Новокубанка — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы ауыл, Новокубан ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Шортанды кенті мен темір жол стансасынан батысқа қарай 18 км-дей жерде, Қалқұтан өзенінің сол аңғарында орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
1810 |
▲1893 |
▼1721 |
90,9 |
946 |
▼854 |
90,3 |
947 |
▼867 |
91,6
|
Тарихы
Іргесін 1934 жылы Кубаннан (Ресей) Қазақстанға қоныс аударған шаруалар қалаған. 1934 жылдан “Қазақстанның 18 жылдығы” атындағы ұжымшар мен КСРО Мемлекеттік агроөнеркәсібі астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Шортанды тәжірибе шаруашылығының орталығы болып келді. Қазір ауылда ЖШС-тер мен “Ремтранссервиз” АҚ жұмыс істейді.
Дереккөздер