Сатылған Сабатаев

Сатылған Сабатаев (1874-1921) - агроном, ғалым. Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезі, Үлкен Алматы болысында дүниеге келді.

Өмірбаяны

  • 1885-95 жж. аралығында ер балаларға арналған Верный гимназиясында оқып білім алды.
  • 1895 ж. Мәскеудегі Лазарев атындағы Шығыс тілдері институтына түсіп, оны 1899 жылы бітірді.
  • Жетісу әскери-губернаторының 1899 жылғы 20 қарашадағы арнайы бұйрығымен Пішпек уездік басқармасына тілмаштық қызметке тағайындалды.
  • 1915 жылы Мәскеу ауыл шаруашылығы институтын бітірген.
  • 1917 жылғы желтоқсанда Орынборда өткен Жалпы қазақтық құрылтай съезінде «Алашорда» үкіметінің мүшесі болып сайланды. Жетісу өңірінде алаш қозғалысының белсенді басшыларының бірі болды.

Мәскеуде оқып жүрген кезінде С. Абай Құнанбаев шығармашылығын орыс жұртшылығына таныстыруда елеулі еңбек етті. Мәскеудегі есеп-кредит институтының студенті Нұх Рамазановпен бірге 1914 жылы Мәскеудегі Шығыстану институтының академигі А.Н. Веселовский құрметіне арнап шығарған «Алшархият» жинағына Абайдың төрт өлеңінің мазмұнын («Поэт», «Пожалейте меня», «Лето», «О любви») қара сөзбен орысша жазып бастырған.[1]


Дереккөздер

  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!