
19 Сәуір 1955 жыл — 20 қаңтар 1960 жыл
Ізашары Нұртас Дандыбайұлы Оңдасынов
Ізбасары Фазиль Фазыл Карибжанов
Ту
Ту
Қазақстан Коммунистік партиясының Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы
қаңтар 1952 — Сәуір 1954
Ізашары Мухамедгали Аленұлы Сужиков
Ізбасары Павел Илларионович Дэльвин
Өмірбаяны
Партиясы Кеңес Одағының Коммунистік партиясы
Білімі Экономикалық ғылымдар кандидаты
Дүниеге келуі 20 наурыз 1915 (1915-03-20)
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Танакөл ауылы
Қайтыс болуы 18 қараша 1986 (1986-11-18) (71 жас)
Шымкент, Қазақ КСР, КСРО
Әкесі Ахмет Тәшен
Марапаттары | Еңбек Қызыл Туы ордені |

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов (20 наурыз 1915 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы Танакөл ауылында (Бабатай қыстауында) туған[1] - 18 қараша 1986 жылы Шымкент қаласында дүниеден озған) — мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола құрылыс техникумын (1932), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1955) бітірген.

Арғын тайпасының Қуандық руының Қареке бөлімінен шыққан[2].

Қызметі

  • 1934 – 1939 жылдары Бейнетқор ауданы атқару комитетінің хатшысы, аудан жер бөлімінің меңгерушісі
  • 1939 – 1943 жылдары Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары
  • 1944 – 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі
  • 1947 – 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 – 1952)
  • 1952 – 1955 жылдары Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы
  • 1955 –19 60 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы
  • 1960 – 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы
  • 1961 – 1975 жылдары Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары
  • Өмірінің соңғы кезеңінде «Қаракөл» ғылыми-зерттеу институтында, Оңтүстік Қазақстан облыстық талдау-есептеу орталығында қызмет атқарған.

Қайраткерлігі

Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды.

Қазақ әдебиеті” газетін жабудан, “Социалистік Қазақстан” газетін “Казправданың” аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. “Ұлтшыл” деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды. 1961 – 1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде “Қаракөл” ғылыми-зертханалық институтында, Түркістан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.[3]

Марапаттары

«Ленин», «Еңбек», «Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған

Ел есінде қалған істері

  • Тың игеру кезінде Көкшетау облысында совхоз директоры болған Ф. Моргун 1957 жылы совхоз тұрғындары жер астында тұщы су болса да қажетті құралдың болмағандығынан 20 шақырым жерден суды тасып ішіп қиналып жатқанда Жұмабек Тәшенов келіп бір аптаның ішінде Армениядан скважина арқылы су тартатын компрессор алғызып беріп су мәселесін шешіп бергенін ризалықпен жазады.
  • Жұмабек Тәшенов Шымкент облысында атқару комитеті төрағасының орынбасары кезінде, күзде Түркістан аймағының мақташылары мақта тазарту зауытында су мақтаны кептіруге отын таба алмай қиналып жатқанда сол ауданға уәкіл болып барған Жұмабек Тәшенов Қарағанды облысының басшылығымен хабарласып қажетті 1,5 мың тонна көмірді жеткіздіріп береді. Соның арқасында аудан мақта дайындау жоспарын 102,7 пайыз орындайды. Сонымен қатар Жұмабек Ахметұлы Түркістандағы Қ.А.Яссауи кесенесінің жанында топырақпен көміліп жатқан шығыс моншасын қалпына келтіріп іске жаратуды жүзеге асырады. Кезінде Жұмабек Тәшеновтің іскерлігін, қабілетін Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы В.А.Ливенцовтың өзі мойындауға мәжбүр болған. Ол 1964 жылы Мәскеудің өкілі қатысып отырған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіндегі мәжілісте: «Н.С.Хрущев Жұмабек Тәшеновтың намысына тиіп, қызметінен төмендетіп бізге облатком төрағасының орынбасары етіп жіберсе де, ол өзінің таңғажайып қабілетінің арқасында Оңтүстік Қазақстандағы ең құрметті адам болып отыр»,- деп мәлімдеген.
  • Экономист, профессор Ғарай Сағымбаевтың Жұмабек Тәшенов республика басшылығында болған 6 жылда Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті қарыштап алға басқанын төмендегідей деректермен көрсетеді: электр энергиясы қуатын өндіру – 2 есе, мұнай өндіру – 1,6 есе, көмір өндіру – 2 есе, цемент шығару – 15 есе, мақтадан мата тоқу – 5 есе, тоқыма сырт киім шығару – 3 есе, минералды тыңайтқыш өндіру – 2 есе, аяқ киім тігу – 4 есе, ет өндіру – 2 есе, қант өндіру – 1,5 есе, мал майын шығару – 1,4 есе, өсімдік майын шығару – 2 есе өскен. Егіс көлемі – 6 миллионнан 22 миллион гектарға, ірі қара мал саны – 5,5 миллион, қой мен ешкі – 28,5 миллион басқа дейін өсті. Халық шаруашылығында 125 мың жоғары білімді, 215 мың орта білімді мамандар қызмет етті. Бес жылда 690 мың пәтер салынып, 2,4 мың кәсіпорындар мен мекемелер іске қосылады. 6140 кітапхана, 5140 клуб, 4777 киноқондырғылар, 25 музей, 19 облыстық театрлар жұмыс істеп тұрды. Сөйтіп, халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмыс мәдениеті айтарлықтай жақсарды.
  • Жұмабек Тәшенов жоғары қызмет бабына орай бір мезгіл Мәскеуде де басшылық жұмыс атқарып отырған. Сол кездегі тәртіп бойынша КСРО құрамындағы 15 одақтас республика Жоғағы Кеңестерінің төрағалары КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасарлары болып есептелінетіндіктен «мәскеулік төраға» демалысқа шыққанда 1 ай бойы Мәскеуге барып, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының қызметін уақытша атқарған. Мәскеуге барар бір сапары қарсаңында Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов Жұмабек Тәшеновтен Бауыржан Момышұлының екі рет Батыр атағына ұсынылып өтпей қалғанын, сол атақты алып беруге араласуын өтінеді. Жұмабек Тәшенов Мәскеуге барысымен мұрағаттан Б. Момышұлының құжаттарын алғызып танысады. Батырлыққа екінші рет ұсынылған құжаттың қорытындысында соғыс кезіндегі кейбір қылықтары кеңес офицерлерінің ар-ожданына қайшы келгендіктен Б.Момышұлына мұндай атақты беруге болмайды деп маршал Конев қолын қойыпты. Ж.Тәшенов Жоғарғы Кеңестің атынан маршалды шақырып алып мәселені түсіндіреді. Маршал Конев «Бұл туралы менің пікірімді білмек болсаңыз, мен өз өмірімде ешқашан бір айтқан пікірімді өзгерткен адам емеспін. Бұл жолы да солай қаламын»,-деп көнбей қояды
  • Мәскеудегі кезекті қызметін атқару кезінде украиндық бір ғалымның «қылмысты ісі» алдына келеді. Қарт ғалымға бір жауапты қызметкерді өлтірді деген айып тағылып өлім жазасына кесіліпті, кешірім жасау туралы өтініші де қабылданбапты. «Мәскеулік төраға» - К.Е.Ворошилов демалыста болғандықтан орынбасары Жұмабек Тәшенов қол қоюға тиісті болады. Жоғары Кеңес қызметкерлерінің бұл мәселе К.Е.Ворошиловпен келісілген деген қарсылықтарына қарамастан, адам тағдыры болғандықтан Жұмабек Тәшенов өлім жазасы туралы үкімге қол қоймай түрмеге өзі барып қарт ғалымға жолығады. Кінәсіз екеніне көзі жеткен соң қайта тергеуге жіберіп ақтап қалады. Кейін кісі өлтірген қылмыскер де анықталып жазасын тартады.
  • Бірінші хатшы Н.Хрущев еліміздің солтүстіктегі 5 облысын (Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) біріктіріп «Тың өлкесі» деген аймақ құрып оны Ресейге қосуды жоспарлайды. Өлкенің басшылығына Мәскеуден Т.И.Соколов деген өз адамын жібереді. Ол «Тың өлкесін» Ресейге өткізуге бейімдеп, Қазақстан басшылығына бағынудан бас тарта бастайды. Бұл әрекетті білген Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабек Тәшенов 1960 жылы күзде «Тың өлкесінің» орталығы болған Целиноград қаласына шұғыл түрде ұшып келіп, республикалық Жоспарлау комитетіне келесі жылдың бюджетіне қажет мәліметтерді әдейі бермей бассыздық жасағаны үшін Т.Соколовты қызметінен алып 24 сағаттың ішінде Қазақстаннан қуып жіберетінін және «Тың өлкесі» ешқашан Ресейге берілмейтінін қадап тұрып айтады.

Одан кейін Алматыда Үкімет мәжілісінде келесі жылдың халық шаруашылық жоспары қаралып жатқанда мінбеге көтерілген Тың өлкелік атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары А.И.Козлов: «Жұмабек Ахметұлы! Біз сіздерден ештеңе сұрамаймыз, тек Мәскеудің бергеніне тимесеңіздер болғаны»,- деп қыр көрсетеді. Мұндай жүгенсіздікке төзбеген Жұмабек Тәшенов оны тоқтатып қойып: «Тың өлкесі Қазақстанның құрамында, ал Қазақстанды оның Орталық партия комитеті мен Үкіметі басқарады. Сіз сол партияның мүшесісіз. Мынадай қыңыр мінез бен істі қоймайтын болсаңыз партиядан шығарып орныңыздан аламыз. Сонан кейін баратын жеріңізге барып арызыңызды айта беріңіз»,- деп қадап айтады. Н.Хрущевтің қырына ілігіп қызметінен төмендетіліп Мәскеуден Қазақстанға жіберілген А.Козлов зәресі ұшып сол жерде кешірім сұрайды. Осылай Жұмабек Тәшенов Мәскеудің жіберген кеудемсоқ адамдарын тәубесіне келтіріп Қазақстаннның бес облысының берілмейтінін ашық мәлімдейді.

  • Еркінбек Тұрысов пен Жолдыбай Базаров былай деп жазады: 1959 жылы 1 қазанда Қытай Халық Республикасының 10 жылдық мерекесіне орай КСРО басшысы Н.С.Хрущев бастаған делегация барады. Делегацияны ҚХР басшысы Мао Цзедун өзі қарсы алады. Әңгіме үстінде Мао Цзедун: «Кеңес Одағы сөз жоқ ұлы ел, ал біз Ұлы Қытаймыз»,- депті. Н.С.Хрущев: «Солайы солай ғой, бірақ КОКП – дүнежүзілік коммунистік қозғалыстың авангардында келеді», - дейді. Мао Цзедун: «Бірақ Қытайда коммунистер КСРО-ға қарағанда көп қой» - дегенде Н.С.Хрущев сөзден тосылып қалады. Сонда Жұмабек Тәшенов «Революцияны Кеңес коммунистері жасады емес пе? Олар кейін қытай коммунистеріне көмектесті ғой», - деп тығырықтан жол табады. Бұл уәжге қытай жағы жауап бере алмай қалады. Н.С.Хрущев әңгіме біткен соң риза болып Тәшеновке: «Сен өзің марксист екенсің ғой», - депті. Келесі күні Кеңес делегациясының құрметіне қонақасы беріледі. Қонақасы кезінде араққа қызып алған Н.С.Хрущев бәрінен өзін жоғары санап орынсыз лепіреді. Бірге барған Жұмабек Тәшенов ыңғайсызданып Н.С.Хрущевті шынтағынан түртеді. Ол ызғарланып «тише» деп алып лепіруін жалғастыра береді. Мұны байқап қалған Мао Цзедун аудармашыға әлдене деп ақырын тіл қатады. Аудармашы Жұмабек Тәшеновке сыбырлап: «Сіз ұялмай-ақ қойыңыз», - депті. Осы жәйіттен кейін Мао Цзедун кеңес делегациясын шығарып салуға келмейді. Қайтар жолда Н.С.Хрущев: «Саған әлгі Мао Цзедун кеше не деді?», - деп сұрайды. Сол оқиғаға зығырданы қайнап келе жатқан Ж.Тәшенов: «Мынауыңа айт, көп ойлап, аз сөйлесін деді», - деп жауап береді. Н.С.Хрущев қызараңдап Тәшеновке сұқ саусағын безейді.
  • Садықбек Адамбеков пен Жолдыбай Базаров былай деп жазады: 1958 жылы 28 шілдеде ҚКП Орталық Комитетінің бюросында «Қазақ әдебиеті» газетінің саяси бағыт-бағдарының коммунистік идеологияға сай келмейтіндігі, «озық ойлылардың» ойлап тапқан пролетариат мәдениетіне, талабына жат дүниелерді аңсап «ауруы», қазақ ұлтшылдарын төңірегіне топтастыру, «адам айтқысыз қателікке ұрындырғандығы» газеттің жабылып-жабылмауы талқыға түседі. Мінбеге сөйлеуге шығып бара жатқан газеттің бас редакторы Сырбай Мәуленов Қазақстанның бірінші басшысы И.Д. Яковлев бастаған топтың мысынан аяғын сылбыр басып, түсі қашып бара жатқанда, ешкімді көзге ілмей орынсыз ілік тауып «Қазақ әдебиетін» тұқыртып немесе жауып тастағалы келіп отырғандарға ызаланған Жұмабек Ахметұлы: «Тайсақтамай батыл сөйле!» деп жігер береді. Жұмабек Ахметұлының әлгі сөзі С. Мәуленовты сескенбей сөйлеуге итермелеп, қорытынды сөзінде былай дейді: «Қазақ халқының басынан шойындай қара бұлт кетпей-ақ қойды. Арал маңында, Бетпақдалада оба ауруына қарсы бекет бар. Ал, Алматыда ұлтшылдарды қолдан жасайтын «фабрика» жұмыс істейді», - дейді.

Жұмабек Тәшеновтің бір ауыз сөзі «Қазақ әдебиеті» газетін жақтаушыларды бір көтеріп тастап, мәжіліс залындағы қарсылас топты жеңіп шығуына жол ашып бергендей болады. Жұмабек Ахметұлы бірінші басшыға: «Иван Дмитриевич, қазақ тілінде шығатын «Қазақ әдебиеті» газеті туралы мәселе қаралып жатқанда, осы бөлімде жұмыс істейтін қазақ жолдастар неге бюроға қатыспайды?», - дейді. Оның сұрағына жауап беруді И.Д.Яковлев Қ.Оспановқа ысырады. Қ.Оспановтың орнына жауап берген Н.Иванов: «Жандосов демалыста, Ысмағұлов іссапарда, А... Шалабаев...», - дейді. И.Д. Яковлев: «Сіз бен біз қазақша білмейміз, сонда бұл мәселені бюроға кім әзірлеген?» деп сұрайды. Н.Иванов: «Басқа сектордағы жолдастарды пайдаландық», - дейді. Сәбит Мұқанов: «Сонда Қазақстан Орталық Комитетінде қазақ жігіттеріне сенім жоқ деп түсінеміз бе? Осы жаңа ғана Ысмағұловты да, Шалабаевты да көрдім ғой», - дейді. И.Д. Яковлев ойланып қалады. Өз кезегінде Сақтаған Бәйішев газеттің ұлтшылдығын 1913 жылы шыққан «Қазақ» газетімен салыстырып, «А.Байтұрсыновтың «Қазақ» газетінің лебі аңқып тұр» - деп сөгеді. Осы мәселеге байланысты «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан» - С.Д) газетінің редакторы Қасым Шәріпов: «Қазақ әдебиеті» газетін жабу керек, ал басқа қазақ тілді газеттерді аудармаға айналдырмаса болмайды. Егер «Социалистік Қазақстан» газетін «Казахстанская правдадан» аударып, мен редактордың орынбасары болып қол қойсам, өзіме үлкен бақыт санар едім», - дейді. Сонда Жұмабек Тәшенов: «Социалистік Қазақстан» газетін ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің, не деп отырсың өзің!», - деп басып тастайды. Сөйтіп ҚКП Орталық Комитетінің бюросындағы талқылауда «Қазақ әдебиеті» газеті жабылудан аман қалып, газетті жақтаушылардың пайдасына шешіледі.

  • Академик Шапық Шөкиннің айтуынша Жұмабек Тәшенов Үкімет басшысы болған кезінде бірінші қазақ-орыс сөздігін құрастырған филолог-ғалым Хайрулла Махмудов қабылдауына кіріп, өзінің жай-күйін айтып, пәтер алуына көмек сұрайды. Сонда Жұмабек Тәшенов: «Мұндай адам қалай үйсіз жүр, қаладағы салынып жатқан үйлерден қалаған пәтеріңізді алыңыз, сол сіздікі болады»,-дейді. Х.Махмудов қаланың у-шуы аз бұрышынан пәтер алады. Бірақ ол жердегі салынған үйлер екі бөлмелі екен. Екі пәтерді қосуға рұқсат етілмейтін. Ал, Жұмабек Тәшенов: «Қабырғаны бұзып, біріктіріңдер, өзім жауап беремін», - деп бұйрық береді.
  • Керімбек Сыздықовтың жазуына қарағанда Жұмабек Тәшеновтың атына сырттай қанық болып жүрген ауыл ақсақалдарының бірі жолы түсіп қалаға келгенінде әдейі өзін көрейін деп іздеп барып, келісті келбетіне қарап тұрып: «Құдайға шүкір, мың қайтара шүкір! Айтса айтқандай-ақ екенсің-ау, байлаулы арыстаным-ай! Елің үшін айдауға түскен, байлауға түскен арыстанның өзі екенсің-ау»,-деп сүйсінген екен.
  • Бір кезде Жолдыбай Базаров мынадай оқиғағаның куәсі болыпты. Журналистің ауылында бір ақсақал соңғы демі бітуге аз ғана уақыт қалғанда көңілін сұрап келуші адамдардың біріне: «Өлсек, өлерміз. Тәшеновтен жанымыз артық па?», - деп айтыпты.
  • «Соғыстан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарып жүргенмін. Үйленгенмін, жұбайымыз екеуміз қарт әке-шешемізбен тар үйде тұруға мәжбүр болдық. Бұл жағдайды кездейсоқ білген Жұмабек Тәшенов маған 4 жыл соғыста болған майдангер ретінде кезексіз үй бергізді». (профессор Мұқаш Елеусізов)

Лебіздер

  • «Әр уақытта менің жүрегімнің төрінен орын алатын менің ер інім - Жұмабек» (Ғабит Мүсірепов, жазушы)
  • «Жұмабек Тәшенов қандай қызметте болса да ең алдымен өз елінің мақсат-мүддесінен шығатын, халықтың жағдайын ойлайтын, ұлттық мәселелерді КСРО басшыларының алдында тайсалмай қоятын, жүрегі қазақ деп соғатын біртуар азамат еді»(Сағадат Нұрмағанбетов, генерал, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы)

Сөздері

  • Біз броньмен соғысқа бармай қалдық қой. Қабылдауымызға келген соғыс ардагерлерінің өтініш-тілегін жерге тастамайық, олар от пен оқтың астынан келді
  • «Никита Сергеевич, егер Жоғарғы Кеңес әр республиканың жерлерін жергілікті органдарынсыз шеше беретін болса КСРО-ның және ұлт республикаларының Конституциясын жою керек қой. Ал ол Конституциялардың баптарында әр ұлт республикасы өзінің тарихи жеріне, ондағы байлығына өз меншігім деп пайдалануға құқы бар. Оны өзгертуге ешкімнің, ешбір органның құқы жоқ».
  • «Социалистік Қазақстан» газетін ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің»

Дереккөздер

  1. ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВ ҺӘМ ОТАРДАҒЫ БАСҚАРУШЫ
  2. Алтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014
  3. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9


Read other articles:

Уровень безработицы в мире по состоянию на 2017 год[1]. Требуйте работы! Если вам не дают работы — требуйте хлеба! Если вам не дают хлеба — возьмите его сами! Из выступления Эммы Гольдман на Юнион-сквер Манхэттена в 1893 году[2] Безрабо́тица — наличие в стране л...

 

  Murumuru TaxonomíaSuperreino: EukaryotaReino: PlantaeDivisión: MagnoliophytaClase: LiliopsidaSubclase: CommelinidaeFamilia: ArecaceaeSubfamilia: ArecoideaeTribu: CocoseaeSubtribu: BactridinaeGénero: AstrocaryumEspecie: Astrocaryum murumuruMart. 1824Sinonimia Astrocaryum yauaperyense Barb.Rodr. [editar datos en Wikidata] Astrocaryum murumuru, conocida como murumuru, chontaloro, chechana, huilango, huicungo,[1]​ u orocorí, es una palmera de la familia Arecaceae, nativ...

 

«Грассгоппер» Повна назва Grasshopper Club Zürich Прізвисько GC, GCZ, Grasshoppers Засновано 1886 Населений пункт Цюрих,  Швейцарія Стадіон Летцигрунд Вміщує 25 000 Президент Штефан Анлікер Головний тренер Торстен Фінк Ліга Швейцарська Суперліга 2022/23 5. Домашня Виїзна «Грассгоппер» (нім. Grassh...

Peramugolf Pramugolf atau kedi (bahasa Inggris: caddy atau caddie) adalah orang yang bekerja membawakan tas berisi peralatan pemain golf, sekaligus memberi saran tentang permainan serta dukungan moral untuk pemain yang dilayaninya. Pramugolf yang pandai harus menguasai peraturan permainan golf, seluk-beluk padang golf dan strategi bermain yang sesuai. Selain itu, pramugolf dituntut memiliki pengetahuan tentang jarak antarlubang dan pemilihan tongkat golf yang sesuai. Pemain golf amatir maupun...

 

Former American weather satellite TIROS-3TIROS 3 satellite.Mission typeWeather satelliteOperatorNASAHarvard designation1961 Ro 1COSPAR ID1961-017A SATCAT no.162Mission duration6 months Spacecraft propertiesSpacecraft typeTIROSManufacturerRCA Astro / GSFCLaunch mass129.3 kilograms (285 lb)[1] Start of missionLaunch dateJuly 12, 1961, 10:19 (1961-07-12UTC10:19Z) UTC[2]RocketThor DM-19 DeltaLaunch siteCape Canaveral LC-17A End of missionLast contactFebruar...

 

Aldomirowzi (Алдомировци) Hilfe zu Wappen Aldomirowzi (Bulgarien) Aldomirowzi Basisdaten Staat: Bulgarien Bulgarien Oblast: Sofia Einwohner: 1304 (15. Dezember 2010[1]) Fläche: 36,582 km² Bevölkerungsdichte 35,6 Einwohner/km² Koordinaten: 42° 51′ N, 22° 59′ O42.8522.983333333333585Koordinaten: 42° 51′ 0″ N, 22° 59′ 0″ O Höhe: 585 m Postleitzahl: 2222 Telefonvorwahl: (+359) 071798 Kfz-Kennzeiche...

la Sise Caractéristiques Longueur 10,1 km Bassin collecteur Loire Régime pluvial Cours Source près du hameau du Boulay · Localisation Presly · Altitude 152 m · Coordonnées 47° 24′ 27″ N, 2° 14′ 30″ E Confluence la Rère · Localisation Nançay · Altitude 117 m · Coordonnées 47° 21′ 14″ N, 2° 08′ 37″ E Géographie Pays traversés France Département Cher Régions traversées Centre-Val de L...

 

This article does not cite any sources. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Ják – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (March 2008) (Learn how and when to remove this template message) Place in Vas, HungaryJákThe parish church of Ják, consecrated by Amadeus Pok in 1256 FlagCoat of armsJákCoordinates: 47°08′22″N 16°34′57″E / ...

 

この項目には性的な表現や記述が含まれます。免責事項もお読みください。 ニナ・ハートレーNina Hartley 推定1980-90年代のハートレー本名 マリー・ルイズ・ハートマン別名義 ニナ・ハートマン、ニナ・ハートウェル生年月日 (1959-03-11) 1959年3月11日(64歳)出生地 アメリカ合衆国・バークレー (カリフォルニア州)民族 コーカソイド公式サイト http://www.nina.com/テンプレート...

Racial and socio-economic caste of Pan-American society This article includes a list of general references, but it lacks sufficient corresponding inline citations. Please help to improve this article by introducing more precise citations. (June 2018) (Learn how and when to remove this template message) A painting by Agostino Brunias depicting two members of the planter class and their slave The planter class was a racial and socioeconomic caste which emerged in the Americas during European co...

 

السفارة السعودية في سلطنة عمان السعودية عمان الإحداثيات 23°36′19″N 58°25′48″E / 23.6052°N 58.4299°E / 23.6052; 58.4299  البلد سلطنة عمان  المكان مسقط العنوان حي السفارات – شاطئ القرم – شارع جامعة الدول العربية السفير عبد الله بن سعود العنزي الموقع الالكتروني سفارة المملكة ا...

 

Gutulia National ParkIUCN category II (national park)LocationHedmark, NorwayNearest cityRørosCoordinates62°1′N 12°10′E / 62.017°N 12.167°E / 62.017; 12.167Area23 km2 (8.9 sq mi)Established1968Governing bodyDirectorate for Nature Management Gutulia National Park (Norwegian: Gutulia nasjonalpark) is the smallest national park in Norway. The landscape consists of lakes and virginal forests, dominated by spruce, pine and birch. Because of ...

This article contains translated text and the factual accuracy of the translation should be checked by someone fluent in Italian and English. Twenty Four HoursTwenty Four Hours, L–R Antonio Paparelli, Paolo Lippe, Andrea Valfrè (Producer), Marco Lippe, Paolo SorcinelliBackground informationOriginBari, Bergamo, Fano, ItalyGenres progressive rock experimental rock psychedelic rock new wave Years active1985–presentLabelsMellow Records, Musea, Velut LunaWebsiteTwenty Four HoursMusical artist...

 

Battle of SudakCampaigns of Sultan KayqubadDate1221/1222LocationSudakResult Seljuk victory[2]Belligerents Sultanate of Rum Kievan Rus’Cuman-Kipchak Confederation Empire of Trebizond[1]Commanders and leaders Kayqubad the Great[3]Husam al-Din Choban[4] Rus’ princes[2][5] vteByzantine–Seljuk wars Ganja Vaspurakan Kapetron 1st Manzikert Ani Caesarea 1st Iconium Sebastia 2nd Manzikert Seljuk campaigns in the Aegean Koyun Islands 1st Nicaea Mers...

 

Indian politician (born 1976) Pradeep MajhiPradeep MajhiMember: 15th Lok SabhaIn office2009–2014Preceded byParsuram MajhiSucceeded byBalabhadra MajhiConstituencyNabarangpurPresident Orissa Youth CongressIn office2009–2011Secretary Indian Youth CongressIn office2007–2009President Zila Parishad NabarangpurIn office2007–2009 Personal detailsBorn (1976-02-22) 22 February 1976 (age 47)Political partyBiju Janta DalOther politicalaffiliationsIndian National CongressResidenceNew DelhiAs ...

Species of plant Cucumis melo Scientific classification Kingdom: Plantae Clade: Tracheophytes Clade: Angiosperms Clade: Eudicots Clade: Rosids Order: Cucurbitales Family: Cucurbitaceae Genus: Cucumis Species: C. melo Binomial name Cucumis meloL. Synonyms[1] List Cucumis acidus Jacq. Cucumis agrestis (Naudin) Greb. nom. inval. Cucumis alba Nakai Cucumis ambiguus Fenzl ex Hook.f. nom. inval. Cucumis arenarius Schumach. & Thonn. Cucumis aromaticus Royle Cucumis bardanus Fenzl ex...

 

For other uses, see Robert Douglas (disambiguation). English actor (1909–1999) Robert DouglasDouglas in Buccaneer's Girl (1950)BornRobert Douglas Finlayson(1909-11-09)9 November 1909Fenny Stratford, Buckinghamshire, EnglandDied11 January 1999(1999-01-11) (aged 89)Encinitas, California, U.S.Occupation(s)Actor, director, producerYears active1927–1982Spouses Dorothy Hyson ​ ​(m. 1935; div. 1945)​ Suzanne Weldon ​ ​(...

 

1. Division 1965 Competizione Superligaen Sport Calcio Edizione 52ª Organizzatore DBU Luogo  Danimarca Partecipanti 12 Risultati Vincitore  Esbjerg(4º titolo) Retrocessioni  B 93 B 1901 Statistiche Miglior marcatore Per Petersen (18) Incontri disputati 132 Gol segnati 431 (3,27 per incontro) Cronologia della competizione 1964 1966 Manuale La 1. Division 1965 è stata la 52ª edizione della massima serie del campionato danese di calcio conclusa con la vittoria d...

Mouly SuryaMouly Surya di FSAI 2017LahirNursita Mouly Surya10 September 1980 (umur 43)Jakarta, IndonesiaNama lainMouly SuryaPekerjaan Sutradara Penulis Skenario Tahun aktif2008 - sekarangSuami/istriRama Adi (m. 2007) Penghargaan Festival Film Indonesia Sutradara Terbaik 2008 fiksi. 2018 Marlina si Pembunuh dalam Empat Babak Penulis Skenario Terbaik 2008 fiksi. —bersama Joko Anwar 2018 Marlina si Pembunuh dalam Empat Babak -bersama Rama Adi Nursita Mouly Surya (lahir 10 Septem...

 

Basketball leagueNationale Masculine 1 (NM1)Founded1949; 74 years ago (1949)First season1949–50CountryFranceConfederationFIBA EuropeNumber of teams18Level on pyramidLevel 3Promotion toPro BRelegation toNM2Current championsCaen Basket Calvados (1st title) The Nationale Masculine 1, abbreviated as NM1, (English: National Male 1), is the professional level third-tier division of men's club basketball in France. The two top teams from each season of the competition are promote...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!