Ораз Жанұзақұлы Исаев (1899—1938) — кеңестік мемлекеттік, саяси қайраткері.
Ораз Жанұзақұлы бұрынғы Орал облысының Ілбішін уезіне қарасты Қарасу болысында дүниеге келген. Сол жердегі орыс-қазақ мектебінде оқып, хат таныған.
- Еңбек жолын 1916 жылы ауыл әкімшілігінде хатшы болып бастайды.
- 1917 жылы Шалқар болысында земство басқармасының хатшысы және уездік милиция хатшысы болып істейді.
- 1919—1920 жылдары Ілбішін және Жымпиты уездерінде құқық қорғау органдарында еңбек етеді; ТХО (ЧОН) жауынгері, губ ТК (ЧК), ОГПУ уәкілі, губерниялық қылмысты істерді іздестіру органы бастығының орынбасары болады.
- 1921 жылы большевиктер партиясы қатарына өтеді. Орал губерниясында комсомол, кәсіподақ ұйымдарын құруға атсалысқан.
- 1924—1925 жылдары РК(б)П Қазақстан өлкелік бақылау комиссиясының орынбасары, Қазақ ОАК-нің хатшысы.
- 1925—1929 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің екінші хатшысы.
- 1926 жылғы шілденің 13-і мен тамыздың 30-ы аралығында «Еңбекші қазақ» газетіне де басшылық жасады, газет редакторы болды. Бұл тұста ол Қазкрайкомның ұйымдастыру бөлімін басқаратын.
- 1929 жылғы сәуірден 1938 жылдың мамырына дейін Қазақстан Халком кеңесінің төрағасы, КСРО БОАК және ОАК төралқасының мүшесі, өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
- Ораз Исаев 1938 жылы жалған жаламен тұтқындалып, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
Дереккөздер