Жаһанша Досмұхамедов

Жаһанша Досмұхамедов
Жаһанша Досмұхамедов
Досмұхамедов, 1920 жыл
Лауазымы
Ту
Ту
Алаш Орда Үкіметінің Батыс филиалы үкіметінің төрағасы
1918 — 1919
Ізашары лауазымы құрылды (Ойыл уәлаяты үкіметінің төрағасы ретінде өзі)
Ізбасары лауазымы жойылды
Ту
Ту
Ойыл уәлаяты үкіметінің төрағасы
сәуір 1918 — 11 қыркүйек 1918
Ізашары лауазымы құрылды
Ізбасары лауазымы жойылды (Алаш Орда Үкіметінің Батыс филиалы үкіметінің төрағасы ретінде өзі)
Ту
Ту
Алаш Үкіметі Халық Кеңесінің мүшелері
13 желтоқсан 1917 — 5 мамыр 1920
Өмірбаяны
Білімі Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультеті
Дүниеге келуі 1887 (1887)
№1 ауыл, Жампиты болысы, Орал уезі, Орал облысы, Ресей империясы
Қайтыс болуы 3 тамыз 1938 (1938-08-03)
Бутово полигоны, Лениский ауданы, Мәскеу облысы, РКФСР, КСРО

Жаһанша (Жанша) Досмұхамедов (1886, Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысы, № 1 ауыл – 1937, Мәскеу облысы) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, заңгер.

Өмірбаяны

  • 1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан[1].
  • 1917 жылғы ақпанға дейін Томск сот округі прокурорының орынбасары.[2] 1-Орал облыстық қазақ съезінің төрағасы, Құрылтай жиналысының мүшесі болып сайланған.
  • 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
  • 1917 жылы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық съезде Ж.Досмұхамедов Алашорда үкіметінің мүшелігіне облыстардан тысқары делегат ретінде кіреді. Съезде автономия жариялау туралы екі пікір болғанын: оның бір жағында Ә.Бөкейханов бастаған топ «кейінірек», ол Халел және Жанша Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу» жариялансын деген ұстаным қалыптасқан.
  • 1918 жылдың наурыз айында Жанша және Халел Досмұхамедовтер Мәскеуге келіп, Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізіп, Кеңес үкіметін Алашорданың желтоқсандағы съезінің қаулыларымен таныстырып, сондағы 11 шартты қояды. Кеңес үкіметінің жанынан Қазақ комиссариатының ашылуына қол жеткізеді.
  • 1918 жылы 6 мамырда Жымпиты өлкесінде өткен Орал облысының 4-қазақ съезінде, құрамына Сырым батырдың ұрпағы Салық және Сейіт ишан кірген 7 адамнан тұратын «Ойыл уәлаяты» құрылып, Жанша оның Уа­қытша үкіметінің төрағасы болып сайланады. Уәлаятта атты милиция жасақталып, оларды соғыс өнеріне үйрететін курс ашылады. Әр түрлі шаруашылық құрылымдар ашылады.

Мәскеудегі келіссөзден кейін Ж.Досмұхамедовтің Кеңес өкіметіне деген көзқарасында біраз өзгерістер туады. «…бізді жылы шыраймен қабылдаған бірден-бір өкімет, ол Кеңес өкіметі. …біз көптен бері автономияны талап етіп келіп едік, Кеңес өкіметінен басқа еш өкімет бізді қош көрмеді» және «Кеңес өкіметін саяси күш ретінде қырғыз (қазақ) халқы да мойындау керек» деп мәлімдеді. Аталған мәлімдемелер жөнінде Жанша мен оның серіктестерінің арасында біраз келіспеушілік туындайды.

Азамат соғысы жылдары сан-сапалақ өкіметтердің бірінен соң бірі келіп-кетіп жатқанда Батыс Алашорда жетекшілерінің саясаты: қазақ жұртшылығын қорғау; аумалы-төкпелі замана ағымына орынсыз килікпеу; және артын бағамдау ұстанымы болды.

  • 1918 жылы қыркүйекте Уфада өткен Алашорданың шұғыл мәжілісінде өзге де мәселелермен қатар «соғыс жағдайы мен жол қатынастарының нашарлығынан» Алаш автономиясының батыс өлкелерін басқару үшін «Ойыл уәлаятының» орнына Алашорданың батыс бөлімшесі құрылады. Бөлімшенің құрамына Б. Құлманов, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және Е.Тұрмұхамедовтер кіреді. Төрағасы болып Ж.Досмұхамедов сайланады.

Ж.Досмұхамедов көптеген уақытша өкімет орындарымен келіссөз жүргізіп, хат-хабарлар алмасып, мәлімдемелер жазып жатқанда, өздерінің істеп жатқан істерінің мән-мағынасын түсіндірумен болды. Яғни мына алмағайып заманда қазақ халқын аман-есен сақтап-қорғау мақсатында және бүкіл Ресейде түпкілікті өкімет орнағанша жергілікті Уақытша қазақ өкіметтерін құруға мәжбүр болғандарын атап өтеді. Осы бағытта да Кеңес өкіметімен, яғни Түркістан майданының (М.Фрунзе) өкілдерімен келіссөз жүргізіп, оның басты шарттарына:

  1. қазақ халқының өзін-өзі билеу құқы, автономия;
  2. екі жақтың теке-тіресінің ортасында қалған қазақ халқын зорлық-зомбылық пен талан-тараждан аман сақтау болып табылады деп шегелеп көрсетеді.

Нәтижесінде, М.Фрунзенің ұсынысымен, қазақ даласынан аластатылып, оқшауландырылуға жататын Батыс Алашорда жетекшілерінің 5 адамынан (Ж. және Х.Досмұхамедовтер, Иса Қашқынбаев, Кәрім Жәленов пен Беркінғали Атшыбаев) құрылған делегацияны алдымен Түркістан майданының штабына, ары қарай Мәскеуге жөнелтеді. Осы топ Батыс Алашорда өкіметінің іс-харекеттері туралы баяндама-хат дайындап, оны Жанша өз қолымен В.И.Ленин, И.В.Сталин және Л.Д.Троцкийге табыстайды. Батыс Алашорда бөлімшесі таратылып, оның жетекшілері біраз уақыт қазақ даласынан аластатылғанда, Жанша 1920 жылы жаз айларын Мәскеуде Бас тоқыма өнеркәсібі басқармасында инспектор болып, қыркүйек айында аталған мекеменің жолдамасымен Ташкентке жіберіліп, Түркістан Республикасы Халық шаруашылығы Орталық кеңесінің жүн-жұрқа бөлімінің меңгерушісі болады және ТР ОАК қазақ бөлімінің хатшысы қызметін қоса атқарады.

  • 1920-25 жылдары Ташкентте тұрып, ғылыммен, өз мамандығы бойынша адвокаттық жұмыспен айналысады. Әуезовте 1922-23 жылдыры Ташкентте жұмыс істеген, оқыған. Олар қазақ тарихы мен әдебиетіне байланысты құрылған «Талап» ұйымының мәжілістерінде кездесіп жүрген. [3]
  • 1930 жылы 5 қазанда Досмұхамедовтың тергеу ісіне байланысты Әуезов жауапқа тартылады. Оған «қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымдарына қатысты, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздеді. Жанша Досмұхамедовтың ұйымында тұрды, оның тапсырмасын орындады» деген сияқты кінәлар тағады, нәтижесінде Досмұхамедов пен Әуезовтің істері бірге қаралды.[4]
  • Ташкентте қазақ зиялылары құрған мәдени-ағарту «Талап» қауымдастығына мүше болып, оның тапсыруымен қазақ тілінде алғашқы қылмыстық кодекс жобасын әзірледі. Онан кейін ол қазақ астаналары Қызылорда, Алматы қалаларында әр түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге қызметке ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі.[5]

Дереккөздер

  1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  3. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
  4. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
  5. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7


Read other articles:

Koordinat: 8°09′01″S 112°27′00″E / 8.150345°S 112.449918°E / -8.150345; 112.449918 Terowongan Dwi Bakti KaryaKategori bangunan hikmat: terowonganKereta api Gajayana di depan mulut terowongan Karangkates IILetakProvinsiJawa TimurKabupatenMalangKecamatanSumberpucungDesaSumberpucungPosisiDekat Bendungan Ir. SutamiSejarahTahun dibangun1969Informasi bangunanOperatorDaerah Operasi VIII SurabayaPanjang terowongan400 mNomor bangunan hikmat352SingkatanDBKLayanan Lin...

 

 Nota: Se procura por outros condados com o mesmo nome, veja Condado de Johnson. Condado de JohnsonJohnson County Condados dos Estados Unidos Dados gerais Estado Tennessee Sede Mountain City Data de fundação 1836 (187 anos) Maior cidade Mountain City Características geográficas Área 784 km² - Área água 11 km² (1,41%) População 17 499 (2000) Densidade 23 hab/km² Portal Estados Unidos O Condado de Johnson é um dos 95 condados do Estado americano do Tennessee. A sede d...

 

কুহেলিKuheliSutradara Tarun Majumdar ProduserDitulis oleh Tarun Majumdar CeritaBiren DasPemeranSandhya RoyBiswajeetSumita SanyalPenata musikHemanta MukherjeeSinematograferSoumendu RoyPenyuntingDulal DuttaTanggal rilis1971Durasi129 menitNegara IndiaBahasa Bengal Kuheli (bahasa Bengali: কুহেলি) adalah sebuah film horor India-Bengali dirilis pada tahun 1971. Film yang ditulis dan disutradarai oleh Tarun Majumdar ini pemainnya antara lain adalah Sandhya Roy, Bisw...

This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Basel Christian Church of Malaysia – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (February 2021) (Learn how and when to remove this template message) Basel Christian Church of Malaysia 馬來西亞基督教巴色會 Gereja Kristian Basel MalaysiaClassificationP...

 

Overview of the ranks and insignia of the Pakistan Army Pakistan Army Leadership Chief of Army Staff Chairman Joint Chiefs of Staff Committee Organisation and components Frontier Corps National Guard Pakistan Rangers Frontier Works Organization Special Service Group Army Cantonment Board Pakistan Armoured Corps Installations General Headquarters Pakistan Military Academy Command and Staff College National Defence University Personnel Army Ranks of Pakistan Serving generals Equipment Equipment...

 

Airport in Shayrat, Homs GovernorateShayrat Airbaseقاعدة الشعيرات الجويةQaeidat al-Shshaeirat al-JawwiaIATA: noneICAO: noneFAA LID: OS65SummaryAirport typeMilitaryOwnerSyrian Armed ForcesOperatorSyrian Arab Air Force Russian Armed Forces Iranian Armed Forces Iranian Revolutionary Guard CorpsLocationShayrat, Homs GovernorateIn useUnknown–presentCoordinates34°29′24″N 36°54′32″E / 34.49000°N 36.90889°E / 34.49000; 36.90889MapShayrat Air Ba...

Not to be confused with Bruton v. United States. Sen. Burton Burton v. United States is the name of two appeals to the Supreme Court of the United States by Senator Joseph R. Burton (R-KS) following his conviction for compensated representation of a party in a proceeding in which the United States was interested: Burton v. United States, 196 U.S. 283 (1905)[1] and Burton v. United States, 202 U.S. 344 (1906).[2] Burton was convicted of acting as counsel to Rialto Grain and Sec...

 

Filipino politician This biography of a living person needs additional citations for verification. Please help by adding reliable sources. Contentious material about living persons that is unsourced or poorly sourced must be removed immediately from the article and its talk page, especially if potentially libelous.Find sources: Antonio Ferrer – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (May 2013) (Learn how and when to remove this template message) I...

 

Taíno tribal leader and military chief Agüeybaná IIStatue of Agüeybaná II, El Bravo, in Ponce, Puerto RicoNickname(s)El Bravo (The Brave)Bornc. 1470 (1470)BorikénDied1511 (aged 40–41)Puerto RicoRankCaciqueCommands heldTaínos of BorikénBattles/warsTaíno rebellion of 1511RelationsBrother of Agüeybaná[1][2][3] Agüeybaná II (c. 1470 – 1511), born Güeybaná and also known as Agüeybaná El Bravo (English: Agüeybaná The Br...

32nd Chief Justice of India Gopal Ballav PattanaikPattanaik giving a speech in 201832nd Chief Justice of IndiaIn office8 November 2002[1] – 18 December 2002Appointed byA. P. J. Abdul KalamPreceded byBhupinder Nath KirpalSucceeded byV. N. Khare[2] Personal detailsBorn (1937-12-19) 19 December 1937 (age 85)Cuttack, Odisha, IndiaCitizenshipIndianOccupationJuristAwardsUtkal Ratna 2021 Gopal Ballav Pattanaik (born 19 December 1937) is an Indian lawyer and later ...

 

Alaxala Networks Corp.Native nameアラクサラネットワークス株式会社TypePrivateIndustryNetworking hardwareFounded2004; 19 years ago (2004)HeadquartersKawasaki, Kanagawa, JapanKey peopleYoshihiro TakayasuProductsNetwork routerNetwork switchRevenueJPY 19.2 billionTotal assetsJPY 5.505 billionNumber of employees310 (2008)Websitewww.alaxala.com Alaxala Networks Corp. (アラクサラネットワークス株式会社, Arakusara Nettowākusu Kabushiki-gaisha), commonl...

 

この項目では、現在のドイツの自由民主党(FDP)について説明しています。東ドイツの自由民主党(LDPD)については「ドイツ自由民主党」をご覧ください。 ドイツの政党自由民主党Freie Demokratische Partei 党首(Vorsitzender) クリスティアン・リントナー成立年月日 1948年12月11日前身政党 ドイツ人民党ドイツ民主党本部所在地 ベルリンドイツ連邦議会議席数 92 / 735 ...

Reality singing competition on French television channel TF1 This article is about the show based and aired in France from The Voice franchise. For the French version in Canada, see La Voix. This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: The Voice – La plus belle voix – news · newspapers · books · scholar ...

 

1977 studio album by Suzi QuatroAggro-PhobiaStudio album by Suzi QuatroReleasedJanuary 1977RecordedLate 1976StudioChâteau Du Regarde, Oise, France with the RAK mobile[1]Genre Rock hard rock Length32:05LabelRakProducer Mike Chapman Mickie Most[2] Suzi Quatro chronology Your Mamma Won't Like Me(1975) Aggro-Phobia(1977) If You Knew Suzi...(1978) Singles from Aggro-Phobia Tear Me ApartReleased: 1977 Make Me Smile (Come Up and See Me)Released: 1977 Aggro-Phobia is the four...

 

Japanese baseball player Baseball player Yudai KawaiKawai with the Chunichi DragonsPitcherBorn: (1980-06-17) 17 June 1980 (age 43)Kitasaku District, Nagano, JapanBats: LeftThrows: LeftdebutApril 20, 2005, for the Chunichi DragonsNPB statistics (through 2016)Win-Loss28-31ERA3.44Strikeouts247 Teams Chunichi Dragons (2005–2016) Career highlights and awards 1x NPB All-Star selection (2009) Yudai Kawai (川井 雄太, Kawai Yudai, born June 17, 1980 in Kitasaku District, Naga...

Bahasa Ojibwe Anishinaabemowin, ᐊᓂᔑᓈᐯᒧᐎᓐ Pengucapan[anɪʃɪnaːpeːmowɪn]Dituturkan diKanada, Amerika SerikatWilayahKanada: Quebec, Ontario, Manitoba, Saskatchewan, sejumlah orang di Alberta, British Columbia; Amerika Serikat: Michigan, Wisconsin, Minnesota, sejumlah orang di North Dakota, MontanaEtnisSuku OjibwePenutur56.531 (47.740 di Kanada; 8.791 di Amerika Serikat)Rumpun bahasaAlfgik AlgonquianOjibwe–PotawatomiOjibwe Sistem penulisanAlfabet Latin, beberapa ortogr...

 

Americans of Bengali birth or descent This article has multiple issues. Please help improve it or discuss these issues on the talk page. (Learn how and when to remove these template messages) This article includes a list of general references, but it lacks sufficient corresponding inline citations. Please help to improve this article by introducing more precise citations. (November 2019) (Learn how and when to remove this template message)This article needs additional citations for verificati...

 

2002 German military drama film This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Bungalow 2002 film – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (April 2019) (Learn how and when to remove this template message) BungalowDVD coverDirected byUlrich Köhler [de]Written byHenrike GoetzUlrich Kö...

International sporting eventFutsal at the Pan American GamesNo. of events1 (men) Futsal at the Pan American Games was only held at the 2007 Pan American Games in Rio de Janeiro, Brazil. Results Year Host Final Third place match Gold Score Silver Bronze Score 4th place 2007Details Rio de Janeiro Brazil 4–1 Argentina Paraguay 6–5 (aet) Costa Rica Medal table RankNationGoldSilverBronzeTotal1 Brazil10012 Argentina01013 Paraguay0011Totals (3 entries)1113 Medalists Games Gold Sil...

 

Professional basketball club in Madrid, Spain For the football team, see Real Madrid CF. This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Real Madrid Baloncesto – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (May 2021) (Learn how and when to remove this template message) Real Madrid 2023–24 Real Madrid Balon...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!