Басқа мағыналар үшін Бозайғыр деген бетті қараңыз.
Бозайғыр (2007 ж. дейін – Елизаветинка[1]) — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы ауыл, Бозайғыр ауылдық округі орталығы. Іргесі 1890 жылы қаланған.
Географиялық орны
Аудан орталығы — Шортанды кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Бозайғыр көлінің оңтүстік жағасында орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[2][3]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
2032 |
▲2526 |
▼2517 |
99,6 |
1237 |
▲1283 |
103,7 |
1289 |
▼1234 |
95,7
|
Инфрақұрылымы
Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, наубайхана, сауда кәсіпорындары, дәріхана, т.б. бар. Ауыл арқылы мемлекеттік маңызы бар Астана — Петропавл автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Төңкеріс (3 км).
Дереккөздер