Мұстафа Шоқай

Мұстафа Шоқай
Мұстафа Шоқай
Лауазымы
Ту
Ту
Түркістан автономиясының премьер-министрі
12 желтоқсан 1917 жыл — 19 ақпан 1918 жыл
Ізашары Мұхаметжан Тынышбайұлы
Өмірбаяны
Азаматтығы Түркістан автономиясы
Діні Ислам (сүннет)
Дүниеге келуі 1890 (1890)
Сырдария губерниясы, Наршоқы
Қайтыс болуы 27 желтоқсан, 1941 (51 жас)
Берлин
Жұбайы Мария Шоқай
Мұстафа Шоқай жұбайымен

Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан 1890(18901225), Әулие-Та­раң­ғыл, Түркістан генерал-губернаторлығы, Ресей империясы27 желтоқсан 1941, Берлин, Германия[1]) — қазақ мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, тәуелсіз және біртұтас Түркістанның идеологы. Түркістан автономиясының екінші министр-төрағасы (1917—1918)[2], Алашорда үкіметі халық кеңесінің мүшесі (1917—1920)[3][4]. 1921 жылдан бастап Парижде қуғында өмір сүрген.

Өмірбаяны

Қыпшақ тайпасы Торы руы Бошай тармағынан шыққан.[5]

Тұлғалар. Алаш арыстары. Мұндай жандар туралы Елбасы Н.Назарбаев: “Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан, халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дүйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген”, дейді. Сондай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан “батысшылдар” демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.

1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты баспасөз бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Оған сол кезде империя астанасындағы 31 өзбек, татар, башқұрт, қазақ студенттері қол қояды. Мұның өзі Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді. Түркі халықтары тарапынан сөйлейтін бүркеншік діни құрылымдар мен басылымдарды ұйымдастыру арқылы патша өкі­метінің ұлт-азаттық қозғалысын іштен бүлдіруге бағытталған арандатушылық саясатының қауіптілігін жете түсінуі, ол жөнінде өз пікірін ашық білдіруі, М.Шоқайдың саяси ұйымының қалыптасып, шыңдала түскендігінің куәсі еді.

Балалық шағы

Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады.

Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі

Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы сиезде «Шора-и-ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші сиезде Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады.

Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы

Түркістан аймағы үшін осы ерекше жиын - 1917 жылы 26 қараша күні Қоқанға шақырылған өлке мұсылмандарының IV төтенше құрылтайы еді. Аталған құрылтай 26-27 қараша аралығында өтті (жаңаша ресейлік жыл санау бойынша 9-10 желтоқсан). Бұған Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана, Жетісу облыстарынан 200-ден аса делегат қатысты. Олардың ұлттық құрамы да айрықша: қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, әзірбайжан, тәжік, орыс, украин, поляк, еврей т.б. Бұл оның халық деген ұғымды Түркістанның тарихи тағдырымен байланыста қарағанын көрсетеді. Осы жиын делегаттары 27 қараша күні «Түркістан территориялық автономиясын» жақтап, дауыс берді. Өз атымен айтсақ - Түркістан мұхтарияты. Аталған IV құрылтай Түркістан автономиясының немесе Түркістан мұхтариятының «Халық кеңесін» (мұны бүгінгі парламентпен салыстыруға болады) сайлады. Оған 36 түркістандық (Түркістанның жергілікті халқынан шыққандар) және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Халық кеңесінің төрағалығына - Серәлі Лапин, кеңес басшылығы құрамына - Мұстафа Шоқай, Убайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбуди сайланады.

Түркістан үкіметінің мүшелері

Түркістан автономиясының туы

Түркістан автономиясының Халық кеңесі үкімет жасақтауды қолға алды. Мұны олар «уақытша үкімет» деп белгіледі. Сонымен Түркістан үкіметінің мүшелері мына тұлғалар: Мұхаметжан Тынышбайұлы - Үкімет төрағасы және ішкі істер министрі; Мұстафа Шоқай - Ұлттық кеңес төрағасы және сыртқы істер министрі; Шахислам Шахиахметов Үкімет төрағасының орынбасары және қаржы министрі; Әбдірахман Оразайұлы - кейінгі ішкі істер министрі; Үбайдулла Хожаев - әскери істер министрі; Насырхан төре - халық ағарту министрі; Мірәділ Мырзахметов - әлеуметтік істер министрі; Хидаятбек Юрғули Ағаев - ауылшаруашылығы министрі; Әбитжан Махмұт - азық-түлік министрі; Саломон Гердфельд - азшылық ұлт өкілдерінің министрі. Осы кезде М.Шоқай бастаған зиялылар азшылық ұлт өкілдері көшбасшыларына ғасырлар бойы азаптанған Түркістан тағдырына және шөре-шөре болып қалған өз тағдырына ақыл көзімен қарауды сұрады. Осыған байланысты кейін бір еңбегінде Мұстафа 1917 жылы Петерборда болған бір пікірталасты есіне алыпты. Мәселе мынада екен, Уақытша үкімет Түркістанға жұмыс күшін апару жайын қарайды. Сонда түркістандықтар жағдайды ушықтырмау үшін алдағы 25 жылда өлкеге жұмысшыларды әкелуді сұраған. М.Шоқай ондай күш қажет болса, «орыстардың орнына татар мен башқұртты жіберу» мәселесін күн тәртібіне қояды... Ал енді М.Шоқай түркістандықтардан тек жақсылық көрді деу де ақылға сыйымсыз. «Бірлік туы» газетіне 1918 жылы 18 наурызда жарияланған «тау арасынан» жасырын жолданған әйгілі хатында оны Гаухана, Маймүбәрак, Құмбаста сарттары қалай өлтіре жаздағаны жазылған. Түркістан автономиясын қырған большевиктік қара күш пен жергілікті бағдарсыз оспадар күштің айырмасы шамалы еді.

Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы

1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Ыстамбұлга аттанады.

Ел тәуелсіздігі жолындағы күрескен алаш азаматы - М.Шоқай

Әлемге аты мәлім қоғам қайраткері, саясаткер, ақиқат жолына бас тіккен, азаттық үшін тағдырдың азабы мен мазағын қатыспай көтерген, әділеттен басқа досы жоқ, адалдықтан басқа жолы жоқ Мұстафа Шоқайдың біртұтас Түркістан мемлекетін құрудағы қызметі, қайғысы, қасіреті, мақсат – мүддесі кешегі кеңес үкіметі кезінде құлып астындағы құпия болды. Күллі түрік миллетінің туыстық бірлігін сақтап, Түркістан автономиясын құру тұрғысындағы М.Шоқайдың жанкешті қызметін кеңес идеологтары жаулық әрекет сипатында көрсетті. Мұстафаның інісі Нұртаза мен туысы Мырзеке Қалымбетұлы «халық жауымен» хандық қатысы болғаны үшін атылды. Қалғандары қуғын-сүргінге түсті. Ал мемлекеттік тапсырыс бойынша отставкаға ҰҚК қызметкері Ж.Шәкібаев «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты кітап жазып, М.Шоқайдың қоғам алдындағы жұмысын жоққа шығаруға тырысты. Ал Мұстафаның кінәсы - өз ұлтына деген шексіз сүйіспеншілігі еді. Айыбы – атамекенге, ана сүтіне адалдығы. М.Шоқай өле-өлгенше осы бағытынан айныған жоқ. Уақыттан асқан кемеңгер бар ма, қазақ зиялылары жан алып, жан беріскен ел егемендігі тарихи мерзімі жеткен күні өз аяғымен келді. М. Шоқайдың бүкіл өмірінің мәні мен мағынасы, арманы осы егемендік, өлмес рух елімен қайта табысты. Заман озады, өмірден тозбайтын ештене жоқ. Зат та, жер мен көк те, адамның аты да ескіреді. Бірақ, қараңғылық қойнауында жанған шамшырақтай Мұстафа есімі жыл өткен сайын жарқырай түсуде.

Мұстафаның 1886 жылы 7 қаңтарда Сыр бойында Сұлутөбе секілді ауылда, кірпіштен салған қазақы үйде дүниеге келіп, саясаттың биік тұғырына көтерілуі көбіміз үшін таңғаларлық жағдай. Бала күнінен киіз қазақтың тәрбиесін алады. Осылайша он төртке толар-толмас жасөспірім бейшараның көзіндегі жасты сүртіп, әділеттің ауылын нұсқауға жарап қалады. Ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздіктерді танып біле бастайды. Түркістан халқының қамында бір қасиет пен кесапатты өмірге тоқиды. Өмірден осы кезде алған екінші сабағы – орыс өктемдігі.

Ташкенттегі орыс ұлты мен жергілікті халық арасындағы әлеуметтік теңсіздікті, келіспеушілікті көзімен көрді. Ұлтжандылық сезімін оянуына алдымен орыс шовинизмі ықпал етті. Алғашында орыс алпауыттары мен патшаның Ресейдің отаршылық саясатына саналы түрде қарсы шыққан, интеллект түрінде қорғанды. Ауыл қазағының арыз-шағымын жазып, дауына араласу гимназиядағы сабағына көп кедергісін келтірді. Ауыл баласы әлеуметтік мәселемен генерал Самсонов алдына бірнеше мәрте барды. Ол барған сайын орыс озбырлығын Самсоновтың көзіне шығып көрсеткісі келеді. Алайда Самсоновтың жан дүниесі адалдық ауылынан алыс жатыр еді.

Ғалым Ә.Тәкенов пен М.Қойгелдиев жазғандай «Генерал іске тыңғылықты, орысша сауатты қазақ жігітін өз кеңесіне тілмаш етіп алмақшы болады». Бұл мәселенің бір қыры. Екіншісі – тіпті тереңде. Орыс өкілдері отарлау мен саясат ісінде өте тәжірибелі, жергілікті халық өкілдерінен шыққан талантты ноқталаудың сырт көз аңдамайтын нәзік жолдарын біледі. Тілмаштық Мұстафаға қимастық берген қызмет емес, дарынды жастың келешегін кесу еді. Себебі, ел арасындағы тілмаштар қоғамдық теңсіздікке араша түспей, ақша-пара жолымен азғындап, адамдық қасиеттерінен айырылып жатқанын сол кезде өмірдің өзі көрсетті. Сондықтан, Самсонов бұрқылдып шыққан қайнардың көзін көміп тастағысы келді. Өзара қырқысып жатқан орыс чиновниктері осы мәселеде бірауызды болатын. Генерал Самсонов сезімтал кісі екен, ол Мұстафаның келешегінен орыс отаршылдарына келер бір залалды сезді. Мұстафа Шоқайұлы Петербургке барып, оқуын жалғастырғысы келетінін айтып, - Заң факультетін қалаймын, - дегенде ішін тартып қалды. Петербургтегі заң университеті қазақтың баласы түгілі, орыстың қолына түспейтін оқу. Орыс отаршылары сауатысыз халыққа әділетті көрінуге ынталы, саналы, талантты қазақтың адамына аша таяқ қояды. «Тілмаш боласың ба?» - деп қамқорсыған Самсонов ақыры айтқаны болмағасын М.Шоқайға гимназиядан тиесілі алтын медалды, Зопрометов есімді орыс балаға бергізіп, бұған күміс медаль бермекші болады. Әділет жеңеді, адал азаматтар қолдауымен алтын медальін алған М.Шоқай орыс генералы қойған тосқауылмен өзі бетпе-бет кездеседі. Демек, Ташкенттің тұтқасын ұстап отырған генерал Самсоновтың Түркістан халықтарына деген пиғылы таза емес. Ал генерал орыс патшалығының өкілі. Бұдан Түркістанға Ресей жүргізіп отырған саясаттың күнгейі мен көлеңкесін бірдей аңғаруға болатын еді.

М.Шоқайдың Петербург университетінің заң факультетіне түсуі сол кез үшін үлкен дәреже. Бұған Орынбор генералы – губернаторы Перовскийдің ұсыныс хаты көмек болады. Бәрі бір реакцияшыл көзқарастағы губернатор ішікі саясаттағы ерекшеліктерді есепке алды. Әділет үшін айту керек орыс мемлекетінің билеуші топтары Түркістан тұрғысындағы отарлық саясат жүргізсе де, Петербургтың ғылым төңірегіндегі зиялы қауымы таланттарды бағалай білді.

М.Шоқай университетті 1917 жылы ақпан төңкерісіне бұрын бітірді. Зеректілігі арқылы универсиет қабырғасынан 7 тілді меңгеріп шықты. Оның ішінде қазақ, орыс, түрік, ағылшын, француз, неміс және поляк тілдері бар еді. Мұндай жетістік М.Шоқайдың мәдени көкжиегін кеңейте түскені мәлім. Ал, өмір тәжірибесінен, ұлтаралық саясаттың аса салмағын 1914 жылы думада Мұсылман фракциясына хатшы бола жүріп үйренді. Фракция Дума депутаты Әлихан Бөкейханның ұсынысымен келіп, Ахмет Байтұрсынұлы, Ш.Кәрі секілді қазақ зиялыларымен жақын танысады. Мұндағы қызметі де өз жерлестерін отаршылардың зорлық-зомбылығынан қорғау болады. Жазықсызды жаладан сақтау, әлсізді қорғау Мұстафаның мақсатына айналады.

Ресей патшалығының көзге көрініп тұрған бір зорлығы – қоныс аударған орыстарға көшпелі қазақтың жайылымы мен қыстауларын күшпен тартып алып бергені. Мұстафа мәселені сенатқа дейін апаратын. «Бастықтың пиғылы түзу болмаса, заңнан қайран жоқ» деп Бисмарк айтқандай, орыс мемлекетінің отарлау саясатына қарсы тұратын күш жоқ еді. Халық орыс патшасынан осы кезде күдер үзеді. кейін Марияға жазған хатында бала кезін еске алып: «Теміржол біздің ауылдан біраз қашық болатын. Жол басы телеграф бағаналары менжарысатынбыз. Үлкендер бізге осы сымдар арқылы орыс патшасы Николай тұратын қаламен сөйлесуге болатынын әңгіме қылып айтатын. Бар қолымыздан келетіні – бағаналарды қамшыларымызбен осып-осып жіберіп, патшаны сөгу ғана еді», - деп бала кездегі түйсігінің кейіннен расқа шыққанына таңданады. 1917 жылы университет бітіріп, кейбір тарихшылар «Ақпан төңкерісін қуаттап, ол еліне бостандық алып келеді деп түсінді. Эсерлер партиясына мүше болды» - деп жазғандай, Мұстафа Шоқай ұлттық саяси өмірдің тоқсан тарау айрығында тұр еді. Эсерлер партиясына мүше болғаны, болмағаны мұрағаттық деректер арқылы әлі ашылады. Бірақ патшалық Ресейдің аз санды ұлттарға қатысты саясатына М.Шоқай үзілді кесілді қарсы болды.

Тарихшы-ғалымдар М. Қойгелдиев пен А. Нүсіпханның «М.Шоқай және Түркістан» мақаласында: «1916 жылы Түркістандағы ұлт азаттық қозғалысты аяусыз басып жаншыған кезде демократиялық топтар үкіметке қарсы оппозиция құрып талқылады. Осы мәселе бойынша ресми баяндама дайындау үшін Түркістанға арнайы сапармен келген депутат эсер А.Ф. Керенский және фракция жетекшісі К.М. Тевкеловпен бірге мұсылман фракциясының хатшысы М.Шоқай да болады» - деп жазады.

Бұл М.Шоқайдың өз ұлтына араша түсудің бірден-бір жолы – түрлі партия, уақытша үкімет және эсер жұмысшы солдат кеңесімен түсінісу керек болады.Осының бәрі Орта Азияда өз тағдырын өзі шешетін Түркістан автономиясын құру мақсатында жасалған еді.

Құрылтайшылары Түркістан автономиясы деп, оған Сырдария, Ферғана, Самарқан уәлияты толығымен қатысса да, орыс большевиктер кемсітіп, «Қоқан автономиясы» деп атаған аз күндік жаңа құрылым Мұстафа Шоқай идеясының түпкі мақсаты болатын.

Мұстафа Шоқай Түркістан жамиғатының келешек өз тағдырын өзі анықтайтын жеке мемлекет болуын мақсат етіп қойды. Осы мақсатта ептеп уақытша үкіметтің аз айлық билігін пайдаланып қалғысы келді. Бірақ «ұлттың өзін-өзі билеу мүмкіндігін береміз» деген бірде бір орыс демократтарына сенген жоқ. «Олар үкімет басына келген соң сөзсіз айнып» кетеді деген пікірін сөз арасында түсіндірумен болды. Сондықтан Ресейден енші алуды қызбалыққа, үстірттікке, асығыстыққа ұрынбай жан жақты ойластырылған саясат жүргізу керек еді. Ресейдің «демократ» билеушілері іш тартып алмас үшін М. Шоқай «ұлттардың өз өзін билеуін», Ресеймен шекаралық, қаржылық және сыртқы саясатта бірлігін жоққа шығармайтынын дәлелдеп береді.

«Қоқан автономиясының» келешегіне М.Шоқай күмәнсіз сенді ме, күмәні болды ма, бірақ ол адам қолынан жасау мүмкін емес тарихи төтенше оқиғалардан үміттенеді. Адамды үміт жетелейді, үміт апатқа да соқтырады. Соның бәріне Мұстафа бастаған ұлтжанды азаматар басы қиып еді.

М.Шоқай Түркістан халқы арасындағы қоғамдық белсенділіктің, сауатың, ұйымшылдықтың, рулық жіктелетін қандай деңгейде екенін жақсы білді. Жаңа автономияда сот жүйесін қазылар алқасы, немесе шариғат жолымен жүзеге асыруды ұсынған кезде «руластық тамыр белен алып кетеді» деп бірден қарсы болған.

Мұстафа түркі тектес халықтың психологиялық дәстүрлі ерекшелігін жақсы білетін. Сондықтан жалпы мемлекеттік сот құруын ұсынды.

Қоқан автономиясының 1918 жылдың қаңтарында құлауына себеп көп. Жергілікті халықтан кең көлемде қолдау таппады. Уақытша үкіметпен сенімді байланыс жоқ. Ел ішінен іріткі салатын алуан түрлі қоғамдық қозғалыс өріс алды. Ең бастысы Петербургтен бастау алып, Ташкенде өрістеген жұмысшы-солдат депутаттарының үкіметі, Қоқан автономиясын Түркістан өңірінде қауіпті аймақтың бірі деп санап, көзін жаймаққа жанталаса кірісті. Ақыры, Қоқан автономиясы қанды қырғынға ұшырады. Соның салдарынан елде басшылық қозғалыс өріс алды. М. Шоқай сол күндер жайлы тарығып жазған бір мақаласында: «...Қоқан ұлттық үкіметінің большевиктерге қарсы күресі кезінде, яғни 1918 жылғы ақпанда, осыдан бір жыл бұрын Ақмешітте 1917 жылдағы мамыр айында орыс жұмысшы солдаттары қолына өліп кетсемші деп өкінгенім бар» деп жазады.

Мақала көлеміне М. Шоқайдың тарих бетіне таңбалы із болып қалған барлық қызметін түгелдеп беру мүмкін емес.1918 жылы Грузияда одан Түркияда кейін Париж бен Берлинге ұласқан қоғам қайраткерінің өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін өнегелі жол.

М. Шоқайға комунистік қоғам идеологтарының күллі Түркістанға жасап отырған зорлық-зомбылығы, қарапайым алаңда берген ақыреті оның өмірінің қайғысы, мұңы болды. Орыс демократтарына үміт артуы да үзілді кесілді тоқтады. Тіпті, сенімді деген Сұлтанбек Қожановтан «Қоқан автономиясының» мүшелеріне Кеңес үкіметі кешірім береді деген хабар тигенде де компартия басшыларына екіжүзділік саясатын күні ілгері біліп, елге оралмады. Грузияда «Вольный Горец», «Борьба», «На рубеже», Стамбулда «Жаңа Түркістан» кейіннен «Жас Түркістан»газет-журналдары арқылы күллі өмірін азаттық үшін күреске жұмсады. Ал, 1920 жылы Варшавада Сталиндік режимге қарсы Кеңес одағының қудалауына түскен ұлт зиялылары «Прометей» ұйымын құрған болатын. Ал, Варшавадағы шығыстану институты 1929 жылы «Кеңес одағының ішкі және сыртқы саясаты туралы» ғылыми теориялық конференция ұйымдастырды. «Сталин социализмі – тонаушылықты қамтамасыз ететін саяси жүйе» деген 1937 жылы жазған мақаласында Кеңес үкіметінің өз халқына жасаған тонаушылық саясатына экономикалық тұрғыдан талдау жасайды. Осылайша М.Шоқай Кеңес үкіметінің шетелдегі басты дұшпанына айналады. Білімі – терең, ақылы асқан қазақ перзенті түрік жамиғатының бірлігі мен коммунистік қоғамның халыққа тигізер ықпалы жөнінде ондаған мақала жазды. Мақала дерегі талдау мен таразылаудан тұрды. 1936 жылы КСРО конституциясындағы логикалық қайшылықтарды дәлме-дәл түсіндірді. Белсенді, саналы, ынталы азаматары ғана коммунистік ұйымдарға біріге алады» деген конституция бабын сөзбе-сөз жүйелей келе, «Компартияға кірмеген адамдар белсенді, ынталы және саналы болып саналмайды деген сөз. Ал КСРО-да коммунист емес адамдар халықтың 98 %» деп жазады. Сондай-ақ жеке адамның тарихтағы рөлін жоққа шығаратын марксизм идеяларын, Сталиннің жеке басқа табынушылығын атап көрсетіп береді.

М.Шоқайдың өмір жолы өнегеге толы болды. Бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған М.Шоқай 20 ғасыр кезеңінде адамзат баласының айтулы перзенті болды. Оның бойында біз біліп үлгірмеген, тарихымен таныспаған талай рухани қазыналар жатыр. Ол Түркістан халқын орыс диктатурасынан қорғауға күш салды, бірақ озық және адал ойлы славян халқының өкілдері Я.Газовский, И.Пильсудский, В.Чайкин, В.Наливкинге деген құрметі ерекше еді. Өмірлік досы Мария Яковқызы да орыс ұлтынан болатын.

М.Шоқай осынау таза табиғи қалпымен, көптің көзі жетпейтін шың басындағы шынар секілді еді. Тамырын тасқа жайған шынар жалғыз өседі, жүзін күн сүйіп, жапырағын жел тарайды. Діні қатты болады. Шыңдағы шынар секілді М.Шоқай да жиырмасыншы ғасырдан өтіп, асыл ой, азаматтық қалпымен жиырма бірінші ғасырға келді.

Эмиграциядағы өмірі

Ножан-Сюр-Марн қаласындағы Мұстафа Шоқай бюсті

Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады.

Эмиграциядағы көп уақытын Франция астанасы Париждің маңындағы Ножан-Сюр-Марн қаласында өткізген. 2001 жылы сол кезде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің бастамасымен Мұстафа Шоқай тұрған Ножан-Сюр-Марн қаласындағы Square de la Fontaine көшесі 7 үй мекенжайында қайраткерге арнап бюст қойылған. Мұстафа Шоқайдың Ножан-Сюр-Марн қаласында тұрған мекенжайлары:

1) 1923–1930 жылдары: Rue Bauyn de Perreuseі16 үй;

2) 1930-1933 жылдары: Парментьер көшеі 48 үй (48 Rue Parmentier)

3) 1933 - 1941 жылдары: Square de la Fontaine көшесі 7 үйдің 4-қабатта орналасқан 42-пәтері. Осы үйде Мұстафа Шоқайдың әйелі Мария Шоқай 1969 жылға дейін қайтыс болғанша тұрған.

Жеке өмірі

Мария Горина-Шоқайдың Шель қаласындағы қабірі

Мұстафа Шоқай жарының есімі Мария Горина. Ол 1969 жылы қайтыс болып, Шель қаласындағы зиратқа жерленген. Құлыптасына "Marie Gorina-Tchokaiff 22-2-1888 – 1969" деп жазылған (координаты: 48.8827708, 2.6023871).

Шоқай мен Үшінші рейх

Кеңестікке қарсы көзқарасы бар еуропалық саяси ортада осындай танымал адам шығыста үлкен жоспарлары бар фашистердің назарын аударады. Билікке келген Адольф Гитлер Кеңес Одағының аумағы есебінен «неміс өмір сүру кеңістігін» едәуір кеңейтуді жоспарлады және антисоветтік ұлттық кадрлардың маңыздылығын түсінді. Сонау 1933 жылы Шоқай Берлинге шақырылды, кейіннен басып алынған шығыс аумақтарының империялық министрлігінің саяси бөлімінің меңгерушісі, доктор Георг Лейббрандтпен кездесті. Кейіннен, Шоқай «Reichsleiter департаментімен тығыз байланыста жүргізу пайдасына сөз сөйледі Альфред Розенберг».

Соғыстың алдында да Орта Азия эмиграциясының барлық өкілдері Шоқайға оң көзқараспен қараған жоқ. Осылайша, Николай Хан Ёмудский ( Түркістан легионын құруға қатысушы ) Шоқайды „Түркістанның жалғыз өкілі“ ретінде көрсетіп, «Германияның жауы» деп атады.

1939 жылға қарай фашистер миллиондаған болашақ кеңестік әскери тұтқындарды ұстау үшін бірнеше концлагерь дайындады.

Шабуыл күні 22 маусымда 1941, жылы Фашистер Парижде көптеген көрнекті орыс эмигранттар тұтқындалып оларды түрмеге Компьен. Шоқай да сол жерде болды. Үш аптадан кейін оны Берлинге апарып, бір жарым ай өңдеп, Түркістан легионын басқаруды ұсынды, ол концлагерьлерде отырған тұтқындалған кеңес түріктерінен алынуы жоспарланған болатын. Немістер Шоқайдың билігіне сенді. Легион Кеңес әскерлеріне қарсы Шығыс майдандағы шайқастарда неміс бөлімшелерін ішінара алмастыруы керек еді. Шоқай оны осы лагерьлердегі отандастарының ұстау жағдайымен таныстыруды талап етті және тікенек сымның артындағы азиялықтардың адамгершілікке жатпайтын жағдайына таң қалды. 1941 жылдың күзінде Сувалки, Вустрау және Честочованың концлагерьлеріне барғаннан кейін Мұстафа: «Сталин мен Гитлер - зұлым адамдар» деп жазды. Жерлестерінің тағдырын қалай да жеңілдету және олардың өмірін құтқару үшін Шоқай неміс билігіне ымыраға келуді ұсынды.Ол өз шарттарын қойды:

  1. Германияның оқу орындарында болашақ Түркістан мемлекетіне кадрлар дайындау;
  2. Тұтқындағы отандастарының арасынан әскери құрылымдар құру, олар Түркістан шекарасына жақындағанда ғана қолданылуы тиіс.

Осылайша ол нацизммен ықтимал ынтымақтастықтан Түркістанға аз да болса пайда алуға тырысты, бірақ бас тартты, өйткені Гитлер Түркістан легионына тек «зеңбірек жемі» ретінде қызығушылық танытты. Содан кейін ол Үшінші Рейх Сыртқы істер министрлігіне хат жазды Группенфюрер С.С. Йоахим фон Риббентроп, бұл жолдар қайда:

«... Гете, Фейербах, Бах, Бетховен, Шопенгауэр сияқты данышпандарды тәрбиелеген ұлт өкілдерінің әскери тұтқындарға қалай қарайтынын көріп ... Түркістан легионын басқарып, одан әрі бас тарту туралы ұсынысты қабылдай алмаймын. ынтымақтастық. Мен шешімімнің барлық салдары туралы білемін.»

Мұстафа Шоқайдың Берлиндегі қабірі

Салдары тез келді. Шокайды қолдануға болмайтынын түсінген неміс басшылығы оны алып тастауды шешеді. 1941 жылы 22 желтоқсанда Гитлер Түркістан мен басқа ұлттық легиондарды құру туралы декретке қол қойды. Сондықтан Шоқайдың оларды жасауға еш қатысы жоқ. Ол сол кезде Берлиннің «Виктория» ауруханасында болған. 1941 жылы 27 желтоқсанда ол жоқ болды. Ресми есепте оның «іш сүзегінің дамуынан қан уланудан қайтыс болғаны» айтылады, ол концлагерьлерге барғанда жұқтыруы мүмкін еді. Бірақ улану кезінде де дәл осындай белгілер болуы мүмкін. Бұған қоса, Мария Горина-Шокай өз естеліктерінде Мұстафаның Түркістанда сүзекпен ауырғанын айтқан .және оның иммунитеті болуы керек еді. Шоқай 1942 жылы наурызда құрылған Түркістан легионын басқарған және Горинаның айтуы бойынша сәнді өмір салтын ұстанған өз серігі өзбек Вели Каюмды уландырды деп күдіктенді .

Мұстафа Шоқай Берлиндегі түрік мұсылман (Осман) зиратында жерленген. М.Шоқайдың әйелі Мария Яковлевнаның өсиетімен қайтыс болған күннің астындағы құлпытаста үш латын әрпі мен төрт сан бар: JOH.15.13. Олар Джон Инжилінің он бесінші тарауының он үшінші тармағын көрсетеді, онда:

«Достар үшін жанын берген адамнан артық махаббат жоқ.»

Афоризмдері

  • Ұлтқа пайдалы адам келсе, бәрiнен бұрын орыс өкiметiнiң атамекенiмiздегi жер саясатын мұқият зерттеп үйренуге тырысыңыз. Сiзге не iстеу керектiгiн осы саясаттың өзi-ақ көрсетiп бередi.
  • Бiз, әрине, өзiмiздiң атамекенiмiз Түркiстанды кеңестiк Ресейден де, басқа Ресейден де бiржола бөлiп алуды мақсат етемiз. Бұл – бiздiң ұлттық мұратымыз, ұлттық арман-мүддемiз. Бiз тек осы идея үшiн қызмет етемiз. Атамекенiмiздiң iшiндегi және сыртындағы барлық ұлттық күштерiмiздi осы идея төңiрегiнде топтастыруға барынша тырысамыз.
  • Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсiздiгi болуы мүмкiн бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, бiлмейдi де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесi. Ал ұлттық рухтың өзi ұлт азаттығы мен тәуелсiздiгi аясында өсiп-дамиды, жемiс бередi.
  • Ұлттық рухтың негiзi – ұлттық тiл.
  • Бiз құл болып тұра алмаймыз. Бiз ұлт азаттығымызды аламыз.
  • Әрбiр өсетiн адам басынан өткенiн балалық шағын еске алса да, сол балалыққа қайтқысы келмейдi.
  • Бәрiнен бұрын өз қатарымызды, түркiстандық бiрлiгiмiздi күшейтейiк. Түркiстанның жұдырықтай жұмылған ұлттық бiрлiгiн Ресейден айрылу үшiн күресiп жатқан басқа халықтардың ұлттық майдандармен тығыз үйлестiре отырып, орыс империализмiне қарсы қуатты күш ұйымдастырып, бiрге қимылдайық. Орыс империализмiне қарсы күрес майдандағылардың ұлтын, дiнiн, нәсiлiн, партиясын тергеп-тектемейiк, алаламайық. Тек осындай жол ғана бiздi ұлттық азаттыққа жеткiзе алады… Бұдан басқа жолдардың барлығы алдамшы, тұйық… Өзiнiң iшкi бiрлiгiн нығайта алған халықтар ғана тәуелсiздiгiне қол жеткiзе алады. Және оны қорғап қала алады.
  • Ағалар, қыпшақ деген ұлт болмайды, қазақ деген ұлт бар. Егер әрқайсымыз бөлiнiп, қыпшақтың көсемi, арғынның көсемi, үйсiннiң көсемi болып жатсақ, бiздiң халық азады.
  • Төлқұжат деген нәрсе «ұлт» бермейдi, оның «ұлтын» өзгерте алмайды. Төлқұжат деген нәрсе сол төлқұжат иесiнiң оны берушi үкiметке тәуелдi екенiн ғана куәландырады.
  • Ылғи да Отаныма қайту ойында жүремiн және соған жету үшiн тырысамын. Демек, атамекенiмдi құтқару үшiн күресемiн.
  • Кеңестiк ұлт саясаты бiздi «балғасымен» жаншып, «орағымен» орып тастады.
  • Сiздер, немiстер өздерiңiздi «Еуропадағы ең мәдениеттi халықпыз» деп санайсыздар. Егер сiздердiң мәдениеттерiңiз менiң көрiп жүргендерiм болса, онда мен сiздерге тұтқындардың шеккен азабын көрулерiңiздi тiлеймiн. Сiздер XX ғасырда өмiр сүре отырып, ХIII ғасырда Шыңғыс ханның жасаған зұлымдығынан асып түстiңiздер. Мәдениеттi халық екендiктерiңiздi айтуға хақыларыңыз жоқ. Егер, сiздер, осыған байланысты маған «ату» не «асу» жазасын берсеңiздер, қарсылығым жоқ. Мұндай мәдени қоғамда өмiр сүргеннен гөрi өлгенiм артық.
  • Бiз, Түркiстан тәуелсiздiгiн жақтаушылар, елiмiздiң еркi үшiн және жұртымыз Түркiстанның бодандықтан құтылуы үшiн күресемiз. Түркiстандықтарда бұдан басқа жол болмаған. Қазiр де жоқ және бұдан соң да болмайды… Бiздiң мұратымыз Түркiстанда түрi жағынан да, мазмұны жағынан да ұлттық болатын мемлекеттiк құрылымға қол жеткiзу болмақ. Сонда ғана халқымыз өз жерiнiң нағыз қожасы бола алады.
  • Қазақпын деп мақтануды ар көретiн, қазақтың тiлiнде сөйлеудi масқаралық көретiн салт қайдан шығып отыр? Балалардың көбi не қазақ, не орыс болып тәрбиеленбей, шөре-шөре бiрдеме болып өсiп жатқанын неге көрмейсiңдер?
  • Өзiнiң iшкi бiрлiгiн нығайта алған халықтар ғана тәуелсiздiгiне қол жеткiзе алады және оны қорғап қала алады.
  • … ұлттық еркiндiк пен азаттыққа талпыну табиғаттың болмай қоймайтын заңы тәрiздi нәрсе.
  • Бiз жеке тұлғалардан жоғары тұрған ұлттық мұраттарға сүйенемiз.
  • Жалпы адамгершiлiк және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ, болмайды да.
  • Тарих рақымсыз. Ол – ғұламаны да, бiлгiрдi де, өнер иесiн де, хандар мен патшаларды да аямайды. Ол өз заңына қарсы келгендердiң бәрiн езiп-жаншып жүре бередi. Тарих заңдары керi қайтуды бiлмейдi және оны жаратпайды.
  • Атамекендi сүю – оның тұтас мүддесiне қызмет ету, осы жолда әрқашан қызмет етуге, керек болса жанпида қылуға дайын тұру болып табылады.
  • …ұлттық мүдде жеке топтар мүддесiнiң жиынтығынан тұрмайды.
  • Бiздiң шын жүректен және асыға күтерiмiз бiр ғана нәрсе, ол атамекенiмiздiң орыс пролетариаты диктатурасынан құтылуы. Бiз барлық жерлестерiмiздi осы ұлттық мұратымыз жолында бiр жан, бiр тән болып жұмылуға шақырамыз.
  • Тәуелдiлiгiн жалпы ұлт мүддесi тұрғысына сәйкес, ұлттың жалпы жағдайына үйлесетiн түзiм жолында құрбан ете бiлген адамдар ғана нағыз ұлттық патриот және ұлтқа пайдалы қызметшi бола алады.
  • Мақтаға қарсы күресте бидаймен қаруланыңыз. Шет ел үстемдiгiнен құтылудың алғашқы қадамы шет елге астық тәуелдiлiгiнен құтылу болмақ.
  • Атамекенiмiздiң ұлттық құқығы жолында жүргiзiп жатқан күресiмiз, тiптi, кейде «демократияның шекарасын» аттап кеткен күннiң өзiнде ешкiм бiздi шовинизммен айыптауға қақысы жоқ[6][7][8] Д[9][10][11][12][13][14]

Сілтемелер

Дереккөздер

  1. Орта Азияның тұңғыш саяси эмигранты  (қаз.). «Егемен Қазақстан» (3 қазан 2021). Тексерілді, 5 қараша 2022.
  2. Түркістан автономиясы. Азаттық радиосы (28 қараша 2017). Тексерілді, 5 қараша 2022.
  3. Члены народного совета правительства Алашорды | Алаш Орда.(қолжетпейтін сілтеме)
  4. Алашорда Үкіметінің Толық Құрамына Кімдер Мүше Болды?.(қолжетпейтін сілтеме)
  5. https://articlekz.com/kk/article/15529
  6. .Байбот Кошым-Ноғай Серiкбай-ұлы. "Мұстафа Шоқай. Түркістаннын қилы тағдыры". Алматы, "Жалын", 1992.
  7. "Мұстафа Шоқай. Мария Шоқай. Естеліктер" (құрастырған Ә. Такенов, М. Койгельдиев), Ыстамбұл, 1997.
  8. "Мұстафа Шоқай. Тандамалы" (аударып құрастырған Айтан Нүсіпхан), 1-2 том, Алматы, "Кайнар", 1998-1999.
  9. архан Кыдырәлі. "Мұстафа Шоқай: өмірі, танымы, күресі", Анкара, 2001 (түрік тілінде).
  10. Әбдіуақап Қара. "Мұстафа Шоқай", Алматы, "Арыс", 2004.
  11. Әким Тарази. "Мұстафа Шоқай". Алматы, "Жазушы", 2008.
  12. Кошым Есмағамбетов. "Әлем таныған тұлға". Алматы, "Дайк-пресс", 2008.
  13. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
  14. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9

Read other articles:

Новые земли и Берлин Новыми землями (нем. neue Bundesländer) в современной Германии (ФРГ) (в противоположность старым землям) называют федеральные земли — государства Германии, образованные на территории бывшей ГДР (Восточной Германии) после вхождения ГДР в состав ФРГ в 1990 год...

 

Parque Lineal Gran Canal UbicaciónPaís MéxicoLocalidad Ciudad de MéxicoFechas destacadasInauguración 15 de agosto de 2021[editar datos en Wikidata] El Parque Lineal Gran Canal es un parque urbano alargado con forma de línea recta de más de 5.6 km de longitud situado en la ciudad en la Ciudad de México.[1]​[2]​ Construido en lo que fue el antiguo Gran Canal del Desagüe, actualmente se ubica un espacio público recuperado que abarca de la Terminal de Autobuses de ...

 

Does Humor Belong in Music?Album live karya Frank ZappaDirilisJanuari 1986Direkam8 Oktober 1984 – 23 Desember 1984GenreRockDurasi61:41LabelEMIRykodiscProduserFrank ZappaKronologi Frank Zappa Frank Zappa Meets the Mothers of Prevention(1985)Frank Zappa Meets the Mothers of Prevention1985 Does Humor Belong in Music?(1986) The Old Masters Box Two(1986)The Old Masters Box Two1986 Templat:Extra album cover 2 Does Humor Belong in Music? adalah album live oleh Frank Zappa, direkam antara Oktob...

Berikut ini adalah daftar stasiun radio di provinsi Jawa Barat. Bandung dan Cimahi AM Logo Frekuensi Nama Nama Perusahaan Jaringan Pemilik Sinyal modulasi amplitudo (AM) 540 KHz RRI Pro 4 Bandung LPP Radio Republik Indonesia Jawa Barat RRI Programa 4 Radio Republik Indonesia dan Pemerintah Provinsi Jawa Barat 702 KHz Bravo Medika Radio 1458 KHz Radio Fajri PT Radio Swara Cakrawala Sangkuriang 1476 KHz Radio Tarbiyah Sunnah Radio Rodja 1116 KHz Radio Barani PT Radio Siaran Pendidikan Barani 86...

 

Cover of folio edition, art by Tim Kirk (1977) Sauron, subtitled The Battle for the Ring, S.A. 3434, is a licensed board wargame published by Simulations Publications, Inc. (SPI) in 1977 that simulates the battle between Sauron and the Last Alliance of Elves and Men mentioned in the fantasy novel The Lord of the Rings by J.R.R. Tolkien. Description Sauron is a two-player wargame that deals with the battle at the end of the Second Age between an army of monsters led by Sauron, and the Last All...

 

Un match de Test cricket en 2006. Le Test cricket est une forme de cricket disputée au niveau international. C'est la forme la plus longue de jeu : un test-match est limité à cinq jours de durée. Seules douze sélections nationales sont habilitées par l'International Cricket Council à pratiquer le Test cricket. La première rencontre de ce genre a été disputée en 1877. Le Test cricket est une forme de first-class cricket. Origine du terme Le premier emploi du mot « test...

This article is about an Earth observation space instrument. For other uses, see Iasi (disambiguation) and Jassy. The infrared atmospheric sounding interferometer (IASI) is a Fourier transform spectrometer based on the Michelson interferometer, associated with an integrated imaging system (IIS).[1] As part of the payload of the MetOp series of polar-orbiting meteorological satellites, there are currently two IASI instruments in operation: on MetOp-A (launched 19 October 2006) and on M...

 

Октет — термін, який має кілька значень. Ця сторінка значень містить посилання на статті про кожне з них.Якщо ви потрапили сюди за внутрішнім посиланням, будь ласка, поверніться та виправте його так, щоб воно вказувало безпосередньо на потрібну статтю.@ пошук посилань сам...

 

German television presenter, producer, and journalist This article's lead section may be too short to adequately summarize the key points. Please consider expanding the lead to provide an accessible overview of all important aspects of the article. (March 2021) Günther JauchJauch in 2019BornGünther Johannes Jauch (1956-07-13) 13 July 1956 (age 67)Münster, West GermanyOccupation(s)Television presenter, television producer, journalistSpouseDorothea Thea JauchParentErnst Alfred Jauch (d....

1987 video gameChina WarriorFront cover of China Warrior package.Developer(s)Hudson SoftPublisher(s)Hudson Soft, NECComposer(s)Daisuke InouePlatform(s)TurboGrafx 16/PC Engine, Virtual Console, PlayStation Network, Mobile phoneReleaseJP: November 21, 1987US: November 1989[1][2]Genre(s)Beat 'em upMode(s)Single player China Warrior, known as The Kung Fu[a] (THE 功夫) in Japan, is a beat 'em up video game created in 1987 by Hudson Soft for the PC Engine/TurboGrafx-16. ...

 

British TV series or programme The UninvitedEpisode 1 Title CardCreated byLeslie GranthamWritten byPeter BowkerDirected byNorman StoneStarringDouglas HodgeLeslie GranthamLia WilliamsSylvestra Le TouzelDavid AllisterIan BrimbleCaroline Lee-JohnsonGillian BargeEamon BolandComposerMartin KiszkoCountry of originUnited KingdomOriginal languageEnglishNo. of series1No. of episodes4 (list of episodes)ProductionExecutive producersArchie TaitLeslie GranthamProducerRuth BoswellCinematographyDoug Ha...

 

PobedaПобеда Logotyp w wersji łacińskiej i cyrylicznej IATADP ICAOPBD ZnakPOBEDA Historia Data założenia 16 września 2014 Rozpoczęcie działalności 1 grudnia 2014 Lokalizacja Państwo  Rosja Węzeł Moskwa-Wnukowo Węzeł rezerwowy Soczi-Adler Anapa Kaliningrad Główne porty lotnicze Moskwa-Wnukowo Flota Liczba samolotów 25 Liczba tras 26 Przedsiębiorstwo Siedziba Moskwa, Rosja Członkowie zarządu Andrei Kalmykov (prezes) Multimedia w Wikimedia Commons Strona internetowa...

Yenişehir Hilfe zu Wappen Yenişehir (Bursa) (Türkei) Lage von Yenişehir innerhalb von Bursa Basisdaten Provinz (il): Bursa Koordinaten: 40° 16′ N, 29° 39′ O40.26416666666729.650833333333231Koordinaten: 40° 15′ 51″ N, 29° 39′ 3″ O Höhe: 231 m Telefonvorwahl: (+90) 224 Postleitzahl: 16 900 Kfz-Kennzeichen: 16 Struktur und Verwaltung (Stand: 2021) Gliederung: 71 Mahalle Bürgermeister: Davut Aydın (MHP) Postanschrift: U...

 

Pertempuran antara suku Lapith dan para kentaur. Dalam mitologi Yunani, Suku Lapith (bahasa Yunani Kuno: Λαπίθαι) adalah kelompok etnis yang tinggal di daerah Thessalia, di lembah Peneios[1] dan di gunung Pelion. Mereka termasuk dalam suku Aiolia. Seperti halnya suku Mirmidon dan suku-suku lainnya di Thessalia, suku Lapith berasal dari masa pra-Hellen. Suku Lapith mengirim empat puluh kapal dalam Perang Troya, dengan Polipoites (putra Pirithos dan Leonteos) sebagai komandan...

 

У Вікіпедії є статті про інші значення цього терміна: Оберон. Оберон Оберон Дані про відкриття Дата відкриття 11 січня 1787 Відкривач(і) Гершель Планета Уран Номер Орбітальні характеристики Велика піввісь 583 520 км Орбітальний період 13,46 діб Ексцентриситет орбіти 0,0014 Нахил ор...

Airport in Saint Thomas, U.S. Virgin IslandsCyril E. King AirportIATA: STTICAO: TISTFAA LID: STTSummaryAirport typePublicOwnerVirgin Islands Port AuthorityLocationSaint Thomas, U.S. Virgin IslandsFocus city forAir SunshineElevation AMSL24 ft / 7 mCoordinates18°20′14″N 064°58′24″W / 18.33722°N 64.97333°W / 18.33722; -64.97333Websiteviport.comMapSTTLocation in the Virgin IslandsRunways Direction Length Surface ft m 10/28 7,000 2,134 Asphalt Sta...

 

5th century kingdom of early Germanic tribes Kingdom of the BurgundiansRegnum Burgundionum (Latin)[1]411–534The First Kingdom of the Burgundians, after the settlement in Eastern Gaul from 443Capital Borbetomagus (411–437) Genava (443) Common languages Burgundian Ecclesiastical Latin (liturgical/many official documents) Vulgar Latin (After conversion to Chalcedonian Christianity) Religion Arianism (Early) Chalcedonian Christianity (Official after conversion) GovernmentMon...

 

Animated television series This article relies excessively on references to primary sources. Please improve this article by adding secondary or tertiary sources. Find sources: The Zula Patrol – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (February 2021) (Learn how and when to remove this template message) The Zula PatrolGenre Animation Science fiction Adventure Created byDeb M. ManchesterWritten by Cydne Clark Nicole Dubuc Simon Jowett Directed by Brai...

This article has multiple issues. Please help improve it or discuss these issues on the talk page. (Learn how and when to remove these template messages) This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Can't Stop the Shine – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (June 2014) (Learn how and when to remov...

 

Artikel ini sebatang kara, artinya tidak ada artikel lain yang memiliki pranala balik ke halaman ini.Bantulah menambah pranala ke artikel ini dari artikel yang berhubungan atau coba peralatan pencari pranala.Tag ini diberikan pada Februari 2023. Kepulauan Riau dapat merujuk pada: Kepulauan Riau, adalah provinsi di Indonesia. Kepulauan Riau (daerah pemilihan), daerah pemilihan di Provinsi Kepulauan Riau, Indonesia. Kabupaten Bintan (sebelumnya bernama Kabupaten Kepulauan Riau), kabupaten di Pr...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!