Жолымбет — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы кент, Жолымбет кенттік әкімдігі орталығы. Іргесі 1932 жылы алтын кенішінің ашылуына байланысты қаланған. 1940 жылдан кент.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Шортанды кентінен шығысқа қарай 49 км-дей жерде, Ащылыайрық өзенінің оң жағасында орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
5218 |
▼4258 |
▼4011 |
94,2 |
2118 |
▼2066 |
97,5 |
2140 |
▼1945 |
90,9
|
Кәсіпорындары
«Қазақалтын» кен байыту комбинатының басқармасы, алтын өндіретін кеніш, кен байыту фабрикасы, техникалық қызмет көрсету стансасы және тігін фабрикасы жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
3 бала бақша, 2 орта мектеп, 1 мектеп-интернат, музыка мектебі, мәдениет үйі, 3 кітапхана, аурухана, кинотеатр, тұрмыстық қызмет үйі, 5 спорт залы, 1 асхана, 20-дан астам сауда мекемелері бар.
Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарына ескерткіш орнатылған. Тұрғындары Астана, Көкшетау, Степногорск қалаларымен, Шортанды кентімен, т.б. елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
Дереккөздер